(С) оқушылармен 100 санының құрамын қайталайды. Оқушылар сандары бар карточкаларын алып, 100 санының құрамын шығару үшін (5+95, 10 + 90, 15+85), өзінің жұбын іздейді. Содан соң, эстафета түрінде әр жұп 100 санының тағы қандай құрамы болуы мүмкін екенін айтады. (М) еріген заттың массалық үлесі ұғымын түсіндіреді Заттың массалық үлесі оның 100 г ерітіндідегі массасын көрсетеді. m (ерітінді) = m (еріген зат) + m(су) содан кейін есептеудің алгоритмін көрсетеді. Алгоритм: 1. есеп шартың жазу (берілгені, табу керек) 2. ерітіндінің массасын есептеу 3. формула бойынша еріген заттың массалық үлесін есептеу. Есеп 1 30 г тұзды 70 г суда ерітті. Ерітіндідегі еріген тұздың массалық үлесін есептеңіз. Берілгені : m(тұз)= 30 г m(су)= 70 г Табу керек: ω (тұз) =? Шешуі: m ( ерітінді) = 30 г + 70 г = 100 г ω( тұз ) = = Жауабы: 10% Сыныппен тағы бір есеп шығарылады Есеп 2 75 г суда 25 г қант ерітті. Ерітіндідегі еріген қанттың массалық үлесін есептеңіз. Берілгені : m(қант )= 25 г m(су)= 75 г Табу керек : ω (қант) =? Шешуі : m ( ерітінді) = 25 г +75 г = 100 г ω( қант ) = ∗𝟏𝟎𝟎% = 25% (Ө) оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды « белгімен не жасырылған? Бағалау критерийлері: оқушы мақсатқа жетті, егер , если 4-5 көлденең жолдары дұрыс орындалды. Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы оқушылар жұпта бір бірін тексереді Тапсырма дұрыс орындалса, оқушылар жасыл карточкаларын, дұрыс орындалмаса, қызыл карточкаларын жоғары көтереді. Мұғалім тапсырмаларды орындай алмаған оқушылармен жұмыс жасайды (қателермен жұмыс). Сол уақытта қалған оқушылар 3 және 4 есептерді шығарады. Есеп 3* 450 г cу мен 50 г қанттан ерітінді жасайды. Ерітіндідегі қанттың массалық үлесі қанша? Берілгені : m (қант) =50 г m ( су) = 450 г Табу керек : ω (қант) = ? Шешуі : m(ерітінді) = 450 г + 50 г = 500 г ω (қант) = = 10% Есеп 4* 40 г тұзды 120 г суда ерітті. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша? Берілгені: m (тұз) = 40 г m (cу) = 120 г Табу керек: ω (тұз) = ? Шешуі : m(ерітінді) = 40 г + 120 г = 160 г ω (тұз) = = 25% жауабы: 25%. (3,4 есептерді шығарған оқушыларға дайын жауптар беріледі) |