Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін байқау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың ақпараттық мәдениеті қалыптастыру.
Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта
алуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: презентация, физикалық приборлар физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар.
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.
Формасы: сайыс
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қазанның 16-22 аралығында мектебімізде «МИФ» математика, информатика, физика апталығы өтуде. Соған орай 7-11 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғажайып физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
БАРЫСЫ:
Сайыстың шарттары:
ТАНЫСТЫРУ (әр оқушы өзін таныстырады);
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
«КІМ ТАПҚЫР!»
«ЗЕРТТЕУ!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
«СЕРГІТУ СӘТІ» (АЛ ЕНДЕШЕ!),
«СӨЙЛЕ ҚЫЗЫЛ ТІЛ» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Физика және информатика пәнінің оқытушысы Харахаз Айнұр
7,8,9,10,11 сыныптар
Тақырыбы «Ғажайып физика»
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін байқау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың ақпараттық мәдениеті қалыптастыру.
Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта
алуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: презентация, физикалық приборлар физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар.
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.
Формасы: сайыс
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қазанның 16-22 аралығында мектебімізде «МИФ» математика, информатика, физика апталығы өтуде. Соған орай 7-11 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғажайып физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
БАРЫСЫ:
Сайыстың шарттары:
ТАНЫСТЫРУ (әр оқушы өзін таныстырады);
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
«КІМ ТАПҚЫР!»
«ЗЕРТТЕУ!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
«СЕРГІТУ СӘТІ» (АЛ ЕНДЕШЕ!),
«СӨЙЛЕ ҚЫЗЫЛ ТІЛ» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);
1.ТАНЫСТЫРУ
2.«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар).
Біздің ғаламдағы жұлдыздар саны
Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі
Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды?
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым.
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы?
Физика не туралы ғылым?
Температураның шкаласы?
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды?
Жылдамдық қандай прибормен өлшенедІ?
Жылу мөлшерінің халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі?
Ауаның қысымын анықтайтын құрал
Судың меншікті жылу сыйымдылығы–
Келвин шкаласында судың қату температурасы –
Конвекция дегеніміз не?
Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі
3. «КІМ ТАПҚЫР!»
1. 10 Ғалымдар - Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым.
( М.В.Ломоносов)
2. 20 Ғалымдар – Заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған грек ғалымы . (Демокрит)
3. 30 Ғалымдар – 1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім? (Н.Армстронг пен Э.Олдрин)
1. 10 Өлшем бірлік - м/с қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі. (жылдамдықтың)
2. 20 Өлшем бірлік - м2 қандай шаманың өлшем бірлігі. (аудан)
3. 30 Өлшем бірлік – кг қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі (масса)
1. 10 аспаптар – Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған аспап. (мензурка).
2. 20 аспаптар - дененің массасын анықтауға арналған құрал. (таразы)
3. 30 аспаптар – күшті өлшейтін аспап. (динамометр)
1. 10 Салт-дәстүр – Айтыстың ен көне түрі (Бәдік)
2. 30 Салт дәстүр - Өмілдірік деген не? (Ер тұрман әбзелі)
4. 40 Салт-дәстүр Үш қуатты ата (ақыл, жүрек тіл)
4. «ЗЕРТТЕУ!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
ТАПСЫРМА : ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАҒЫ 1-10 ЗЕРТТЕУ ТАПСЫРМАСЫНАН ТАПСЫРМА ТАҢДАЙДЫ ОҚУШЫЛАР
.
6. СЕРГІТУ СӘТІ.
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын
Менің атым Медет Менің тəтемнің бір ғана інісі бар. Менің тəтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
Тік төрбұрышты бөлмеге əрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
Бөлмедегі əр бұрышта бір мысықтан жəне оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
7. «СӨЙЛЕ ҚЫЗЫЛ ТІЛ» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);
Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай,орыс тілінде – 10 ұпай,ағылшын тілінде – 10 ұпай.
Сұрақтар:
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)
2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
4. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
5.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)
ЕНДІГІ КЕЗЕГІМІЗДІ ӘДІЛ ҚАЗЫЛАРҒА БЕРЕЙІК!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ КЕЗДЕСКЕНШЕ КҮН СӘТТІ БОЛСЫН