Просмотр содержимого документа
««Жол ойнайтын орын емес!»»
Ақсу ауылындағы КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасы
Ұйымдастырылған оқуқызметі
Жаратылыстану
Тақырыбы:«Жол ойнайтын орын емес!»
«Балауса» ортаңғы тобы
Тәрбиеші:Раимжанова Л.Н
2020-2021оқу жылы
Тобы: «Балауса» ортаңғы тобы
Тақырыбы: «Жол ойнайтын орын емес!»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділігін жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық көліктермен жай көліктердегі тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін,тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын ойнату, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілер плакаттары, буклет, слайд, жолақ жолдар, ойыншық көліктер, велосипед, сомокат.
Билингвальды компонент: Қауіпсіздік-безопасность; бағдаршам-светофор; жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход; тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки.
Ұйымдастыру:
— Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін бізге қонаққа инспектор мырза келіп отыр. Ендеше қонақтармен амандасып алайық!
Шаттық шеңбері (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы, Бақшамызға тарайды. Қуанышпен шат күліп, Қарсы алайық арайды!
Жыл мезгілдерін сұрау
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі
— Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Үш айдан тұрады
— Дұрыс айтасыңдар балалар! Қазір қыс мезгілі. Қыс мезгілінде қар жауып,аяз болып,жерге мұз қатып, тайғақ жерлерде болады. Көліктердің де жаяу жіргіншілердің де қозғалысы қиындай түседі. Яғни, қаһарлы қыстың құбылыстары бізге кедергі келтіреді. Сондықтанда бүгін балалар біз жолда жүру ережелерімен және қауіпсіздігімен танысамыз.
Слайдпен жұмыс
—Балалар экранға қарайықшы! Бұл нені білдіреді?(пешеход)
Бізге жолдан өтуге көмектеседі.
— Дұрыс айтасыңдар балалар! Оны «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атаймыз.
— Келесі суретте не бейнеленген балалар? (светофор)
Бағдаршам
— Дұрыс айтасыңдар балалар!Бағдаршамда қанша көз бар? Қандай қандай?
-Үш көз бар. - Қызыл
- Сары
- Жасыл
— Өте жақсы балалар!
Қызыл көзін ашқанда, Сабыр сақта, баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін, жасқанба
— Балалар қалада қозғалыстар көп болса да, көліктер мен адамдар бір-біріне кедергі келтірмей жүреді. Өйткені көліктер де жаяу жүретін адамдар да жол ережесін қатаң сақтайды. Сондықтан көшенің екінші бетіне өтуге бағдаршамның-қызыл, сары, жасыл үш көзі көмектеседі. Ал егер бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Бұрын қолдарындағы таяқшасымен реттейтін, ал қазір ысқырықпен реттейді.
Есік қағылады. Ішке зуылбек өзінің достарымен кіреді. Бірі велосипед, бірі сомокат, бірі көлік жүргізіп келеді.
— Кел төрлетіңдер қайдан жүрген балаларсыңдар? Біз жол белгілерімен танысып жатырмыз.
*Менің атым Зуылбек, мыналар менің достарым. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін, ал достарыма енді үйреткелі жүрмін.
— Зуылбек бұл қалай болғаны? Сен балаларға жаман үлгі көрсеткеніңмен қоймай үйретуге де оқталып жүрсінба? Бұл дұрыс емес қой!
*Мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсызда зуылдатамын.
*Әй,мынау қандай белгі,мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгіме?
— Иә, сен үшін, бұл белгінің аты «Велосипед жүрмейді»
*Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін де саяжай да,аула да бәрі ашық.
(Қалған белгілермен де слайттан Зуылбекті де,балаларды да таныстыру). *Мұны да белгі дейді-ау,көшеге пәтердің жылу батериясы белгісі не үшін керек?
—Зуылбек ау бұл да саған керек белгі. Сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
*А...а а а бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгеремін.