Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу. Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт - дәстүрлері мен мақал - мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой - өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Физика біздің өмірде"»
"Физика біздің өмірде"
Мақсаты:
Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу. Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт - дәстүрлері мен мақал - мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой - өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.
“Молекула” тобына арналған сұрақтар 1. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (Жылулық қозғалыс ) 2. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы(Диффузия) 3. Дененің температурасын өлшейтін құрал (Термометр ) 4. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура (- 273, 15°С ) 5. Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі (Конвекция ) 6. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Джоуль(Дж) ) 7. Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін қолданылатын формула (Q=qm ) 8. Заттың агрегаттық күйлері (Қатты, сұйық, газ ) 9. Сұйықтың буға айналу құбылысы (Булану ) 10. Сұйықтың бетінде жүретін булану (Кебу )
11.Алма түсіп басына Басына емес қасына Тартылыс заңын таптым деп Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)
12.Қалай 10м сатыдан секіріп жараланбауға болады? (1 сатысынан секіру керек) 13. Аспан неге көк? (Ауа қабаты көк түсті жақсы ұстап қалады) 14.Радионы кім ойлап тапқан, туған күні қашан? (1895ж 7 мамыр А. С.Попов) 15. Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (Құс жолымен)
“Атом” тобына арналған сұрақтар 1. Механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі (Кинематика) 2. Материяның негізгі қасиеттерінің бірі (Қозғалыс ) 3. Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар (Векторлық шамалар ) 4. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар (Скалярлық шамалар ) 5. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (Үдеу ) 6. Еркін түсу үдеуі нешеге тең? (g=9. 8м/с2 ) 7. Периодқа кері шама (Жиілік ) 8. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты (Айналу периоды ) 9. Денелердің Жерге тартылу күші (Ауырлық күші ) 10. Күшті өлшейтін физикалық прибор (Динамометр ) 11. Ашық ыдыстағы су неге азаяды, қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (Кебу) 12.Елеуішпен су әкелуге болама? (иа, қар ж/е мұз күйінде) 13.Меганьютонда қанша Ньютон бар? (106 Н) 14.Суда қандай тастар болмайды? (құрғақ) 15. Ғарышкерлер күні қашан? (12 сәуір) 3.“Ойымды жалғастыр”
мақал - мәтелдердің жалғасын табу 1. Білекті бірді жығар.... Білімді мыңды жығар 2. Бір елі ауызға... Екі елі қақпақ 3. Жүз сомың болғанша... Жүз досың болсын 4. Отыз тістен шыққан сөз.... Отыз рулы елге тарайды 5. Бір кісі қазған құдықтан... Мың кісі су ішеді 6. Жеті жұрттың тілін біл... Жеті түрлі білім іл 7. Екі жақсы қас болмас... Екі жаман дос болмас 8. Білгенің бір тоғыз... Білмегенің тоқсан тоғыз 4. Физикалық жұмбақтар 1. Өзі затты құрайды, Теңесуге таразыны сұрайды (Масса ) 2. Тіршіліктің қамы үшін, Жоқшылықты түзейді, Егер іскер жан үшін, Жоқшылықты тежейді (Жұмыс) 3. Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсең егерде, Басқа күйге ауысса, Жұмыс істейді, әрқашан (Энергия) 4. Қозғалысқа келтіріп, Жылдамдығын береді, Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға ол келеді. (Күш) 5. Пайдаланады мені жұрт, Отын және жарыққа, Қызмет етем әрқашан, Түсіне білген халыққа (Ток көзі) 6. Бойындағы зарядты, Ұзақ уақыт сақтайды Реленің күшінен Бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор) 7. Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсең егер де. Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан (Энергия ) 8. Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланады күн сайын жарық үшін (Шам ) 5. «Теориктер сайысы» кезең (Тақтада Г. Ом, И. Ньютон, Ш. Кулон, Э. Ленц, П. Джоуль, аттары жазылып тұрады. Осы ұлы ғалымдардың заңдарын атап, формуласын жазып береді.) И. Ньютон заңы - І тек инерциалды санақ жүйесінде орындалады. ІІ үдеу күшке тура пропорционал, дененің массасына кері пропорционал: a=F/m. ІІІ әрекеттесуші күштер модульі жағынан тең, бағыты жағынан қарама - қарсы болады. Г. Ом заңы - тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал: I=U/R Ш. Кулон заңы – қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі: F=k*q1*q2 / r2 Джоуль - Ленц заңы - өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал: Q=I2Rt 6.кезең. «Ізденушілер сайысы»: Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер 3- команда шамалардың атын жазып шығып, әрбір команда өлшем бірлігін жазып көрсетеді. 1-команда. 1.U – кернеу, ішкі энергия; ----------- кернеу – «В», ішкі энергия «Дж»; 2.T – температура; ---------------------- температура – «К, 0С»; 3.R – кедергі; ----------------------------- кедергі - «Ом»; 2-команда. 1.F – күш; ---------------------------------- күш – «Ньютон»; 2.Q – жылу мөлшері; ------------------ жылу мөлшері – «Дж»; 3.A – Жұмыс; ----------------------------- жұмыс – «Дж»; 7-кезең. «Тарихшылар »:
Молекула тобына. (М. В. Ломоносов) Архангельск қаласның маңайындағы орыс деревнясында 1711ж 19 қарашада дүниеге келген. Алғашқы орыс жоғары оқу орнында оқыған. Оны танығын кісі “Энцоклопедия” деп атаған. Физика терминін ең алғаш орыс тіліне енгізген ғалым кім?
2. (И. Ньютон) Өзінің ғылыми жұмыстары үшін ағылшын физигі “Рыцарь титулын”алған. Философ Гегель деген ғалым былай қалжындайтын: “Әлемдіқұртқан үш алма: Адам алмасы, Париж алмасы және оның алмасы” Әңгіме қай ғалым туралы айтылған? 2.Атом тобына. 1. (Г. Галилей) Негізгі тәрбиені шіркеуден алған, білімін Пиза университетінің медициналық факультетінде жалғастырды. Содан кейін математика мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол 1692ж қайтыс болды. 100ж өткен соң 1737ж оның мәйітін өсиеті бойынша Флоренцияға Микеланджелоның жанына көшірді. Тек 300ж өткеннен кейін Рим папасы оның айтқаны дұрыс деп жариялады. Ол алғашқы телескопты ойлап тапқан. 2.Бұл қай ғалым? (Б. д. д 272 - 212 өмір сүрген Сиракус ғалымы Архимед) Ежелгі грек ғалымы “Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны мен Жерді көтеріп беремін” деген сөзімен тарихта қалған. Ол кім? Қай елдің ғалым? 8-кезең.Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі.
Жүргізуші: Ал енді топ басылары сөз сендерге. Сіздер әр қайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зиянын жайлы сөз айтасыңдар.
9-кезең. Қорытынды.
жүргізуші: сонымен біз қызықты ғылым туралы сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.
Қонақтардың ішінен белсене қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.