kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерітінділер концентрациясы, еріген затты? массалы? ?лесі, молярлы? концентрациясы. Суда ?атты, с?йы? заттар мен газдарды? ерігіштігі. Кристаллогидраттар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: §38. Ерітінділер концентрациясы: еріген затты?  массалы? ?лесі, молярлы? концентрация. Суда ?атты, с?йы? заттар мен газдарды? ерігіштігі. Кристаллогидраттар.

Саба?ты? ма?саты:

1) Білімділігі: о?ушылар?а ерітінділерді? концентрациясын, массалы? ?лесін табу ?дістерін  ме?герту;

 2) Дамытушылы?: химиялы? формула, химиялы? реакция те?деулерін ??растыру, есептер шы?ару біліктерін дамыту, ?здігінен ж?мыс істеуге ж?не ?з білімін ба?алап тексеруге баулу;

3) Т?рбиелігі: жолдастарын ты?дау?а, сыйлау?а, ?ділдікке, тазалы??а, ??ыптылы??а ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерітінділер концентрациясы, еріген затты? массалы? ?лесі, молярлы? концентрациясы. Суда ?атты, с?йы? заттар мен газдарды? ерігіштігі. Кристаллогидраттар»

Пәні: Химия

Өтілетін уақыты:

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: §38. Ерітінділер концентрациясы: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация. Суда қатты, сұйық заттар мен газдардың ерігіштігі. Кристаллогидраттар.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: оқушыларға ерітінділердің концентрациясын, массалық үлесін табу әдістерін меңгерту;

 2) Дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

3) Тәрбиелігі: жолдастарын тыңдауға, сыйлауға, әділдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: есептер шығару, сұрақ - жауап, демонстрация, химиялық тәжірибе, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер, СТО, АКТ – технологияларының элементтері

Пән аралық байланыс: физика, география, қазақ әдебиеті, математика, биология

Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, интерактивті тақта

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытындылау

VI. Үй тапсырмасы

VII. Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың сабаққа даярлығын бақылау
«Кім білімпаз?» сайысы. (оқушылар су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер айтып жарысады)
«Кім жылдам?» (үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды. (2Н2 + О2 = 2Н2О)
2. Судың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйықтық. табиғатта 3 агрегаттық күйде кездеседі. Қайнау t0 – 1000, қату t0 – 00С.)
3. Мұз неліктен суға батпайды? (мұздың тығыздығы судың тығыздығынан төмен)
4. Судың құрамы, формуласы. (формуласы Н2О сутек және оттек атомдарынан тұрады )
5. Жердің су қабаты.(гидросфера)
6. Ерітінді дегеніміз не?(еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе)
7. Сутегі жанғанда алынатын зат (су)



III. Жаңа сабақ: Ерітінді дегеніміз ең кемі екі компоненттен тұратын біртекті жүйе (система). Ерітінділердің ең маңыздылығы сұйық ерітінділер.

Ерітінді: еріген зат пен еріткіштен тұрады.


mерітінді = mеріген зат + mеріткіш


Ішінде еріген зат молекула не ион түрінде бірдей болып араласатын ортаны еріткіш дейміз. Ең маңызды еріткіш ретінде суды алады, еріткіштің ішінде еріген заттың мөлшері көп болса қою ерітінді, еріген зат аз болса сұйық ерітінді деп аталады.

Сонымен ерітіндідегі еріген заттың мөлшері әр түрлі болғандықтан ерітіндінің концентрациясын өрнектей білу керек. Ең алдымен ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік?

Ерітінді концентрациясы дегеніміз – ерітіндінің белгілі салмақ мөлшеріне немесе белгілі бір көлеміне еріген заттың сандық мөлшері.

Ерітіндінің концентрациясын бірнеше әдіспен көрсетуге болады:

  1. еріген заттың масса бөлшегімен ();

  2. молярлық концентрациясымен (См);


Проценттік концентрация. Массалық проценттік концентрация дегеніміз 100 грамм ерітіндідегі еріген заттың граммен алынған массасы (mзат).



Молярлы концентрация (СМ) дегеніміз - 1 дм3 (литр) ерітіндідегі еріген заттың моль саны ().

,

мұндағы: , осыдан .



Құрамы тұрақсыз, біртекті жүйе ерітінді деп аталады. Кез келген сұйық ерітінді еритін заттан, еріткіштен және солардың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған бөлшектерден тұрады. Заттардың бәрі суда ери бермеді,сондықтан ертінді қаныққан және қанықпаған деп бөлінеді.

Қаныққан ерітінді – әрі қарай ерімейтін ертінділертүрлері.

Қанықпаған ерітінді- әрі қарай ери алатын ертінді түрлері.

Агрегаттық күйіне байланысты ерітінділер: сұйық, қатты және газ тәріздес болып жіктеледі. Сұйық ерітінділерге теңіздер мен мұхиттардың суларын (тіпті құбыр суын), көптеген техникалық ерітінділерді, дәрілік заттар, мұнайдың әртүрлі фракциялары жатады. Қатты ерітінділердің мысалы ретінде металдардың құймасын, табиғи минералдарды қарастыруға болады.

Заттардың ерігіштігі – химиялық таза заттың белгілі бір еріткіште еру қабілеті.

Ерігіштікке әсер ететін факторлар:

  1. заттардың табиғаты;

  2. температура;

  3. сыртқы қысым.

Егер екі компонент (еритін зат және еріткіш) полюсті немесе полюссіз болса, өзара ерігіштік жоғары, ал біреуі полюсті, екіншісі полюссіз болса, өзара ерігіштік төмен болады.

Жақсы еритіндер – 100 г еріткіште 10 г-нан артық зат ериді;
Нашар еритіндер – 100 г еріткіште 0,01 – 1,0 г зат ериді;
Ерімейтіндер – 100 г еріткіште 0,01 г-нан аз зат ериді.

Температураның заттардың ерігіштігіне әсері

  1. Қатты зат сұйықтарда ерігенде, жылу сіңірілетін болса, температура жоғарылағанда, ерігіштік артады, қарама-қарсы жылу бөлінетін болса, температура жоғарылағанда, ерігіштік төмендейді.

  2. Сұйықтар бір-бірінде ерігенде, көбінесе жылу сіңіріледі, сол себепті температура жоғарылағанда, ерігіштік жоғарылайды.

  3. Газдар сұйықтарда ерігенде, көбінесе жылу бөлінеді, сондықтан температура жоғарылағанда, ерігіштік төмендейді.

Қысымның заттардың ерігіштігіне әсері

Егер екі қатты немесе екі сұйық зат ерігенде, көлем кішірейсе, қысымның жоғарылауы ерігіштікті жоғарылатады, қарама-қарсы көлем үлкейсе, қысымның жоғарылауы ерігіштікті төмендетеді.

Қысымның жоғарылауы газдардың сұйықтардағы ерігіштігін жоғарылатады, қарама-қарсы қысымның төмендеуі олардың ерігіштігін төмендетеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Ерітінділер деген не?

  2. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?

  3. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?

V. Қорытындылау:

1. Дәріханада 500 гр 9%-тік ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз, қанша грамм су қажет?

Бер: mерт =500 гр. Шешуі: W= m е.з / mеріт *100%

W = 9%. m е.з = W * mеріт / 100=9*500 / 100=45 гр.

Т/к: mтұз=? m(су)=500 гр – 45=455 гр.

m(су) = ?

Жауабы: 45 гр (тұз)

455 гр (су)


2. 30 гр астұзы 200 гр суда ерітілген. Осы ерітіндінің массалық үлесін табыңдар?

Бер: m(NaCl) =30 гр. Шешуі:

m(су) =200 гр. mерітінді =m(NaCl) + m (су) = 30 гр + 200 гр = 230 гр.

Т/к: W = ? W = 30 гр / 230 гр * 100% = 13%.


Жауабы: W = 13%.

3. 100г ертіндіде 5г зат ерісе,ол 5 % деп аталады. Неге?



4. 1тонна қиярды тұздау үшін 5% ерітінді дайындау үшін, қанша су және қанша тұз қажет?

Берілгені: Шешуі: W= = 100%

m (ер-ді) = 1т.=1000кг 1) W= = 50г. Тұз

m (е.з) = 5% 2)1000кг – 50кг = 350кг. Су

Табу керек: Жауабы: 5% 1тонна ерітінді дайындау үшін 950кг

m = (ер-ді) - ? су,50кг тұз қажет

m = (ер.з.) - ?


5. 60г суда 20г тұз салынса онда ол ерітіндінің массалық үлесі қандай болады?

Берілгені: Шешуі: Ерітінді = ер.з. + еріткіш

m (еркіш) = 60г 1) 60г+20г = 80г

m (е.з) = 20г 2) W= *100%= 0,25г = 25%

Табу керек: Жауабы: 60г суға 20г тұз салса

m = (ер-ді) - ? ер-ді W% = 25%


VI. Үй тапсырмасы: Ерітіндіге байланысты есептер шығару.§38

VII. Бағалау.

























12 орта мектеп
















Ақтау қаласы, 2016ж

12 орта мектеп


















Ақтау қаласы, 2016ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Еримбетова Еркинай Уразхановна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328122


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства