kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс-шара "Дана т?л?а-дара т?л?а"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т???ыш Президент к?ні – тарихи ма?ызы зор мерекеcіне орай «Елін с?йген, елі с?йген Елбасы» - о?ырман конференциясы

     Ма?саты: о?ушыларды 1-желто?сан ?аза?стан Республикасыны? Т???ыш Президенті к?ніне назар аудару, отанс?йгіштікке т?рбиелеу; Елбасы ?мірбаянымен, е?бек жолымен, шы?армаларымен, Елбасы туралы жариялымдармен таныстыру, Елбасы?а деген с?йіспеншілік сезімін ?ялату; т?рлі а?паратты? к?здерді пайдалануды ?йретіп, о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру, шы?армашылы?ын дамыту, ой-?рісін ке?ейту.

К?рнекілік: кітап к?рмесі, слайд.

Конференция жоспары

1. Кіріспе

2. ?ле?дер

3. Елбасыны? балалы? ша?ы

3. Елбасыны? ?мір жолы, ?ызметі, жетістіктері

4. Елбасыны? кітаптары

5. ?ле?дер

 8. «Т???ыш Президент ж?не ?аза?стан» кітап к?рмесіне шолу

9.Викториналы? с?ра?тар.

10. «Мені? Елбасым» (о?ушы шы?армашылы?ы)

11.?орытынды.

Кітапханашы: ??рметті о?ырмандар!  1-желто?сан – ?аза?стан Республикасыны? Т???ыш Президенті к?ні. Елімізді? Т?уелсіздігіні? 23 жылды? мерекесі ?арса?ында ?аза?стан Республикасы Парламентіні? Сенаты 1-желто?санды мемлекеттік мереке ретінде аталуы ж?нінде за? ?абылдады. Н.?.Назарбаев 2010 жылы 15-маусымнан бастап за?ды т?рде «Елбасы» м?ртебесіне ие болды. Ол осы жетістіктерге ?зіні? табандылы?ы мен е?бек?орлы?ыны? ар?асында жетті. Талай ?иыншылы?ты елмен бірге к?ріп, батыл ?адамдар ар?ылы елімізді д?ниеж?зне ?йгілі мемлекет ретінде танытып отыр?ан –  Елбасымыз. Ендігі ?аза?станны? та?дыры жастарды? ?олында екендігін Елбасымыз ?немі айтады, я?ни сендерді? ?олдары?да. Еліміз ?алай ары ?арай дамитыны сендерді? о?улары?а тікелей байланысты.

Осы 23 жыл ішінде ?андай жетістіктерге жетті, ?андай елеулі о?и?алар болды.  Т?уелсіздік ар?асында Туымыз, Елта?бамыз, Гимніміз, т?л те?геміз, осы заман?ы Астанамыз бар елге айналды?.

Мысалы: 1990 жылы 25 ?азанда егемендік туралы Декларация-хал?ымызды? е? ал?аш?ы ??жаты болып саналады.

1991 жылы 16 желто?санда бізді? елімізде «?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігі» туралы за? ?абылданды.

1993 жылы 15 ?арашада ?Р-ны? ?лтты? валютасы-те?ге айналым?а енді.

Спорт жа?ынан да біраз жетістіктерімізді айта кетсек 2000 жылы 16 ?ырк?йекте Сиднейде XXVII жаз?ы Олимпиада ойыныны? т?сауы кесілді. ?аза?станды?тар зор табыс?а жетіп, жеті алтын, бір к?міс, бес ?ола ж?лде иеленіп, жалпы командалы? есепте 12-орын алды.

2011 жылы ?ыс?ы Азия ойындары ?тті.

Елімізді? алдында келешекте ?лемдегі дамы?ан  мемлекеттерді? ?атарына ену ма?саты т?р.

    ЭКСПО – 2017 халы?аралы? к?рме туралы кім ?андай м?лімет біледі? Экспо деген не? Б?л – б?кіл?лемдік к?рме. Бір жарым ?асырлы? тарихы бар к?рме. «Уикипедияны?» тілімен айтса?, «индустрияландыруды? белгісі ж?не техникалы? ??м технологиялы? жетістіктерді к?рсететін м?мкіндік». Е? ал?аш 1851 жылы ?лыбританияда ?ткен. Содан бері ?арай б?л к?рме алпыс бес рет ?ткен. 2015 Милан ?аласында, 2017 жылды? 10 шілдесінен бастап 10 ?ырк?йегіне  дейін  ?аза?станны? елордасы Астана ?аласында  ?теді.

5 «?» Н?рпейіс Лаззат.

 Азатты? пен елге ?онды тос?ан ба?,

?аза? елін мойындауда дос та?дап.

Елбасыны? е?бегімен н?рлана

?аза?ымны? мерейі т?р аспандап.

Елі ?шін олжа салып ?иырдан,

 Ы?па?ан еш ауыртпалы?, ?иыннан.

Мереке?із ??тты болсын к?пшілік

      Елбасыны? ??рметіне жиыл?ан!


 

5 «?»Т?рсын Жандос.

 ?аза? елі желбіреп к?к байра?ы?
Г?лге оранды ауылы? мен айма?ы?
Н?рс?лтаны? биіктерге бастады
Ол к?рсеткен н?рлы жолдан тайма?ын

5 «?»?лмен Алуа.

 Ауыр к?нді артымыз?а тастауы –
?иын с?тте ?иынды?тан ?ашпауы.
Тілім, дінім, ?лтым ?айта к?герген,
Елбасымыз Н?ра?а?ны? бастауы
Туды ?стап тура жол?а т?сіріп,
Жас Отанны? ?мірін де т?сініп,
«Елім, жерім» деп ?рандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

5 «?»?айрат Н?рс?лтан.

 Бар ?лемге шын танылды? міне, біз,

Елін с?йген Елбасы деп білеміз.

Те? аталып ?аза?стан - Н?рс?лтан

Н?рс?лтан мен ?аза?стан т?р егіз.
 

К?нге беттеп бара жатыр к?ш ж?ріп,

Елді? да??ы бар жа?ан?а естіліп.

Елбасыны ??рметтейтін ерекше

Армысыздар, а? пейілді к?пшілік!
 

1- О?ушы: Елбасыны? балалы? ша?ы

Н. ?. Назарбаев 1-шілдеде 1940 жылы Алматы облысы ?аскеле? ауданыны? Шамал?ан ауылында ту?ан. ?кесі ?біш, шешесі ?лжан ?арапайым адамдар бол?ан. Оларды? т???ыщтары 5 килограмм 100 грамм болып туды. ?жесі Мырзабала Алланы? 99 к?ркем есімдеріні? екеуін біріктіріп, Н?р мен С?лтаннан Н?рс?лтан есімін берді. Балалы? кезінде Н?рс?лтан к?п ауырыпты. Біра? ?скеннен кейін шымыр болып спортпен ш??ылдан?анды жа?сы к?ретін. Бейбіт Сапаралыны? «Президентті? балалы? ша?ы» атты кітабында Елбасы былай деп ??гімелейді: «. Мені ??л?ын с?ріден оятар еді, мен арба?а есек жегіп, ж?мысшы ?алашы?ында?ы ерте?гі са?ат алтыда ашылатын д?кенге уа?ытылы жетіп ?лгеру ?шін ауылдан асы?а шы?атынмын.  Ш?батыл?ан ?за? кезекке т?рамын. ?ап-?ара нан салма?ты, ?олды с?л батырса?, ?аьбы?ында сауса?тарды? ізі ?алатын.. бізді? ?й ?ана емес, айнала т??іректегілерді? б?рі осылай тірлік ететін». Балалы? ша?ы о?ай бол?ан жо?, отбасыны? тіршілігі ?иын болатын. К?ршілері орыс еді. Н?рс?лтанны? достары да орыс болатын. ?зі ?аза? мектебінде о?ыса да мектеп кітапханасында?ы орыс классиктері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой – барлы?тарыны? кітаптарын ?ызы?а о?итын. Конан Дойл, Куперді? шы?армаларыны? кейіпкерлері болып ??рбыларымен ойнайтын еді.

     То?там?ратов ?ділет 6 «А» Елбасыны? ?мір жолы, ?ызметі, жетістіктері

Елбасымыз 1960-1969 жылдары  ?ара?анды металлургия  зауытында ж?мыс істеді. 1967 жылы ?ара?анды  металлургия комбинаты жанында?ы жо?ары техникалы? о?у орнын бітірді. 1969-1973 жылдары ?ара?анды облысы Теміртау ?аласында?ы партия-комсомол ж?мыстарында жауапты ?ызметтер ат?арды. 1973-1977 жылдары  ?арметкомбинатты? партком хатшысы. 1977-1979 жылдары облысты? партия комитетіні? хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары ?аза?стан КСР Министрлер Ке?есіні? т?ра?асы. 1989-1991 жылдары ?аза?стан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 дыл?ы а?пан-с?уір аралы?ында ?аза? КСР Жо?ары Ке?есіні? т?ра?асы болды. 1990 жылды? с?уірінен ?аза?стан Республикасыны? Президенті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іс-шара "Дана т?л?а-дара т?л?а" »

Тұңғыш Президент күні – тарихи маңызы зор мерекеcіне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» - оқырман конференциясы


Мақсаты: оқушыларды 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне назар аудару, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жариялымдармен таныстыру, Елбасыға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату; түрлі ақпараттық көздерді пайдалануды үйретіп, оқушының қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту.


Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд.


Конференция жоспары

1. Кіріспе

2. Өлеңдер

3. Елбасының балалық шағы

3. Елбасының өмір жолы, қызметі, жетістіктері

4. Елбасының кітаптары

5. Өлеңдер

8. «Тұңғыш Президент және Қазақстан» кітап көрмесіне шолу

9.Викториналық сұрақтар.

10. «Менің Елбасым» (оқушы шығармашылығы)

11.Қорытынды.


Кітапханашы: Құрметті оқырмандар! 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Еліміздің Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1-желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады. Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15-маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті. Талай қиыншылықты елмен бірге көріп, батыл қадамдар арқылы елімізді дүниежүзне әйгілі мемлекет ретінде танытып отырған – Елбасымыз. Ендігі Қазақстанның тағдыры жастардың қолында екендігін Елбасымыз үнемі айтады, яғни сендердің қолдарыңда. Еліміз қалай ары қарай дамитыны сендердің оқуларыңа тікелей байланысты..

Осы 23 жыл ішінде қандай жетістіктерге жетті, қандай елеулі оқиғалар болды. Тәуелсіздік арқасында Туымыз, Елтаңбамыз, Гимніміз, төл теңгеміз, осы заманғы Астанамыз бар елге айналдық.

Мысалы: 1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы Декларация-халқымыздың ең алғашқы құжаты болып саналады.

1991 жылы 16 желтоқсанда біздің елімізде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы заң қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық валютасы-теңге айналымға енді.

Спорт жағынан да біраз жетістіктерімізді айта кетсек 2000 жылы 16 қыркүйекте Сиднейде XXVII жазғы Олимпиада ойынының тұсауы кесілді. Қазақстандықтар зор табысқа жетіп, жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды.

2011 жылы Қысқы Азия ойындары өтті.

Еліміздің алдында келешекте әлемдегі дамыған мемлекеттердің қатарына ену мақсаты тұр.

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрме туралы кім қандай мәлімет біледі? Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. 2015 Милан қаласында, 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтеді.

5 «Ә» Нүрпейіс Лаззат.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.


Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!



5 «Ә»Тұрсын Жандос.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын


5 «Ә»Әлмен Алуа.

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!






5 «Ә»Қайрат Нұрсұлтан.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

1- Оқушы: Елбасының балалық шағы

Н. Ә. Назарбаев 1-шілдеде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында туған. Әкесі Әбіш, шешесі Әлжан қарапайым адамдар болған. Олардың тұңғыщтары 5 килограмм 100 грамм болып туды. Әжесі Мырзабала Алланың 99 көркем есімдерінің екеуін біріктіріп, Нұр мен Сұлтаннан Нұрсұлтан есімін берді. Балалық кезінде Нұрсұлтан көп ауырыпты. Бірақ өскеннен кейін шымыр болып спортпен шұғылданғанды жақсы көретін. Бейбіт Сапаралының «Президенттің балалық шағы» атты кітабында Елбасы былай деп әңгімелейді: «... Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат алтыда ашылатын дүкенге уақытылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұрамын. Қап-қара нан салмақты, қолды сәл батырсаң, қаьбығында саусақтардың ізі қалатын. ... біздің үй ғана емес, айнала төңіректегілердің бәрі осылай тірлік ететін». Балалық шағы оңай болған жоқ, отбасының тіршілігі қиын болатын. Көршілері орыс еді. Нұрсұлтанның достары да орыс болатын. Өзі қазақ мектебінде оқыса да мектеп кітапханасындағы орыс классиктері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой – барлықтарының кітаптарын қызыға оқитын. Конан Дойл, Купердің шығармаларының кейіпкерлері болып құрбыларымен ойнайтын еді.


Тоқтамұратов Әділет 6 «А» Елбасының өмір жолы, қызметі, жетістіктері

Елбасымыз 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977-1979 жылдары облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары Қазақстан КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991 жылдары Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 дылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті.


2-Оқушы: Н.Ә. Назарбаев –Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. 1941 жылғы 12-ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға- саясат ғылымдарының докторы, сенатор; Динара «Нұрсұлтан Назарбаев Атындағы білімді қолдау қорын» басқарады; Әлия бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. Сара Алпысқызының ықпалымен елімізде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылды. «Бөбек» қоры жетім балаларға ай сайын қайырымдылық көмек көрсетеді. Сара Алпысқызы Порфирий Ивановтың салқын сумен сауықтыру жүйесін халық арасында кеңінен насихаттаушылардың бірі ретінде танымал. 2010 жылдан бері «Өзін-өзі тану» пәні барлық мектептерге енгізілген. Соның авторы – Сара Алпысқызы. Елбасымыз – өнерге құштар жандардың бірі. Ол «Елім менің», «Үш қоңырым», «Сарыарқа» әндерінің сөзін жазған және мемлекеттік Әнұран мәтіні авторы.

3-Оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев – экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларусь ғылым академиясының

Құрметті мүшесі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Бұл атақтардың барлығы – Елбасымыздың басқа елдерде де еңбегі үшін бағалағаны. «Жыл адамы» деп те аталған. «Аңыз адам» журналының 1-саны Н.Назарбаевқа арналған.


Елбасының кітаптары

Қадырбек Дәулет.6 «А» «Лидер» кітабынан Елбасының естеліктерінен айта кеткім келеді. Онда бала Нұрсұлтан жоғары оқу орнына түсуге емтихан тапсырғанда 1 балл жетпей қалады. Ал Украинадағы ұшқыштар институтына оқуға түсуге мүмкіндігі болды, бірақ шешесі оған үзілді-кесілді қарсы болды. Нұрсұлтан шешесінің тілін алды. Содан «Ленинская смена» газетінен Теміртау қаласында металлургия комбинаты салынуына байланысты комсомолдық жолдамаман темірбалқытушы болуға шешім қабылдып, әке-шешесінің батасын алып соған аттанады. Ол жерден болашақ металлургтерді оқуға жібереді. Нұрсұлтан өзі сияқты жастармен Украинадағы Днепродзержинск қаласына оқуға аттанады. Жас жігіттер бос уақытын түрлі үйірме мен спорттық секцияларда өткізетін. Нұрсұлтан зауыттың спортзалында күреске шығады да украин жігітін жеңеді. Сөйтіп жүріп ол күрес секциясына да қатысып спорттық жетістіктерге жетеді.


Бескемпірова Аяулым. 6 «А» «Нурсултан Назарбаев. «Биография» деген кітапта Елбасымыздың алған атақтарының, марапаттауларының тізімі берілген. Ол халық үшін атқарған еңбегі еленіп, талай марапаттауларға ие болды.


Оқушы: «Тарих толқынында» кітабы.


Елеухан Бекмұрат. «Еуразия жүрегінде» кітабы



5 «Ә» Қанатбек Жанерке.

Қазағымның туын тіккен – Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен – Елбасы.

Қазақ елін аялаған – Елбасы,

Қиындықта сая болған – Елбасы.


Нұр ағамыз нұрындай боп қазақтың,

Нұр сыйлаған Көк тәңірім ғажапсың.

Нұрын шашып жібергенде Елбасым

Ізі қалмай кетеді бастан кешкен азаптың.



5 «Ә» Анешова Жанел.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.



Амангельдинова А. 6 «Ә»өз өлеңін оқиды.


Енді назарларыңызға викториналық сұрақтар:

    1. Н. Ә Назарбаев қай жылы ҚР президенті болып сайланды? (1999 ж. 10 қаңтарда.)

    2. Елбасымыз Н. Назарбаевтың туған жері қай жер? (Алматы

іргесіндегі Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы).

    1. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада).

    2. «Ұлт көшбасшысы» туралы заң қай кезде қабылданды? (2008ж. 7 қаңтар).

    3. «Қазақстанның аты аңызға айналған Президенті» кітабының авторы кім? (Ағылшын жазушысы Джонатан Айткен).

    4. Елбасы Н. Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді? («Жаңа тарих – жарқын тұлға», «Нағыз жігіт, нағыз дос», «Теміртау көктемі» т.б.).

    5. Елбасының анасынан кейінгі тілеулес, тілеуқор ең жақын адамдарының бірі кім? (Қарындасы Әнипа).

    6. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды? (2006ж. 7-қаңтар).


Елбасы туралы Эссе.


1. Жаналиева А. 6 «Ә»

2. Амангельдиева М. 6 «А»


Кітапханашы: Қымбатты оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Елбасымыз туралы жаңа кітаптарды ұсынамыз. «Тұңғыш Президент және Қазақстан» кітап көрмесіне шолу.


Қорытыныды. Елбасы – туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұнысын Нұрекең сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан әндерімен де, өлеңдерімен де дәлелдеп келді. Елбасымызды құрметтейік. Оның жеткен шыңдарына ұмтылайық! 2050 жылға қарай елді сендер басқарасыңдар. Құрметті оқырмандар осымен біз бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз назарларыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Іс-шара "Дана т?л?а-дара т?л?а"

Автор: Есимбекова Ализа Туралбайкызы

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198244


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства