kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочные планы по экономике

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочное планирование по предмету экономика на казахском языке для краткосрочных курсов по специальности "Швея".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочные планы по экономике»

БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

1-2

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Экономика жайлы түсінік. Экономиканың міндеттері.

Күні:

27.07.2019 ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Экономика туралы жалпы мағлумат беру.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері туралы білу

Сабақ түрі:

лекция

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу, «миға шабул»



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру





3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

15

«Миға шабул», АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Сұрақ қою

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

Конспект, оқулық

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу

Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Экономика жайлы түсінік. Экономиканың міндеттері.

90 мин

  1. Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

  1. Үй жұмысын тексеру



  1. Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

40мин

  1. Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, «миға шабул»

20 мин

  1. Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Сұрақ қою

20 мин

  1. Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Экономика – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.

Экономика деген не?

Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтіксипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі, өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.
Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық тандар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қөғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз она да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе; заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме – мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді. 
Экономика сіз өмірге келген күннен баста ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. Сонымен сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет елдерде жастар үйленген кезде некелік контракт жасайды. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Ол контрактіде көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала десек, сол некелік контрактіде баланың болашағына дейін ойластырылған. Біздің елде бұл жоқ. Яғни ұрпаққа нені қалдырымын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да-экономика.
Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауда ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бәрі де экономика. 
Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика байлыққа, бақытқа, таныштыққа барар жол.


  • Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері 

  • Мемлекеттің, салалардың, өңірлердің, экономиканың өндірістік және әлеуметтік секторларының инвестициялық-инновациялық әлеуетін қолдау. 

  • Нарықтық қатынастарды, олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін тетіктерді реттеу, монополияға қарсы бағаларды, тарифтерді, баждарды реттеу. 

  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

  • Өңірлік жұмыспен қамтылуды, жұмыссыздықпен күресуді қамтамасыз ету. 

  • Инфляцияны шектеу. 

  • Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұлттық валюта бағамын және ақша айналымын реттеу. 

  • Мемлекеттік шығындардың бюджеттік қамтамасыз етілуі, соның ішінде қорғаныс және лаңкестікпен күрес шығындары. 

  • Тауар өндірушілерге шектелген жүктеме кезінде мемлекеттік бюджетті қамтамасыз ету мүддесіне салықтық реттеу. 

  • Меншік нысандарын және қатынастарын реттеу, мемлекеттік және мемлекеттік емес, жеке меншік секторының ұтымды арақатынасын қолдау. 


Экономикалық әлеуетті өсіру және нығайту міндеттері. 

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету. 

Мемлекеттің ұлттық байлығын арттыру. 

Жаппай ішкі өнімнің өсуін қамтамасыз ету. 

Экономиканың салалық, өңірлік, жаңғыртылған құрылымдарын жетілдіру. 

Өндірістік әлеуетті жаңартудың мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру. 
Қазақстандық тауар өндірушілерінің техникалық-технологиялық өндіріс деңгейін және бәсекелестікке қабілетін арттыру. 
Әлемдік экономикаға қатысуды активтендіру. 
Қазақстандық экономикаға инвестицияларды тартуға септігін тигізу. 


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Экономика сөзінің мағынасын ашыңдар.

  2. Экономика туралы түсінік беріңіздер.

  3. Экономиканың жалпы міндеттерін атап өтіңдер.

Үйге тапсырма: конспектті қайталау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

Мұғалім:

БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

3-4

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Ақшаны қызметі және баға түсінігі.

Күні:

03.08.2019 ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Ақшаны пайда болуы туралы мәлімет беру. Ақшаның құны туралы түсіндіру.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Ақшаны дұрыс қолдану және үнемдеуге үйрету.

Сабақ түрі:

Аралас

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі, тест сұрақтары.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Сұрақ қою

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

Конспект, оқулық

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу

Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Ақшаны қызметі және баға түсінігі.

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Сұрақ қою

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:

  1. Экономика сөзінің мағынасын ашыңдар.

  2. Экономика туралы түсінік беріңіздер.

  3. Экономиканың жалпы міндеттерін атап өтіңдер.


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Ақшаны қызметі және баға түсінігі

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Марксайтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

  • құн өлшемі,

  • айналыс құралы,

  • төлем құралы,

  • қор және қазына жинау құралы,

  • дүниежүзілік ақша.

Ақша айналыс құралы

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге

Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Баға түрлері

Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  • Кесімді баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.

  • Реттелетін баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.

  • Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.

  • Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.

  • Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға

  • Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. * Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.


Жаңа сабақты бекіту:

    1. Ақша туралы түсінік беріңдер.

    2. Ақша неше түрлі қызмет атқарады?

    3. Теңге қай жылы айналымға енгізілді?

    4. Бағаға түсінік беріңдер.

    5. Баға түрлерін атаңдар.


Үйге тапсырма: конспектті қайталау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:










БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

5-6

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау

Күні:

10.08.2019 ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Кәсіпорындар туралы мәлімет беру. Олардың қызметін ұйымдастыру туралы түсінік беру.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Кәсіпорындардың жұмысын жоспарлауға үйрету.

Сабақ түрі:

Аралас

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Сұрақ қою

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

Конспект, оқулық

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу


Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Сұрақ қою

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:

  • Ақша туралы түсінік беріңдер.

  • Ақша неше түрлі қызмет атқарады?

  • Теңге қай жылы айналымға енгізілді?

  • Бағаға түсінік беріңдер.

  • Баға түрлерін атаңдар.


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау

Жоспарлау әдістемесіне жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады. Жоспарлау әдістемесін дамытудың негізгі бағыттары:

  • жоспарларды дамыған ғылми-техникалық және есептік – экономикалық негіздеуді ұлғайту;

  • қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;

  • өндірісті техника-экономикалық негіздеу;

  • баланстық есептеулер жүргізу;

  • өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;

  • материал сиымдылғы, қор сиымдылығын азайту;

  • еңбек өнімділігін арттыру;

  • жоғары сапалы өнім шығаруды ұлғайту;

  • жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз – салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.

  • нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

  • материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу, энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);

  • еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);

  • өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);

  • іске қосылатын кәсіпорындар, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын қаншалықты көлемде қолданылу есептелінеді.

  • сандық;

  • сапалық;

  • көлемдік;

  • үлестік.


Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділгі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сиымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалдық ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма – сағатпен белгіленеді.Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
1. Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

 2. Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы – ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру

3. Өндірістің экономикалық тиімділгін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі.

4. Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, ксәіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды, механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды.

5. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады.

6. Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділгін артырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады.

7. Өндіріс шығындарының жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.

8. Қаржылық жоспар. Қаржы жоспарында мынандай көрсеткіштер көрсетіледі: айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы, негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу.

9. Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары.Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.

10. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейнін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процесстерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.
Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес, тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады. Сонымен қатар шығарылатын өнімдердің стандарттарға сай болуы қарастырылады.

  • сату көлемі;

  • тауар өнімі;

  • жалпы өнім жатады.

Сө = Тж +Qж.б. + Q ж.а.мұндағы: Сө - сатылатын өнім көлемі;Тж – жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі; Qж.б. + Q ж.а. – сатылмаған өнімдердің жылдың басындағы және Жө = Tө - Аб + Аамұндағы: Tө - тауар өнімі; Аб + Аа – жылдың басындағы және жылдың аяғындағы аяқталмаған Таза өнімнің көлемі – тауар өнімінің көлемінен материалдық шығындар мен негізгі қорлардың тозуын (амортизациясын) алып тастау арқылы анықталады. Тазаө = Тө - Мш +АнкМұндағы: Мш – материалдық шығын;Анк – негізгі қорлардың тозуы.

Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары.


Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.

  • кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;

  • дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;

  • фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырп, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;

  • жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.


Жаңа сабақты бекіту:

    1. Жоспарлау әдістемесін дамытудың негізгі бағыттарын ата.

    2. Норма дегеніміз не?

    3. Норматив дегеніміз не?

    4. Бизнес-жоспар дегеніміз не?


Үйге тапсырма: конспектті қайталау.


Ұсынылатын әдебиеттер: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:



БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

7-8

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Негізгі капитал және оның құрамдас элементтері.

Күні:

24.08.2019 ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Негізгі капитал туралы түсінік беру.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі капиталдың құрылысы туралы білу.

Сабақ түрі:

Аралас

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі, тест сұрақтары.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Сұрақ қою

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

Конспект, оқулық

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу


Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Негізгі капитал және оның құрамдас элементтері.

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Сұрақ қою

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:

    1. Жоспарлау әдістемесін дамытудың негізгі бағыттарын ата.

    2. Норма дегеніміз не?

    3. Норматив дегеніміз не?

    4. Бизнес-жоспар дегеніміз не?


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Негізгі капитал және оның құрамдас элементтері

Негізгі капитал - көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне карай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Ол өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар,құрылғылар, машиналар, көлік және т.б жатады.

Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді. 1-ші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған машиналардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды. 2-ші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады. Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация– негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.

Айналмалы капитал- өндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бір бөлігі. Айнымалы капиталдың элементтеріне өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы.

Ақша

1,2-ші –айналымның ақшалай сатысы, яғни ақша айналыс сферасынан өндіріс сферасына өтеді

2,3,4-ші – өндірістік саты, өндірістік запастар өздерінің натуралды нысандарын өзгертеді және дайын өнімге айналады

4,5-ші – ақшалай саты, дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары айналыс сферасына қайта келеді.

Формалар

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жеке шаруашылық - бизнес, иесі бір адам.

Іс әрекеттің еркінділігі, тәуелсіздік, барлық пайдаға ие болу

Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.

Серіктестік дегеніміз – бір-неше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:

- жауапкершілігі шектеулі,

- толық жауапкершіліктегі,

- жауапкершілігі аралас серіктестік.

Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, мамандандырылудың деңгейі жоғары, өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол.

Әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.

Акционерлік қоғам - акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.

Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды)

Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.


Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1. Қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

2. Ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.

3. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

4. Тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

5. Экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

6. Өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

7. Қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

8. Адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

9. Еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

10. Меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

11. Жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

12. Ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

13. Арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;


Жаңа сабақты бекіту:

    1. Негізгі капитал туралы түсінік беріңіздер.

    2. Негізгі капиталдың тозуын неше түрі бар, атаңдар.

    3. Амортизация деген не?

    4. Айналмалы капитал туралы түсінік беріңіздер.


Үйге тапсырма: конспектті қайталау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:



















БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

9-10

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Кәсіпорынның өндірістік қызметі.

Күні:

31.08.2019 ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Кәсіпорынның өндірістік қызметі мен оны ұйымдастыру, кәсіпорын құрылымы туралы түсінік беру

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Экономикалық білімін қалыптастыру.

Сабақ түрі:

Аралас

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі, тест сұрақтары.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Сұрақ қою

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

Конспект, оқулық

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу

Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Кәсіпорынның өндірістік қызметі.

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Сұрақ қою

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:

  • Негізгі капитал туралы түсінік беріңіздер.

  • Негізгі капиталдың тозуын неше түрі бар, атаңдар.

  • Амортизация деген не?

  • Айналмалы капитал туралы түсінік беріңіздер.


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Кәсіпорынның өндірістік қызметі.

Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы

Кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорын құрылымы деп аталады.

Кәсіпорынның жалпы құрылымы:

  • өндірістік (ғимарат, құрылыс);

  • өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайы, клуб, стадион) болып бөлінеді.

Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте өнім бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелерде қылыптасады. Бірнеше бөлімшеден цех құралады.

Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар.

  • өнім өндірудің күрделілігі;

  • кәсіпорын өлшемі;

  • өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;

  • өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;

  • орналасқан жері.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үш түрі болады:

  1. өндірістік жеке дара түрі - өнімдердің алуан түрін және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді арнаулы жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы, кеме жасау, ірі турбиналар, кен қазу жабдықтарын дайындау.

  2. өндірістің сериялық түрінде – кезең-кезеңімен қайталанатын партия бұйымын дайындауды сипаттайды немесе кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериямен шығаруды көздейді.

  3. жаппай өндіріс түрі – ірі көлемде шектелген номенклатура бойынша көп мөлшерде шығарылатын өнімді сипаттайды. Жаппай өндірістегі кәсіпорынды басқа түрлерімен салыстырғанда онда еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, ең төменгі өзіндік құн және өндіріс циклының қысқа мерзімі, өндіріс жетістігі сияқты тиімді көрсеткіштерге қол жетеді.

Өндірістік құрылым типтері:

  1. Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін немесе бөліктерінің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Заттық құрылымның мысалына автомобиль зауыттарының двигатель, шасси, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ киім өндірісінде – аяқ киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.

  2. Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады.

  3. Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіпте де қолданылады.

Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар жатады:

  1. Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының саны көп болады.

  2. Пайдаланылатын материалдарының сипаттамасы. Өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі.

  3. Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары.

  4. Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары.


Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет: егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы керек:

  • өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

  • кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;

  • өндірістік барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;

  • өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;

  • өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең жұмыс көлемін орындау

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы

Кәіпорынның жылдық өндіріс бағдарламасына сәйкес келешекте даму жоспарының негізінде мемлекет тапсырысы, өнімді дайындау мерзімі мен өндіріс көлемінің жобасы анықталады.

Өндіріс бағдарламасы төмендегідей жағдайға қарай анықталады:

  • жоспарланған жылы сатылатын өнімнің барлық номенклатурасы және ассортименті белгіленіп тұтынушылармен келісіледі;

  • жоспарланған мезгілде қоймадағы дайын өнім қоры (запасы), тиеліп жіберген өнім көлемі, сол сияқты керекті запастардың өндірісте өзгеруі, алдағы мерзімде күтілетін есептер мөлшері дайындалады;

  • аяқталып бітпеген өндіріс деңгейінің мөлшері және оны жоспарлау мерзімінде орын алатын керекті өзгерістер анықталады.

Өндіріс бағдарламасын жоспарлауда табиғи, еңбек және құндай өлшемдер қолданылады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылар күшіне, шикізатқа, отынға, электрқуатына, жабдықтарға қажеттілігі анықталады. Дегенмен, әртүрлі табиғи көрсеткіштерді жинақтау, біріктіру іс жүзінде мүмкін емес.

Табиғи өлшемдерді кеңейту шеңберінде шартты-табиғи көрсеткіші пайдаланады. Бұл жағдайда шартты бірлікте бірдей бұйымның бірін қабылдап, ал қалғанын еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы немесе басқадай белгісімен соған қарай теңестіріп қабылдауға болады, мысалы, майлылығы 40 пайызды құрайтын сабын, 1 тонна шартты белгідегі отын т.б.

Өндіріс көлемінде еңбек өлшемін айұқындауда, ереже бойынша, мөлшер-сағат және еңбек өнімділігін, еңбек ақы төлеу мөлшерін, өндіру мөлшерін және т.б. анықтау үшін табиғи жағымен үйлесуін пайдаланады.

Өндіріс көлемі құн өлшемінде жинақтаушы көрсеткіш ретінде кәсіпорынның барлық жоспарлар тарауларын бір-бірімен байланыстыратын әмбебап түрінде қолданады. Өндіріс көлемі тауарлы, жалпы және сатылған өнімдер көрсеткіштерімен сипатталады.

Жалпы өнім көлеміне, жалпы жұмыс көлеміне есепті жылы орындауға белгіленген және орындалған барлық өнім және қызмет түрлері жатады

Өндірістік қуатты қарқынды пайдалану факторлары

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік – техникалық параметрлер негізгі кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

Өндірістік қуат экономикалық категория ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері – машиналар мен жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарды қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының функциясы ретінде қарастыратын болса.

Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:

  • нақты жағдайларда ең жоғарғы экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар, техникалар және жабдықтарды сатып алу;

  • қажетті құрал-жабдықтардың қолайлы құрамын табу.

Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстарды өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды. Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытында орындауын қамтамасыз еткен жөн.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстардағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін бірыңғай объект кәсіпорынның өндірістік қуаты (бөлімшелері). Бұлардың арасындағы айырмашылық - факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.


Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторлар:


Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар

Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар

Машиналар саны (жұмыс орны) және олардың техникалық деңгейі

Өнімді қажетсіну

Өндіріс алаңдарының мөлшері

Кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау

Машиналар топтары арасындағы өткізу мүмкіндігінің үйлесімділік деңгейі

Кәсіпорынның жұмысшылармен қамтамасыз етілуі

Үйлесімді технология

Жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру

Механикаландыру және автоматтандыру

Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі

Материалдардың сапалылығы, бұйымдарды жетілдірудің конструкциясы, стандарттау және сәйкестендіру дәрежесін арттыру

Жабдық жиынтығының құрылымы, өндірістік қызмет етуді ұйымдастыру

Жұмысшылардың техникаларды игеру дәрежесі

Жабдықтардың жөндеуде тұрғандағы нормативтен тыс бос тұруы


Еңбекті ұйымдастыру және оны ынталандыру


Жаңа сабақты бекіту:

І. Сәйкестендіру тесті:

Әр ұғымға (аталымға) сай келетін анықтаманы тауып таңдаңыз


Аталымдар

Анықтамалар

1. Кәсіпорын құрылымы

А) Шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар

2. Өндірістік процесс (үрдіс)

Б) Кәсіпорынның құрамын бөлу, өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру

3. Жұмыс уақыты

В) өндірістік процесте белгілі бір бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы

4. Жұмыс орны

Г) Еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылауға жұмсайтын уақыты

5. Өндірістік цикл ұзақтығы

Д) Жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын жабдықталған өндірістік аудан бөлігі


ІІ. Тест тапсырмалары:

    1. Өндіріс дегеніміз –

А) нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісі

(процесі);

Б) операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеу процесі;

В) мақсатты кешенді бағдарламалар жүйесі;

Г) кәсіпорын жұмыстарының басқа да экономикалық көрсеткіштерге әсер ету процесі.


2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының неше түрі бар?

А) 2

Б) 3

В) 4

Г) 7


3. Шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған

жеке еңбек үрдістерінің (процестерінің) жиынтығы.

А) өндірістік құрылым;

Б) көмекші үрдістер (процестер);

В) өндірістік үрдіс (процестер);

Г) негізгі үрдіс (процесс).


4. Өндірістік цикл немен сипатталады?

А) операциялардың қалыпты ырғақтылығымен;

Б) сату көлемі мен өнім бағасымен;

В) еңбек жағдайының жақсаруы мен еңбек өнімділігімен;

Г) өнім өндіруге жұмсалған уақыт ұзақтылығымен және оның құрылымымен.



ІІІ. Есеп: Негізгі өндіріс қорының құрылымын анықтау қажет:


р/с

Негізгі қордың топтары

Құны, мың теңге

Құрылымы, %

1

Өндірістік үйлер

357543


2

Ғимараттар

63610


3

Беріліс қораптары

35784


4

Жұмыс машиналары

374430


5

Өлшеуіш приборлар

23889


6

Есептеуіш техника

21399


7

Көлік құралдары

21547


8

Күш машиналары

18460


9

Басқа да негізгі құралдар

15694


Барлығы






Үйге тапсырма: Лекцияға дайындалу. Қосымша әдебиеттерден конспект дайындау. Көрнекілік құралдар дайындау: буклет, карточка, БАҚ-нан тақырыпқа қатысты мақалалар қарастыру.


Қорытынды: Сабаққа белсенді қатысқан, үй тапсырмасын орындаған студенттерді бағалау. Уақытты тиімді, ұтымды пайдалана отырып сабақ барысына қорытынды жасау.


Ұсынылатын әдебиеттер: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:











БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

11-12

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Еңбекті нормалауы және өнімділігі.

Күні:

14.09.2019 ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Енбекті нормалауын есептеу әдістерінмен таныстыру.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Студенттердің экономикалық білімдерін қалыптастыру.

Сабақ түрі:

Аралас

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі, тест сұрақтары.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Сұрақ қою

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

Конспект, оқулық

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу

Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Еңбекті нормалауы және өнімділігі.

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Сұрақ қою.

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:


Кроссворд «Өндірістік қызмет»





Ө












Н














Д











І








Р










І









С










Т












І












К













Қ
















Ы
















З
















М
















Е
















Т











Сұрақтары:

  1. Негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз ететін үрдіс түрі.

  2. Өндірістің технологиялық даралығын анықтайтын құрылым түрі.

  3. Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделілігіне байланысты өндірістік үрдіс түрі.

  4. Еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдіс қалай аталады?

  5. Негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидағы негізделіп ұйымдастырылу құрылымы.

  6. Өндірісте өнімнің жеке түрінің өндірілуі, өндірісті ұйымдастырудың бір түрі.

  7. Негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы, тозу түрі.

  8. Негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуы және тозуының түрі.

  9. Белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

  10. Конкуренция сөзінің баламасы.

  11. Кәсіпкерлік қызмет түрі.


  1. Кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін не бөліктердің бір тобын өндірумен айналысатын өндірістік құрылым түрі.

  2. Негізгі өндіріс қорының өндірісте қолданылуына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына ақшалай көшіп отыруы.

  3. Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.

  4. Өндірістік бөлімшенің бір түрі, кәсіпорынның негізгі өндірістік бөлігі.

  5. Нарық пен экономикалық коньюктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасы (ағылшынның market деген сөзі, нарық деген мағына береді).


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Еңбектің нормалануы және өнімділігі

Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері

Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орныныңэкономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.

Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай  міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша  еңбек шығындарының қол жеткізілген  көлемін  бағалауды, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.

Өзінің  экономикалық мәні тұрғысынан еңбек  шарасы болып табылатын еңбек  нормалары:

-еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;

-ағымдағы  және перспективалық жоспарлау;

-еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;

-еңбектің  қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын  қамтамасыз етуге негіз болу;

-қызметкердің  мүдделерін оған еңбек нормаларына  сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін  атқарады.

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру  бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен  олардың қызметкердің мүмкіндігі мен  қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай  қағидаттарға құрылуы керек:

—  әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу  және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті  нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы);

— нормалар  еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі  керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;

— еңбек нормаларының  ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;

— ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін  ескеру;

— өнімге  көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу — өндіріс — пайдалану» циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал  етуді жүзеге асыруға мүмкіндік  беретін басқару жүйесін қалыптастыру.

Еңбек нормаларының түрлері

Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек  нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.

Уақыт нормасы – бұл  тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір  ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.

Өндіру  нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір  ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).

Қызметкерлер  санының нормасы – белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір  ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.

Қызмет  көрсету нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері) саны.

Нормаланған тапсырма – бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.

Басқарушылық  нормасы – бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).

Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық  нормаға) немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне (ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді. Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен, өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен  шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру  формаларымен айқындалады.

Ірілендірілген  және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне, дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа, технологиялық оқшауланған  операцияға, құрылыс кезеңі немесе объектісіне қарай белгіленеді.

Жұмыстарға  белгіленген,  ұйымдық-техникалық жағдайлары жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.

Еңбектің  уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы, технологияны игеру, нормалар мен нормативтік  материалдар болмаған кезде өндіріс  пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін белгіленеді.

Еңбектің  біржолғы нормалары біржолғы сипаттағы (жоспардан тыс, авариялық) жекелеген  жұмыстарға белгіленеді.

Еңбек нормаларының қандай да бір түрін  қолдану өндіріс жағдайына, еңбек  сипатына және басқа да факторларға  байланысты. Еңбек нормаларының негізгі  ең көп қолданылатын түрі уақыт нормасы  болып табылады, себебі жұмсалатын еңбек мөлшерін жалпыға ортақ  өлшеуіші болып табылады. Жұмыс уақытының  шығыны өндіру, қызмет көрсету және қызметкерлер саны нормаларының негізіне салынған.

Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар

Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар (бұдан әрі – нормативтік материалдар) – жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың, жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б. бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты  ұйымдық-техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің (уақыттың) регламенттелген мәні.

Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:

жабдық  жұмысы режимінің нормативтері;

уақыт нормативтері;

регламенттелген үзілістердің нормативтері;

қызметкерлердің саны нормативтері;

қызмет  көрсету уақытының нормативтері;

еңбек процессінің элементтері бойынша  сараланған және ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт, өндіру және қызмет көрсету нормалары.

Жабдық  жұмысы режимінің нормативтері – жабдықтың жұмыс параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін регламенттелген өлшемдері. Олар зертханаларда да, сол сияқты өндірістік жағдайларда да әзірленеді, әзірлеу барысында жабдықтың кинематикалық және динамикалық мүмкіндігі ескеріледі.

Нормативтер өндіріс типін, жабдықтың, өңделетін  материалдардың түрін, өңдеу, қолданылатын құралдардың сипаты мен жасалатын  өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді.

Уақыт  нормативтері – еңбек процессінің жекелеген элементтеріне жұмсалатын регламенттелген уақыт көлемі, олар нақты еңбек нормаларын, нормаланған тапсырмаларды есептеуге, ірілену дәрежесі едәуір жоғары уақыт нормативтерін әзірлеуге арналған.

Уақыт нормативтері еңбек процессінің  мынадай элементтеріне әзірленеді: еңбек қимылы, еңбек әрекеті, еңбек  тәсілі, тәсілдер кешені, еңбек операциясы, сондай-ақ еңбек уақытын жұмсау түрлері: негізгі, қосымша жедел уақыт, жұмыс  орнына қызмет көрсету уақыты, дайындау-қорытынды  уақыты, толық емес жеке уақыт.

Қызмет  көрсету уақытының  нормативтері – жабдық бірлігіне, жұмыс орнына және басқа да өндірістік бірліктерге қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыттың регламенттелген көлемі.

Қызметкерлердің саны нормативтері – жұмыс көлемі бірлігін немесе оның жекелеген функцияларын орындау үшін қажетті жұмысшылардың регламенттелген саны.

Еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне  және жұмыс уақытын жұмсау  түрлеріне бөлуге сәйкес  уақыт нормативтері сараланған және ірілендірілген деп бөлінеді.

Сараланған  уақыт нормативтеріне жекелеген  еңбек тәсілдерін, әрекеттерді және қимылдарды орындау нормативтері жатады. Еңбек қимылдары мен әрекеттерін  орындау үшін әзірленген сараланған уақыт нормативтері микроэлементті нормативтер деп аталады.

Ірілендірілген  нормативтер уақыт нормаларының бірнеше құрамдас бөлігі  бойынша жекелеген тәсілдерге немесе еңбек процессінің едәуір ірі элементтері – тәсілдер кешені, операцияға  белгіленеді.

Қолданылу саласы бойынша еңбек жөніндегі  нормативтік материалдар салааралық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.

Салааралық  нормативтік материалдар  еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша әзірленеді және экономиканың әр түрлі салаларындағы ұйымдарда бірдей технология бойынша ұқсас өндірістік жағдайда жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін пайдаланылады.

Салалық нормативтік материалдар  мемлекеттік басқарудың салалық органдарының шешімі бойынша әзірленеді және осы саласына тән жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін немесе жұмыстардың қандай да бір түрлеріне салааралық нормативтік материалдар болмаған кезде пайдаланылады.

Жергілікті  нормативтік материалдар жұмыстардың  жекелеген түрлеріне ұйымда тиісті салааралық немесе салалық нормативтік  материалдар болмаған жағдайда, сондай-ақ ұйымда еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және салалық  нормативтік материалдарды әзірлеген  кезде ескерілгенмен салыстырғанда  едәуір прогрессивті  ұйымдық-техникалық жағдай жасаған кезде әзірленеді.

Уақыттың  жұмсалу ұзақтығына әсер ететін факторлар

Нормативтерді әзірлеу сапасы сипаттамасының бірі еңбек құралының, жабдықтардың, технологиялық процесстің, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және жалпы эстетикалық жағдайлар, қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен олардың психофизиологиялық сипаттамасы ретінде қолданылатын уақыттың жұмсалуына әсерін тигізетін факторларды есептеу толықтығы болып табылады.

Жалпы жағдайларда факторлар қалыптасатын алдын-ала еңбек процесі мен  нормативтерді әзірлеушілер тәжірибесінің  мазмұнына  негізделіп  таңдалады, ал сонан соң алынған кемімелі (формулалардың) теңдеулерінің негізділігін сипаттайтын статистикалық өлшемдерінің негізінде нақтыланады.

Жұмыс түрлері бойынша алдын-ала топтастырылған нормативтер әзірленетін әртүрлі  операциялардың орындалу ұзақтығына әсер ететін факторлар еңбек шығынының  көлеміне операциялардың: техникалық, ұйымдастыру, психофизиологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлері бойынша орындау кезінде әсерін тигізетін, өзгермейтін және ауыспалы факторлар келтірілуге тиіс кестелер түрінде ұсынған ыңғайлы.

Одан  әрі зерттеу кезінде жұмыстың орындалу ұзақтығына әрбір (тәуелсіз ауыспалы) фактордың әсер ету дәрежесі анықталады және нормативтерді есептеу үшін қолданылатын эмпирикалық формула  түрінде тәуелділік белгіленеді.

Эмпирикалық формула түрінде  көрсетілген жалпылама деректер негізінде тәуелділікті айқындау нормативтерге таңдап алынған шеңберде жан-жақтылықты қосады, бұл оның сипаттайтын  параметрлері қандай құрамда болуына қарамастан өнімнің кез келген  бірлігін даярлауға арналған нормаларды есептеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.


Бастапқы  деректерді математикалық  әдістермен өңдеу

Бастапқы  деректерді талдау және өңдеу зерттелетін  факторлардың әсер ету дәрежесін  айқындау мен нормативтік формулаға  енгізілетін негізгілерін таңдау, сондай-ақ:

—         негізгі  (кемімелі теңдеуі) факторлардан уақыт тәуелділігін таңдау;

—         кемімелі (формуласы) теңдеуінің параметрлерін  айқындау;

—         алынатын  нәтижелердің дұрыстығын тексеру;

—         нормативтік кестелерді әзірлеуді қамтиды.

Жұмысшылардың еңбек шығынын нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу  мына:

—         орташа  көлемді есептеу;

—         кемімелі  теңдеуін дәлелдеудің  графикалық талдау тәсілі;

—         ең кіші квадрат әдісі;

—         өзара байланысты — кемімелі  математикалық-статистикалық әдістеріне негізделеді.                                                                                             Тәуелділік  түрін таңдау біркелкі шкалалармен  координаттар жүйесінде графикаға  арналған бастапқы деректердің орналасудан  кейін жүзеге асырылады. Егер нүктелердің  орналасуы фактор мәнінің өсуімен  уақыттың жұмсалуының біркелкі көбеюін (азаюын) көрсетсе, онда тәуелділік  сызықтық болады. Егер графикадағы нүктелердің орналасуы турасызықты көрсетпесе, онда дәрежелік тәуелсіздік орын алады.

Бастапқы  деректерді математикалық өңдеу  және кемімелі теңдеуінің қорытындысы  процесінде нормативтердің қажетті  дәлдігі қамтамасыз етілуге тиіс.  бұл үшін шығарылған қорытындылар ен қабылданған факторлар көлемінің негізінде факторлардың көлеміне сәйкес уақыт жұмсалуының нормативтік  шамасын есептеу қажет.

Уақыттың  жұмсалуы туралы бастапқы деректерге сәйкес алынған нормативтік көлемін  салыстырғанда +/-15% аспауға тиіс нормативтіктен әрбір мәні бойынша жеке бастапқы уақыт шығыны ауытқуларының пайызы белгіленеді.

Асыру факторларды таңдау немесе тәуелділік және оған байланысты теңдеу сипатын  анықтау кезіндегі кемшіліктер, сондай-ақ кейбір бастапқы деректердің  ықтимал дәлелсіздігі туралы дәлелдейтін  болады.  Осы үшін бар кемшіліктерді анықтау және  кемімелі теңдеуді қайта шығару қажет болады.

Нормативтерді орташа шамаларды  есептеу әдісімен әзірлеу

Орташа шаманы белгілеу әдісін жұмысты орындау қиындығы мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс уақытының жұмсалуын бақылау нәтижелері бойынша алынған бастапқы материалдарды өңдеу кезінде нормативтерді әзірлеудің бірінші қадамында басқа, барынша прогрессивті әдіспен тәуелділігін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда нормативтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолдануға болады.

Орташа  шаманы есептеу әдісін нормативтерді  әзірлеу процесінде қолданғанда  мынадай жұмыстарды орындау көзделеді:

—         қиындығы  сол бір факторға байланысты жұмыстың белгілі бір түрлері бойынша  уақыттың жұмсалуын өлшеу нәтижелерін  топтастыру;

—         төзімділіктің нақты коэффициенттері бойынша (бақылау  нәтижелері) нақты хронологиялық  қатарды бағалау. Егер төзімділіктің  нақты коэффициенті нормативтіктен кем немесе тең болса, хронологиялық  қатар төзімді болып есептеледі, ал егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен асып кетсе, хронологиялық  қатар төзімсіз болып саналады, және оны жақсарту қажет, яғни төзімді  қалыпқа келтіру керек;

- жақсартылған  хронологиялық қатардың орташа арифметикалық  мәні ретінде нормативтік уақытты (еңбектің жұмсалуы нормасы) айқындау.


Жаңа сабақты бекіту:

    1. Еңбек нормаларын ата.

    2. Нормативтік материалдарды ата.

    3. Жұмыс уақытының ұзақтығына әсер ететін факторларды ата.

    4. Нормативтерді орташа шамаларды қалай есептейді?


Үйге тапсырма: конспектті қайталау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:

















БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

13-14

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Жұмысшылардың жалақысы

Күні:


Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Жалақы туралы түсінік беру. Жұмысшылардың жалақысын мөлшерін анықтау және есептеу.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Студенттердің экономикалық білімдерін тереңдету.

Сабақ түрі:

Практикалық жұмыс

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу, практикалық.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі, тест сұрақтары.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Практикалық жұмыстың барысын түсіндіру

Практикалық жұмысты орындау

Практиқалық жұмыс

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу

Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Жұмысшылардың жалақысы

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Практикалық жұмыс

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:

    1. Еңбек нормаларын ата.

    2. Нормативтік материалдарды ата.

    3. Жұмыс уақытының ұзақтығына әсер ететін факторларды ата.

    4. Нормативтерді орташа шамаларды қалай есептейді?


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Жалақы екіге бөлінеді:

— негізгі;

— қосымша;

Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді:

— жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;

— қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;

— жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);

— кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;

— ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;

— мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

— түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

— жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

— балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;

— жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

— мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
— негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

— пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

— шыққанда берілетін жәрдем ақы;

Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады.

Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Кәсіпорынның жоспарымен (болжамымен) белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.

Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

1-нысаны – мерзімдік;

2-нысаны — кесімді;

Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;

2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;

3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;

4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;

5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

— Сағаттық;

— Күндік ақы;

— Айлық ақы;

Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:

1. Тікелей кесімді жүйе;

2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;

3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;

4. Жанама – кесімді жүйе

5. Аккордық жүйе;

Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.

Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).

Жанама — кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.

Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.

Кесімді, сондай — ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынай үлесін есекере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнініде айталық. Бригадалық табысты бөлу КТУ ескерілген тариф бойынша жалақыға пара – пар жүргізіледі. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы алатындар үшін және бір сағат жұмыс үшін кесімді ақы алатын үшін қызметкерлер разряды бойынша белгіленген. Жұмысшылардың қызметіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі. Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негзделеді. Уақыт нормасы – бұл адам / сағат, адам / күн көрсеткіштерімен көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады. Кесімді бағалау (Б) былайша есептейді:

1.Шығарылым нормасын қолданған кезде (Н шығ.) Б=Т/Н шығ. , мұндағы Т – тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (Бірегей тарифтік кесте айлық балансына бөлу жолымен анықтайды).

2.Уақыт нормасын қолданған кезде (Н уақ.) Б=Т*Н уақ.

Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде анықталады.

01 Жалақы = нақты жұмыспен*сағаттық тариф сомасы өтелген сағаты саны ставкасы  мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы сағаттыұ тариф ставкасы 76 теңг болған кезде 182 сағат жұмыс істеген. Жалақы сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге.

Қызметкерлердің жалақысы бойынша есептеледі:

— егер жұмыскер сол айдығы жұмыс күндерінде толыұтай жұмыс істесе, онда жалақының мөлшері қызметақы мөлшеріне сәйкес келеді:

— егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы нықты жұмыспен өтелген уақытқа қарай есептеп шығарылады.

Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген.

Айдың орташа күндік жалақысы: 11300/26 =434,62 теңге. Менеджердің жалақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оның жалақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді. Шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша жалақы қорына (К-т 681) немесе тұтыну қорына (562-шот) жүргізіледі:

1.Өндірістік тапсымаларды орындау және асыра орындау;

2.Еңбек өнімділігінің өсуі, бұымның еңбекті қежет етуін төмендету, шығарылымының жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін игеру басқалар.

Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың толтарына сараланып белгіленеді.

Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% — ті мөлшерінде сыйақыберу көзделеді.

Техника ық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде тұрып қалуы — 3%.

Мысалы. Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерніде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.

1.Тарифтік жалақы: 160*100 = 16000 теңге.

2.Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.

3.Жалақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.

Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы көресткіштері үшін сыйақы алады.

Жеке өсімдік еңбекақы

Тадыс әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолдарынмен анықталады.

Мысалы. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30*205,56=7516,8 жеңге.

Бригадалық кесімді еңбекақы

Жұмысшыларды жалақысы бригадалардың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар жеке (әрбір кесіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.

Жеке бағалауды қолданған кезде жалақы жұмыстың осы түрінің бағалауын бригада, цех, учаске жасаған (өңдеген) бұйым (жұмыс) санына көбейту жолымен анықталады.

Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анқталады. Ол бригада мүшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар бөлінеде (жұмысшы разрадының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Жалақы КТУ ескерілген тариф бойынша (КТУ жалақысы) есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді жалақысы КТУ ескерілген тариф бойынша бригада жалақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық жалақысы тариф бойынша жалақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады.

Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың жалақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болыды. Бұл орайда жанама – кесімді бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымның санына қатынасы ретінде анықталады.


Практикалық жұмыс

Жұмысшылардың жалақысын есептеу

Жұмыс барысы:

Мысалы. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты 3 адам бар кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8-40,40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Петтов – 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд).

1.Бригаданың жалақысы 8040,40*2машина = 16080,80 теңге.

2.Тариф бойынша жалақы:

Ахметов 80*100=8000 теңге

Ким 60*80=4800 теңге

Петров 70*56= 3920 теңге.

3.Нақты жалақыны бөлу коэффиценті

16080,8 /(8000+4800+3920) =096

4. Айлық жалақы:

Ахметов 8000*0,96=7680 теңге

Ким 4800*0,96=4608 теңге

Петров 3920*0,96=3000 теңге

Жиыны:16080,80 теңге.



Жаңа сабақты бекіту:

    1. Жалақы неше түрге бөлінеді?

    2. Жалақының мөлшерін қалай есептейді?

    3. Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің неше нысаны бар? Оларды ата.


Үйге тапсырма: конспектті қайталау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:










БЕКІТЕМІН

__________________


Сабақ жоспары

Курс:

3 ай

Группа:

5

Сабақ нөмірі (қос сабақ)

15-16

Мамандық-Біліктілік:

1211000- Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121103 2 – Тігінші

Пән / модуль атауы:

Экономикалық курс

Нарықтық экономика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Өндіріс шығындары, өнімнің өзіндік құны.

Күні:


Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

№ 8 колледж, «Тігінші» арнайы пән кабинеті

Сабақ мақсаты:

Өндіріс шығындарын анықтау және есептеу әдістерін үйрету.

Сабақ міндеті:

Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Студенттердің экономикалық білімдерін тереңдету.

Сабақ түрі:

Аралас, практикалық жұмыс

Сабақ әдісі:

Сөйлеу, АКТ, әнгімелесу, практикалық.



Қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернет желісі, тест сұрақтары.

Қосымша ақпарат көзі:

Оқулық: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

3) М.Айдарханов. Основы экономической теории. – Астана: Фолиант, 2008 г.

Оқытушы туралы ақпарат:

Аты-жөні: Рахимова Нулифар Бахадировна

Тел.: 8-705-548-22-84

E-mail: [email protected]


Сабақтың жоспар онспектісі

Сабақ барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керек оқу құралдарын дайындау


2. Үй жұмысын жан - жақты тексеру

5

Үй жұмысын тексеру

Сұрақтарға жауап беру

конспект

3. ББД жан - жақты тексеру кезеңі

10

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

Жауап беру

Оқулық

4. Білім алушылардың жаңа материалдарды түсініп және белсенді игерудегі дайындық кезеңі

10

АКТ әдістерін қолдану

Сұрақтар қою

Интернет,

көрнекіліктер, оқулық

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі

20

Түсіндірме жұмыстары

Толық түсініп алу

Альбом, сән журналдары, көрнекіліктер

6. Жаңа материалды білімалушының түсінуін тексеру кезеңі

10

Анықтама беру

Жауап беру

Конспект

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі

20

Практикалық жұмыстың барысын түсіндіру

Практикалық жұмысты орындау

Практиқалық жұмыс

8. Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі

5

Үй тапсырмасын беру, оқулықты нұсқаулық

Нұсқаулықтарды толық түсініп алу

Оқулықтар,

интернет

9. Сабақты қорытындылау

5

Бағалау

Жақсы баға алу



Сабақ барысы және жұмыс уақытын зерделеу

Сабақ кезеңінің атауы

Жұмыс нысаны/студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру

Ұзақтығы

Өндіріс шығындары, өнімнің өзіндік құны.

90 мин

Дайындық

Оқу құралдарын түгелдеу, көрнекілік құралдар

5 мин

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ қою арқылы жалпы түсініктерін анықтау

10 мин

Түсіндіру

Жаңа сабақ, интерактивті тақта, парақша дайындау

30мин

Әдіс түрлерін қолдану

Сөйлеу, АКТ, практикалық

20 мин

Қандай дәрежеде түсінгенін тексеру

Практикалық жұмыс

20 мин

Қорытынды, талап қою

Бағалау, үй тапсырмасы, қосымша талаптары

5 мин

Өткен сабақты қайталау:

    1. Жалақы неше түрге бөлінеді?

    2. Жалақының мөлшерін қалай есептейді?

    3. Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің неше нысаны бар? Оларды ата.


Жаңа сабақ бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін нарыққа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың нарықта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оларды сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

1. өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

2. өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

3. өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.


Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауысппалы шығындарға бөлу.

Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылу мөлшеріне тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасында елеулі айырмашылық бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Тікелей шығындар – нақты бір өнім түрін өндірумен байланысты экономикалық бір тектес шығындар.

Өзгермелі шығындар – шығарылатын өнімнің көлемі тікелей үйлесімді өзгеретін және шығарылым құрылымына тәуелді болатын шығындар.

Жанама шығындар - өнімнің бірнеше түрін дайындаумен немесе оны өңдеудің түрлі кезеңдерімен байланысты болғандықтан жекелеген бұйымдарды тікелей тиісті белгісіне қарай есептеуге болмайтын шығыстар.


Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты шығындар.

Жөнелтпе (жүкқұжат) шығындары - өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету бойынша белгілі бір жұмыс жағдайларының әсерінен (пайда) болатын өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты емес (байланыссыз) шығыстар.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б.үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

Өнім өндіруге кеткен шығындар - өндіріс шығындары. Олардың өсіп немесе кеміп кетуіне : қолданылатын материалдық немесе еңбек ресурстары, техника деңгейі, өндірістің ұйымдасуы және т.б. факторлар әсер етеді. Соған орай, өндіруші кезегінде шығындарды азайтудың жолдарын қарастырады. Сонымен өндіріс шығыны деген не?

Өндіріс шығындары және оларды өткізу (өнімнің өзіндік құны, жұмыс, қызмет көрсету) деп өнімді (жұмыс, қызмет көрсету),табиғи ресурсты, шикізатты, материалды,жанар-жағар майды,энергияны, негізгі қорды, еңбек ресурстарын өндіру, сонымен қатар басқаларын өндіру мен өткізуге кеткен шығындарын қолдану процесіндегі құндық бағалауды айтамыз.

Өндіріс шығындары және өнімді өткізу келесідей шығындармен байланысты:

· технология және өндірісті ұйымдастырумен байланысты өнімді өндірумен;

· табиғи шикізатты қолданумен,

· өндірісті дайындау және игерумен;

· өндірісті және технологияны жетілдірумен, сонымен бірге өнімнің сапасын арттырумен, оның тұрақтылығын жоғарылатумен, ұзақтылығымен және басқа да эксплуатациялық құрамдастарымен (капиталдық емес сипаттағы шығындар);

· ойлап табумен және рационализациялаумен, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын өткізумен, үлгілер және олардың нұсқаларын дайындаумен және сынаумен, авторлық марапаттауды төлеумен және т.б.;

· өндірістік процестерге қызмет көрсетумен:өндірісті шикізатпен, материалдармен, жанар-жағар маймен, энергиямен, құралдармен және т.б. еңбек құралдарымен,негізгі өндірістік қорларды жұмыс жағдайында сақтаумен, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындаумен;

· еңбек және техникалық қауіпсіздік жағдайларымен қамтамасыз етумен;

· өндірісті басқарумен: кәсіпорынның әкімшілік басқару аппаратының жұмысшыларын, фирмалардың және олардың құрылымдық бөлімшелерін сақтау, іс-сапарларды, басқарманы техникалық құралдармен қамтамасыз ету, консультативтік, ақпараттық және аудиторлық қызмет көрсетулерге төлемдерді өтеу, кәсіпорынның, фирмалардың және т.б.мекемелердің коммерциялық қызметіне байланысты әкімшілік шығындар;

· кадрларды дайындау және қайта даярлаумен;

· мемлекеттік халықты жұмыспен қорғау,мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамту қорына төлемдер;

· медициналық сақтандыруға міндетті төлемдер.

Әрине, кәсіпорын, фирма (табыс немесе шығыс) қызметінің нәтижесі оның қаржылық іс-әрекетіне сайып келеді, яғни өнімді өткізуіне (қызмет көрсету, жұмыс), негізгі қорлар мен басқада кәсіпорын мүлкіне, фирма және өкізілмеген операциялардан түскен табыстан олардың шығынын өтеу сомасына. Қорытындысында өнімді сатудан түскен пайда мен оларды өндіру мен сатуға кеткен шығындар арасындағы айырмашылық анықталады.

Калькуляциялау – шығын түрлерін тікелей сол шығын жеткізушілеріне жатқызу процесі, ал калькуляция – нақты бір өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу.

Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, калькуляциялау және есепке алу үшін оларды басқаруда келесідей топтамалар қолданылады:

· өндіріс түрі бойынша – негізгі және көмекші;

· өнім түрі бойынша – жеке бұйымдар, жекелеген бұйымдар тобы, тапсырыс, шек, жұмыстар, қызметтер;

· шығындар түрі бойынша – есепке алу баптары (өнімнің өзіндік құнын және аналитикалық талдауды есептеу) және шығын элементтері (шығынның сметалық жобасын жасау және өндіріске кеткен шығындарды есептеу үшін);

· шығынның жұмсалуы орны бойынша – учаске, цех, өндіріс, шаруашылық бригада.

Калькуляция баптарының тізімін, олардың құрамын және өнім түрлері бойынша бөлістіру әдістері, жұмыс, қызмет көрсету салалық-әдістемелік жоспарлау сауалдары, өндірістік құрылымы мен сипатын ескере отырып өнімнің өзіндік құнын есептеу (жұмыс, қызмет көрсету) есепке алу және бойынша анықталады. Мысал ретінде машина құрастыру зауыттарында кеңірек қолданылатын шығындардың калькуляциялық баптарын қаралық:

1. Шикізат және материалдар (қалдықтарды шегеру арқылы).

2. Сатып алынатын бұйымдар, жартылай шикізаттар және біріккен кәсіпорындардың қызмет көрсетуі.

3. Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы.

4. Қосымша өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы.

5. Негізгі және қосымша өндірістік жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік сақтандыруға төлемі.

6. Өндірісті дайындауға және оны игеруге арналған шығындар.

7. Құралдарды сақтауға және эксплуатациялауға арналған шығындар

8. Цехтық шығындар.

9. Ортақ зауыттық шығындар.

10. Ақаулықтардан жоғалтулар.

11. Өндірістік емес шығындар.

Цехтың өзіндік құны + ортақ зауыттық шығындар және ақаулықтардан жоғалтулар - Өндірістік өзіндік құнды құрайды. Жоғарыдағы барлық 11 баптар -өнімнің толық өзіндік құнын көрсетеді.

Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы.

Өзіндік құнның экономикалық мағынасы – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.

Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

Кәсіпорында дайын өнімнің өзіндік құны (Ө1) мына формула бойынша есептеледі:

Ө1 = ΣШіб

N

мұндағы Шіб - өнім өндірісіне жұмсалатын і-бөлінісінің шығындары;

N – шығарылған өнім көлемі.

Өндірістік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын есептеудің негізгі әдістерін қолданады:

· тікелей шоттық;

· нормативтік;

· есептік-аналитикалық;

· параметрлік.

Тікелей шоттың әдісі -өте қарапайым әрі нақты.Бұл әдісте өнім бірлігінің өзіндік құны ортақ шығындарды дайындалған өнімнің санына бөлу арқылы есептеледі.Бұл әдіс тек қана біртекті өнім өндіретін кәсіпорындарда өте шектеулі қолданылады, сонымен қатар ол жекелеген калькуляция баптарына шығындарын білдірмейді.

Өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік әдісі - жаппай өндірісте нақты өнім бірлігіне жұмсалатын фактілік шығындардың өзгерісі ескерілген кәсіпорындарда қолданылады. Ол норма және еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды нормативті қолдануға негізделген. Сонымен бірге норма және ресурстарды нормативті қолдану ғылыми әрі пргресивті негізделген болуы, әрі олардың көлемін жүйелі түрде қарастыру қажет.

Өте нақты және өнімнің өзіндік құнын есептеудің жетілген әдісі – ол есептік-аналитикалық. Онда алджымен кәсіпорынды жан-жақты, әрі мүмкін болатын өзгерістерді талдау жүзеге асырылады. Қандай факторлар және олар өнімнің өзіндік құнына қалай әсер ететіні ескеріледі. Жоспарланатын кезеңдегі ұйымдық жұмыс жағдайы мен техникалық-экономикалық жағдай норма және нормативке негізделеді.

Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды есептеуде - параметрлік әдіс қолданылады.Ол кәсіпорын шығындарының заңды түрдегі өзгерістердің өнім сапасының сипатына байланысымен анықталады. Солай, бұйымның өзіндік құнын оның 1 килограмм құнының, машина мен құралдардың 1 тонна салмағының құны негізінде анықталады. Сонымен бірге берілген өнім сипатына өте жақын келетін басқа да көрсеткіштер қолданылуыда мүмкін. Өнімнің сапасын жақсартуға бағытталған қосымша шығындарды да бұл әдіс бойынша анықтауға болады.

Осы таңда нарықтық экономикаға көшу кезінде көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькляциялық баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады. Олар:

· тікелей жіберудегі материалдық шығындар (технологиялық мақсаттағы шикізат, материал,жанар-жағар май және энергия).

· еңбекақы шығындары (тікелей жіберудегі).

· басқа да тікелей шығындар.

· өндірісті басқару мен қамтамасыз ету шығындары (қосымша).

Кәсіпорын алдында өндіріс шығындарын қайткенде жылдам әрі қалай нақты алуға болатыны туралы мәселе тұрады. Кейде кәсіпкерге ұсыныстар базасы негізінде шығындардың калькуляциясын құруына тура келеді. Сонымен қатар шығындар калькуляциясы –индикативтік сипаттағы ақпарат алу берілген нормадан, жоспардан, алдын-ала бекітілген стандарттардан ауытқуын көрсетуге, сол ауытқулар себебін анықтауға және сол сияқты ауытқулар қысқарту немесе жоюға қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Калькуляция баптарынан басқа ұсынылатын сипаттамалар топтарының шығынын көрсететін өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын құраушылар экономикалық құрамы бойынша топтасқан элементтер төмендегідей болады:

· материалдық шығындар (қайтпалы қалдықтар құнын алып тастау);

· еңбек ақы шығындары;

· әлеуметтік қажеттіліктерге аударулар;

· негізгі қорлардың амортизациясы;

· басқа да шығындар.

«Материалдық шығындар» элементінде өнім өндіру үшін өндіріске және технологиялық мақсаттарға (ғимараттарды жылыту, транспорттық жұмыстар және т.б) жұмсалатын шикізат пен материалдар, қосалқы бұйымдар мен жартылай шикізаттар, энергия мен жанар-жағар майдың барлық түрлерінің сатып алынатын құны көрсетіледі. Материалдық ресурстарға жұмсалатын шығындардан өнім өндіру процесінде құралған, әрі шығарылатын өнімнің тұтынушылық сапасын толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан қайтпалы қалдықтар болып саналатын шикізаттар, материалдар, жылу таратушылар қалдығының құны алынып тасталады.

«Еңбек ақы шығындарының» құрамына: кәсіпорынның негізгі өндірістік персоналына еңбекақы шығындары, яғни өндірістік нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге премиялар, ынталандырушы және қалпына келтіруші төлемдер, сонымен қатар кәсіпорын (фирма) штатында жоқ, бірақ негізгі қызметпен айналысатын жұмысшыларға еңбекақы шығындары кіреді.

«Әлеуметтік қажеттіліктерге аударулар» элементінен: жұмысшылардың еңбекақысының шетінен мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың әлеуметтік сақтандыру, Зейнетақы қорына, халықты жұмыспен қамту мен медициналық сақтандыру бойынша Мемлекеттік қорға бекітілген нормалар бойынша міндетті төлемдері көрінеді.

«Негізгі қорлардың амортизациясының» құрамына негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар сомасы кіреді, яғни олардың баланстық құны мен бекітілген нормаларынан шығатын олардың активті бөлігінің жеделдетілген амортизациясын қоса.

Жоғарыда көрсетілген шығындар элементінің құрамына енбеген басқа да шығындар «басқа шығындар» элементінен көрініс табады. Бұлар: салықтар, жинақтар, арнаулы қорларға аударымдар, бекітілген ставкалар бойынша несие төлемдері, іс-сапарларға,байланыс қызметіне шығындар және т.б.

Сонымен, калькуляция баптары бойынша шығындардың топтастырылуы - бұл шығындардың барлық тауарлық өнімнің бірлігін өндіру мен өткізу шығындарын есептеу мен есепке алуы.

2. Қазіргі таңда экономикамыздың дамуы кәсіпорындардың жемісті қызмет етуіне байланысты екені белгілі, сондықтан да әр кәсіпорын тиімді қызмет етуі үшін белгілі көрсеткіштер қуатын кеңінен қолдана отырып, жұмысын дұрыс жоспарлау қажет. Осындай белгілі көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындағы өндіріс және оның өнімдерін өткізудегі шығындардың ақшалай түрі. Оған барлық еңбек шығындары (шикізат, отын, энергия, амортизация және т.б.) және тірі еңбек шығыны (еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыруға аударулар) кіреді. Тірі еңбектің басқа бөлігін, өндірісті кеңейту мақсаттары және жалпымемлекеттік қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, қоғамның таза табысы құрайды. Ол өзіндік құнға жатпайды, пайда мен салық айналымы түрінде кіреді.

Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік шарушылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткішті есептеу – берілген көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын бағалауға, оның динамикасын, кәсіпорынның рентабелділігін және әртүрлі өнім түрлерін анықтауға, өндіріс ішінде шаруашылық есеп жүргізуге, өзіндік құнының төмендеу себептерін, өнімге бағаны анықтауға, елде ұлттық пайданың бөлінуін, жаңа техника және техниканың экономикалық тиімділігін есептеуге, жаңа өнім түрін өндіру шешімінің туындауына қажет.

Өнімнің жеке және салалық өзіндік құнын ажыратып көрсетуге болады. Кәсіпорынның өз өндірісі мен өнімді өткізу шығындары жеке өзіндік құнды құрайды. Салалық өзіндік құн салалар бойынша орташа шығынмен анықталады. Бұл негізінен көтерме баға қоюда қолданылады.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде шығындардың пайда болу орнына қарай цехтық, фабрика-зауыттық және толық өзіндік құн деп бөлінеді.

Цехтық өзіндік құнда цехта шығарылатын өнімді дайындау шығындары қарастырылады. Өнімнің (қызмет) өзіндік құны учаске, ауысым және бригада үшін анықталады.

Жалпы өндірістік өзіндік құн – кәсіпорындарды басқару бойынша шығындарға кіретін жалпы өндірістік шығындар және цехтық-өндірістік шығындар сомасы (зауыт басқару қызметшілерінің еңбек ақылары, жалпы зауыттық ғимараттарды ағымды жөндеуі және амортизациясы).

Фабрика- өндірістік өзіндік құн мына формуламен табылады:

ФЗӨ=Цех.ө.(1+ф.з.с.), (1)

мұндағы: Цех.ө. – цехтық өзіндік құн;

ф.з.ө. – бірлік үлесіндегі.жалпы өндірістік шығын.

Өндірістік өнімнің толық өзіндік құны өнім өндіру және оны өткізу шығынынан тұрады, яғни бұл фабрика-зауыттық өзіндік құн және өндірістен тыс шығындар (ыдыс құны, белгіленген келісім және нормаларға сәйкес тауар өткізетін ұйымдарға аударулар) сомасы. Сонымен қатар өндірістік емес шығындар да (ақаудан жоғалтулар, дайын өнім және материалдардың бұзылуы, жетіспеушілігі) есептеледі.

Толық өзіндік құн келесі формуламен есептеледі:

Тө.қ.=ФЗӨ(1+0,03), (2)

мұндағы: 0,03 – бірлік үлесіндегі өндіріспен байланысты емес шығындар.

Мақсаттарға байланысты өзіндік құнның келесі түрлері қолданылады: жалпы, тауарлы немесе өнімнің өткізілген өзіндік құны, салыстырмалы өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.с.с. Сондай-ақ жоспарлы, есепті және есеп айырысу өзіндік құны ажыратылады.

Жоспарлы өзіндік құн шығындардың максималды мүмкін шамасын айқындайды және кәсіпорынға қажет өндірісті ұйымдастыру және техника деңгейінің шығындарын қамтиды. Ол негізгі капитал, еңбек шығындарының және энергетикалық, материалдық ресурс шығындарының актив бөлігін қолдануда жоспарлы прогрессивті норма бойынша есептеледі.

Есепті өзіндік құн жоспарлы шығындарды нақты шығындармен салыстыру негізінде өзіндік құнның төмендеуі бойынша жоспарлы міндеттердің орындалу деңгейінен анықталады. Есепайырысу өзіндік құны - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін нығайту жобалары негізіндегі технико-экономикалық есептерде қолданылады.

Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын жоспарда және есепте сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

- салыстырмалы өнімнің өзіндік құнының өзгеруі;

- тауар өнімінің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Салыстырмалы тауар өнімінің өзіндік құнының өзгеруі - бұл базистік жылдағы мұнай және газдың өз құнына жатқызылған пайызбен көрсетілген үнем немесе қымбаттау.

∆Ср=i=hΣi=1Qiпл-i=hΣi=1QiплСiб:i=h Σi=1QiплСiб, (3)

мұндағы: i=hΣi=1 Qiпл Сiб – осы өнімнің жоспарлы өзіндік құнына енгізілген әртүрлі өнімнің жоспарлы санының сомасы;

i=hΣi=1 Qiпл Сiб – базистік кезеңде осы өнімнің өзіндік құнына енгізілген өнімнің барлық түрінің жоспарлы санының сомасы.

Осындай әдіспен салыстырмалы тауар өнімінің нақты өзгерісін анықтайды.

Тауар өнімінің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар барлық тауар өнімінің өзіндік құнын тауар өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Өндірісте есептеу тәсілі бойынша өнімнің жоспарлы (сметалы) нормативтік және нақты өзіндік құндарын бөліп көрсетеді.

Жоспарлы (сметалы) өзіндік құн кәсіпорындағы өнім өндірісінің ұйымдық-техникалық деңгейіне қажет шығындарды қамтиды. Ол белгіленген баға мен ресурстарды тарифтік пайдаланудың жоспарлы нормасы бойынша есептеледі.

Нормативтік өзіндік құн ресурстарды пайдаланудың ағымдағы нормасы негізінде есептелген өндіріс және өткізу шығындарын айқындайды. Ол нақты өнімнің нормативті калькуляциясында көрінеді.

Нақты өзіндік құн есептік кезеңдегі нақты өнім түрін дайындау және өткізу шығындарын анықтайды. Ол нақты өнім өндірісіне кеткен ресурстардың шығындарын сипаттайды. Шығарылатын өнімнің өзіндік құнына кәсіпорынның барлық шығындары кірмейді. Мысалы: өнеркәсіптік емес шаруашылық шығындары (кәсіпорынның балансындағы балабақшалар, емханалар, жатакханалар, мектептер, клубтар және т.с.с.) кірмейді.

Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылады:

- негізгі қызметшілердің еңбекақы қорынан 21% көлемінде әлеуметтік сақтандыруға аударулар;

- банк несиелеріне пайыз;

- негізгі капиталдық жұмыс қабілеттілігін қолдау шығындары.

Өнімнің өзіндік құны тек сандық емес, сонымен бірге сапалық ерекшеленеді. Мысалы: өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнына кәсіпорында жиналатын жинақ кірмейді - бұл сандық ерекшелік. Сапалық ерекшелік – еңбек заттары мен құралдарының шығындары олардың ақшалай түрінен көрінеді, яғни бағаға әсер етеді.

Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнының жүйелі төмендеуі - өндірістің өнеркәсіптік тиімділігін көтерудің негізгі шарттарының бірі. Өзіндік құн кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, басқару сапасын көрсететін сапалы көрсеткіш, сонымен қатар өндіріс және еңбектің технико-экономикалық деңгейін бағалайтын құрал.

Өзіндік құн бағаның құралуының нәтижелі базасы ретінде болады және пайда, рентабелділік деңгейі, жалпымемлекеттік ақша қоры – бюджеттің құрылуына әсер етеді.

Өнімнің өзіндік құн деңгейі кәсіпорынның техникалық және ұйымдық жетістіктерінде, жұмыстың кемшіліктерінде, еңбек және қаржы ресурстары мен табиғи байлықты пайдаланғанда, шаруашылықтандыру әдістерінде, жұмысшының творчестволық ынтасын дамытуда, ауылшаруашылық қызметтің теріс және оң жақтарында көрінеді.

Өзіндік құн техникалық және шаруашылық шешімдердің экономикалық тиімділігінің шектік көрсеткіші болып табылады - өндірістің автоматизациясы, механизациясы, экономикалық аудандар және салалар бойынша капитал салымдарын бөлу, өндірісті бірлестіру және мамандандыру.

Өзіндік құн – көтерме бағаның негізгі базасы. Бағаның екінші бөлігі - таза табыс. Бағаның негізгі базасы өзіндік құн болғандықтан өндіріс нақты шығынын көрсетуге тиіс.

Өзіндік құнның төмендеуі - пайда мен рентабельділіктің көбеюімен, өсімге бағаның төмендеуі, еңбекақының көбеюі, өндірістің көбеюі, материалды – еңбек ресурстарын жинақтаудың басты көзі. Пайда мөлшерін анықтау өнімді өткізу, баға және өзіндік құнды жоспарлаумен байланысты.

Өзіндік құнды жоспарлау оның құралу факторлары мен жағдайына әсер етеді, ішкі шаруашылық есептің негізі және экономикада прогрессивті, ұйымдастыру ролін атқарады.

Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын басқару - өнім өндірісіндегі шығынның және жеке өнімнің өзіндік құнының қалыптасуының, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі бойынша орындалған тапсырмаға бақылау жүргізудің жоспарлы процесі. Өнімнің өзіндік құнын басқару жүйесінің негізгі элементтері болып шығынды болжау, жоспарлау, нормалау, калкульяциялау, өзіндік құнды бақылау және талдау табылады.

Өнімнің өзіндік құны – маңызды сапалы көрсеткіштердің бірі. Оның төмендеуі ұлттық шаруашылық маңызда, себебі: кәсіпорында пайданың құрылуына, өнеркәсіптік өнімнің бағасының төмендеуіне ықпалын тигізеді. Сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының төмендеуі ұлттық табыстың көбеюін, ұдайы өндірістің қарқынын жоғарылатып, жұмысшылардың материалды жағдайларының деңгейін қамтамасыз етеді.

Өнімнің өзіндік құнының төмендеуінің бағыттарын және жолдарын өнім өндіруге жұмсалатын шығындар негізінде анықтайды. Өзіндік құнды талдау процесінде бұл көрсеткіштермен жоспардың қалай құрылғанын, өткен жылға қарағанда өзіндік құн қаншаға кемігенін, өзіндік құнның төмендеу себептерін және факторларын, оның соңғы нәтижелерге сандық әсерін анықтау қажет.

Талдаудың негізгі міндеті - өнімнің өзіндік құнының төмендеуінің қорларын және оларды пайдалану жолдарын жасау.

Өзіндік құнды талдау процесінде алғашқы кезекте мына материалдар қолданылады:

1)Кәсіпорынның әлеуметтік және экономикалық даму жоспары, оның негізгі бөлімдері - «Өнімнің өзіндік құнының жоспары», «Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы», «Өндірістің тиімділігін көтеру жоспары».

2)Кәсіпорынның жылдық есептері - 1С формасы, «Өндірістік бірлестік, кәсіпорынның өзіндік құн жоспарын орындау жөнінде есеп» қосымшасымен, шығындардың құрылуы және бөлінуі көрінетін өнеркәсіптік өнімнің жеке түрлерінің рентабельділігі туралы анықтама керек.

3)Ағымды есептік – 1С формасы, сонымен бірге өзіндік құнның есептік калькуляциясы.

4)Кәсіпорын бөлімдерінің есептері және алғашқы аналитикалық есептің мәліметтері.

Өзіндік құнның талдауы келесі негізгі бағыттарда жүреді:

- өзіндік құнның қорытынды көрсеткіштерінің динамикасын және оның өзгеру факторларын талдау.

- өнім бірлігінің өзіндік құны немесе тауар өнімін 1 теңгеге шаққандағы өзіндік құнын талдау.

- шығындар құрылымын және оның динамикасын талдау.

- өзіндік құнды төмендету қорларын айқындау.

- өнімнің өзіндік құнын факторлы талдау.

Өзіндік құнның талдауы өткенді шолатын, жедел алдын алу болжауы түрлерінде болуы мүмкін. Өткенді мерзімді шолатын талдау шығындар динамикасының ақпараттарын жинау және оның өзгеру факторлары мақсатында жүргізіледі. Өткенді шолатын талдау нәтижелері өнімнің жоспарлы өзіндік құнын анықтауда, баға саясатын құруда, өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді жасағанда қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнының жедел талдауы өндірістік емес шығындары және жоғалтуларды уақытында анықтау үшін 1, 5, 10 күндік есеп мәліметтері бойынша немесе күн сайын жүргізіледі. Жедел талдау нәтижелері ресурстармен иілгіш маневр жасау үшін қолданылады.

Бұйымдардың нақты түрлерінің өзіндік құнын алдын ала талдау бұйымның өмірлік циклінің алғашқы сатысында - ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу этапында жүргізіледі.

Болашақты (болжамды) талдау нарықтағы ресурстар өзгерісін болжауға байланысты бұйымдардың жеке және толықтай өзіндік құнының төмендеуі немесе жоғарылауын бағалауға негізделген. Келешекте жалпы шығындардың өзгерісін анықтау үшін талдаудың «Шығындар-көлем-пайда» қатынасты әдісі қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар құрамы және оларды жіктеу. Өзіндік құнды төмендету қорларын айқындау, оны жоспарлау, есептеу және талдау өндірістік шығындар құрамын және оның жіктелуін талап етеді. Шығын классификациясының келесі белгілері кең қолданылады:

1. Ұдайы өндіріс процесіне байланысты шығындар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік шығындарға өнім өндіруге кеткен, алөндірістік емес шығындарға өнім өткізуге кеткен шығындар жатады.

2. Шығындардың экономикалық мазмұнына қарай шығындар негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі шығындарға техникалық процеспен байланысты шығындар (шикізат, негізгі материалдар, технологиялық отын және энергия, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары және т.б.).

Қосымшаға басқарма мен өндіріске қызмет ету бойынша жұмсалған шығындар жатады.

3. Өзіндік құнға қосу негізінде шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді:

Тікелей шығындар - өнім өндіруге байланысты шығындар, сол себепті өзіндік құнға енеді. Мысалы: мұнай өндіру өнеркәсібінде газ тасымалының шығындары тек газ өндірісіне байланысты, сондықтан тек газдың өзіндік құнына кіреді.

Жанама шығындар – тікелей шығындардан өзгешелігі кәсіпорын немесе цехтың бүкіл қызметіне байланысты шығындар. Бұған өндіріске қызмет ету және басқару шығындары жатады. Мысалы: цехтық шығындар, жалпызауыттық шығындар. Бұрғылау жұмыстарының өзіндік құнын жоспарлау және есептеуде шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.

Тікелей шығындарға бұрғылау және скважиналармен байланысты шығындар жатады. Қосымша шығындарға – жұмысты ұйымдастыру, жұмысшыға қызмет көрсету, бұрғылау ұйымын басқару шығындары жатады. Бұл шығын барлық скважиналар мен жұмыс түрлеріне қатысты.

4. Өндіріс көлеміне қарай шығындар шартты-өзгермелі және шартты-тұрақты болып бөлінеді.

Шартты-өзгермелі - бұл өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар, бірақ олардың деңгейі өнім бірлігіне өзгеріссіз қалады. Мысалы: бұл шығынға мұнай өндірудегі электрэнергиясын жатқызуға болады.

Шартты-тұрақты шығындар керісінше, өндіріс көлемі өзгерсе де өзгеріссіз қалады, олардың деңгейі өнім бірлігіне өзгереді. Мұндай шығындар болып скважиналар амортизациясы, цехтық, жалпызауыттық, қосымша, жалпыкәсіпшілік, негізгі қордың ағымды шығындары жатады.

Өнім бірлігіне жоспардың артық орындалуы бұл шығынның төмендеуіне әкелсе, орындалмауы - өсуіне әкеледі. Шартты-тұрақты шығын үлесі мұнай және газдың барлық өндірістік өзіндік құнының 70-75% құрайды.

Біртектес шығындар элементті (жәй) және кешенді болып бөлінеді.

Элементті - алғашқы, сапалы біртектес шығындар. Оларға шикізат, негізгі материалдар, еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыруға аударулар және т.б.

Кешенді - өндірістік процестермен немесе өндірісті басқарумен байланысты әртүрлі элементті шығындардан тұрады. Скважиналарды бұрғылағанда мұндай шығындар болып бұрғылау құрылғылары мен құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша шығындар, ал мұнай өндіруде негізгі қордың ағымды жөндеуі бойынша шығындар табылады.

Кәсіпорын жұмысына қарай шығындар кәсіпорыннан тәуелді (материалды және еңбек ресурстары шығындарының нормасы) және кәсіпорынмен тәуелді емес шығындар (амортизация нормасы, бағалар, тарифтік мөлшерлеме) өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Өнім шығарумен байланысты шығындар, оған қоса басқару шығындары - жаңа өнім түрлерін игерту шығындары, өнім сапасын жақсарту, өндірістік процессте жүретін өндірісті ұымдастыру, техника және технологияны жетілдірумен байланысты шығындар (капитал салымдары есебінен жүзеге асатын шығындардан басқа) қауіпсіздік техникасы, еңбек жағдайы, жұмысшылардың тәжірибесін көтеру шығындары.

Өтім бойынша шығындар – шығын элементтері, материалды шығындар (шикізат және материалдар, жартылай дайын өнімдер және сатып алынған толықтырушы бұйымдар, энергия және т.б.), еңбек ақы шығындары, әлуметтік қажеттіліктерге аударулар, негізгі қордың амортизациясы, өзге шығындар (материалды емес активтердің тозуы, аренда төлемі, міндетті сақтандыру төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар, өнімнің өзіндік құнына кіретін салықтар, бюджеттен тыс қорларға аударулар және т.б.).

Кәсіпорынның өзіндік құны өнімді өндіруде жұмсалған табиғи ресурстар, шикізат, материал, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары, сонымен қатар өнімді өндіруге және оны өткізуге жұмсалған басқа да шығындардан тұрады.

Осымен, өнімнің өзіндік құнына берілген сипаттамадан мынандай түйінге келуге болады: бұл көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын бағалауға, кәсіпорынның рентабельділігін жєне әртүрлі өнім түрлерін анықтауға, жаңа техника және технологияның экономикалық тиімділігін есептеуге т.б шаруашылық қызметтерге қажет.

 

Шығындарды есептеу әдісі және өнімнің өзіндік құнының калькуляция мәні және оны құру жолдары. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткішінің бірі екенін атап өткен болатынбыз, енді осы өнімнің өзіндік құнын жан–жақты сипаттап есептеу әдістерін калькуляциялық статьялары бойынша топтасуын қарастырайық.

Өндірісте шығындар сметасы кәсіпорынның шығындарының жалпы сомасын есептеу үшін құрастырылады. Өндірістегі шығындардың жоспарлы сметасының негізгі бөлігін тауарлы өнімдерді шығындармен байланысты шығындар құрайды. Өндірістегі шығындар сметасына сонымен бірге жаңа өнім түрлерінің меңгерілуі бойынша барлық шығындар енгізіледі. Өндірістегі шығындар сметасы ішкі зауыттық айналымсыз құрастырылады, яғни кәсіпорынның ішінде пайдаланатын өндірістің өз өнімдері. Бұл ережені қолданбайтын текстилді, тері-аяқкиім, қант, ет, темекі өнеркәсібінің бірлестіктері. Оларда өндірістің өзінің жартылай дайын өнімдері цехтан цехқа өзіндік құн бойынша емес, белгіленген есепті баға бойынша беріледі.

Өндірісте шығындар сметасы әртүрлі әдістермен жасалуы мүмкін. Оның қолданылуы мақсаттарға, міндеттерге, жоспарлау түрлеріне, сонымен бірге өндірісте ерекшеліктеріне сүйенеді. Кәсіпорынның перспективті жоспарын құрғанда өндірістегі шығындардың іріленген әдіс есебінің сметасы қолданылады. Ол өте қарапайым және жоспар құруға қажет экономикалық есептерді қамтиды.

Есептік жыл шығындарының сметасында жалпы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын коэффициентін анықтайды. Осы коэффициенттер және жылдық жоспардың негізгі көрсеткіштері (өндіріс көлемінің, еңбек өнімділігінің, орташа еңбек ақының өсуі, материалды ресурстардың шығын нормасының төмендеуі) негізінде жоспарлы кезеңдегі жалпы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын коэффициенті анықталады. Осы коэффициенттер және өндірістің жоспарлы көлемінің мәліметтері бойынша өндірістегі шығындар сметасы жасалады.

Шығын сметасын жасаудың нақты әдісі кәсіпорынның жылдық жоспар жұмысын нақтылауда қолданылады. Оған сметалы әдіс, цехтық смета әдісі және калькуляциялық әдіс кіреді.

Сметалы әдістің маңызы – кәсіпорын бойынша сметаның құрылуы цехтар бойынша алдын ала сметаны жасамайақ жүргізіледі. Сметаға нәтижелі мәліметтер техөнеркәсіптік қаржылық жоспардың сәйкес бөлімдерінен алынады. Негізгі қордың амортизациясы және өзгеде ақшалай шығындар сомасын есептеуге арнайы есептеулер жасалады.

Цехтық смета әдісі - өндірістегі шығындар сметасын толық дәлелділікпен жасауға мүмкіндік береді. Сметаны құруда өндірістің негізгі және көмекші цехтары бойынша ұқсас сметаны пайдаланады.

Калькуляциялық әдісте өндіріс шығындарының сметасы өнімнің шығарылуының бекітілген көлемі және алдын ала есептелген жоспарлы калькуляциясы негізінде жасалады. Өнім бірлігінің (қызмет) өзіндік құнының өндіріс көлеміне енгізілген сомасы тауар өнімінің өндірістік және толық өзіндік құнын береді.

Өндірістік шығындардың сомасы аяқталмаған өндіріс және құралдардың өзіндік құнының өзгеруінен тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнын түзету арқылы болады.

Өндірістегі шығындардың жалпы сомасының есебі өзіндік құн жоспарының дәлдігін және оның басқа бөлімдермен үйлесімін тексеру үшін негізделген.

Өнімнің өзіндік құнын анық есептеу үшін калькуляциялық бірлік және дұрыс калькуляция объектісін таңдау қажет. Калькуляцияның объектісіне бұйымдардың жеке түрлері, топтары, жеке бұйымдар, жартылай дайын өнімдер, әртүрлі жұмыстар, тапсырмалар жатады. Калькуляция объектісін анықтауда калькуляция мақсаттары, өнім сипаты, технология ерекшеліктері ескеріледі.

Калькуляциялық бірлік – бұл калькуляция объектісін (дайын өнім және жұмыс, жартылай дайын өнімдер, жеке детальдар) өлшейтін бірлік. Мысалы: машинақұрастыруда калькуляциялық бірлік болып анықталған конструкция және маркідегі машина, ал текстилді өнеркәсіпте белгіленген артикульді мата саналады.

Өнімнің сапасының жоғарылау мәні калькуляциялық бірліктің үлкен дифференциясын қажет етеді. Бұл тұтыну қасиеттері бар өнім бірлігін анық есептеу үшін керек.

Өнімнің немесе қызметтің жеке түрлерінің бірлігіне және барлық өткізілген өнімге өзіндік құнды есептеу калькуляциясы деп аталады.

Калькуляцияның жоспарлы, сметалы, нормативті және есепті немесе нақты түрлерін бөліп көрсетеді.

Жоспарлы калькуляция жоспарлы кезеңге (жыл, квартал) өнімнің немесе жұмыстың орташа өзіндік құнын анықтайды. Оны шығынның прогрессивті нормасынан шығатын шикізат, материал, отын, еңбек еңбек шығыны құрайды, яғни қызмет шығындары және құрылғыларды пайдалану. Шығынның бұл нормасы кезеңге орташа болып табылады. Жоспарлы шығынның әртүрлілігі сметалы калькуляция болып табылады, яғни тапсырма берушімен есеп айырысу, бір реттік өнім немесе қызметке анықталған бағалар.

Нормативті калькуляция ай басында шикізат, материал және т.б. шығындар нормасынан құралады. Шығынның ағымды нормасы ұйымның жұмысының өндірістік мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Жыл басында шикізат, материал, отын шығындарының ағымды нормасы инфляция және бағаның өсу жағдайында жоспарлы калькуляцияға салынған шығынның орташа нормасынан төмен, ал жыл аяғында керісінше жоғары. Бухгалтерлік есептегі өнім өндірісінің нақты шығындарынан және өнімнің немесе орындалған жұмыстың нақты өзіндік құнынан құралады. Нақты өзіндік құнға жоспарланбаған өндірістік емес шығындарда енеді.

Өнімнің өзіндік құн калькуляциясы әртүрлі әдіспен жүзеге асады. Калькуляция әдісінде калькуляция бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін әдістер жүйесін пайдаланады.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы әдісін таңдау өндіріс типінен, оның күрделілігінен, аяқталмаған өндірістен, өсудің циклдік ұзақтығынан, өнімнің номенклатурасынан тәуелді.

Өнеркәсіптік кәсіпорында өнімнің нақты өзіндік құн калькуляциясы және шығындарды есептеудің нормативті, және (жәй) әдістері қолданылады. Өнімнің өзіндік құн калькуляциясы және шығындарды есептеудің нормативті әдісі өңдеуші өнеркәсіптік саладағы күрделі және әртүрлі өнім өндіретін жаппай және сериялық өндірісте қолданылады. Оның мәні келесілерде: нормативті калькуляциямен қарастырылған ағымды норма бойынша өндірістегі шығындардың жеке түрлері есептеледі, технико-ұйымдастыру шаралары нәтижесінде шығындардың ағымды нормасына енгізілген өзгертулер және бұл өзгертулер өнімнің өзіндік құнына әсерін анықтайды. Нақты өзіндік құн шығындардың ағымды норма сомаларының қосындысынан тұрады.

Нормативті әдісті қолдануда өндірістің және басқарманың қызмет етуі бойынша шығындардың кварталды сметасы, ай басына негізгі шығын нормасы негізінде нормативті калькуляцияны жасау талап етіледі. Технологиялық процестері үзіліссіз ұйымдарда шығын нормасы сирек өзгереді, сондықтан жоспарлы өзіндік құн нормативтіден көп айырмашылығы жоқ. Бұл ұйымдарда нормативтінің орнына жоспарлыны қарауға болады.

Жеке шығындарда белгіленген нормадан нақты шығындардың ауытқуын документтеу немесе инвентарлық әдіспен анықтайды.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және өндірістік шығындар есебінің нормативтік әдісі 2 функцияны орындайды;

1. Өндірістік шығындарға шығынның ағымды нормасы жолымен оперативті бақылау жүргізу.

2. Өнімнің өзіндік құнының нақты калькуляциясын есептеу.

Декадалық әдісі жөндеу жұмыстарында және т.б. әртүрлі өндірістерде қолданылады. Бұл әдісте калькуляция және есеп жүргізу объектісі болып жеке өндірістік тапсырма табылады. Тапсырма – бұл өнімдер, біртектес өнімнің ұсақ сериалары немесе жөндеу, монтаждау және экспериментальды жұмыстар. Ұзақ мерзімді ірі өнімдер дайындағанда тапсырма түгелдей сол өнімге емес, оның агрегаттарына да беріледі. Бұл әдісте барлық шығындар тапсырма аяқталғанша аяқталмаған өндіріс болып саналады. Осы әдістің кемшіліктеріне–шығын деңгейін оперативті бақылаудың жоқтығы және аяқталмаған өндірістің күрделілігі жатады.

Шектік әдіс шикізатты кешендіпайдалану өндірістерінде, шикізат пен материалдар өңдеудің бірнеше деңгейінен өтетін жаппай және ірі сериалы өнеркәсіп саласында қолданылады. Осы жағдайда шығындар бойынша есептеледі. Әртүрлі өнімдердегі бір шикізат негізгі өнім болады. Қалғандары қосалқы болады немесе оларды белгіленген баға бойынша бағалайды. Қосалқы өнімнің құны өндірістегі жалпы шығын сомасынан шегеріледі, ал қалған шығындар негізгі өнімнің өзіндік құны болады. Шектік (қайта жасау, бөлісу) әдісте нормативті әдістің маңызды элементін пайдаланады – нақты шығындардың ағымды нормадан ауытқуының жүйелі көрінісі. Нормативті әдіс элементін пайдалану күн сайын өндіріс шығындарына бақылау жасайды, нормадан ауытқу себептерін ашады, өнімнің өзіндік құнының төмендеу қорларын айқындайды.

Процестік (жәй) әдіс аяқталмаған өндірісі жоқ, өнім номенклатурасы шектелген салаларда қолданылады (өндіруші өнеркәсіпте, электростанцияда). Бұл әдіске көмір өнеркәсібі, мысалға: 1 тонна көмірдің өзіндік құны шығындарды көмір көлеміне бөлумен табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорында бұл әдіс аяқталмаған өндірісі жоқ, бір немесе бірнеше өнім түрін өндіретін жәй көмекші өндірістер қолданылады.

Мұнай өнімдерінің өзіндік құнының калькуляция әдісі мұнай өңдеу өндірісінде өзара байланысты процестер - әр технологиялық процесс шығындарын анықтауды және ондағы жеке өнімдердің өзіндік құн калькуляциясын анықтауды қажет етеді. Бұл негізде жәй және күрделі кешенді технологиялық процестер болады:

Жәй процесте бір немесе бірнеше шикізат, жартылай дайын өнім түрлерінен тек бірғана негізгі өнім шығады. Бұл процессте барлық шығындар өндірілген өнімге кіреді.

Кешенді процесте өнімінің өзіндік құн есебі келесі түрде жүргізіледі:

1. Процестегі жалпы шығындар калькуляциясының барлық статьялары бойынша анықталады.

2. Белгіленген тәртіпте жолай өнімнің өзіндік құны бағаланады.

3. Процесстегі жалпы шығындардан жолай өнімнің құнын шегереді.

Жоспарлау үшін калькуляция және шығын есебінің келесі классификациясы қарастырылады:

- өндірістің түрі бойынша – негізгі және көмекші

- өнім түрі бойынша – жеке өнім, біртектес өнім тобы, тапсырма, өзгерту, жұмыс, қызмет

- шығын түрі бойынша – калькуляция статьиялары және шығын элементтері

- шығынның пайда болу орындары бойынша – учаске, цех, өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құны калькуляциясының келесі негізгі әдістері қолданылады:

- тікелей есептеу

- нормативті

- есепті-аналитикалық

- параметрлік

Өндіріс шығындарын төмендету резервтері

Өндірістік өнімнің өзіндік құнын төмендету ( Р↓С) резервтерінің негізгі көздері болып:

1) кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толық қолдану есебінен өнімнің көлемін арттыру ( Р↓VӨШ);

2) шикізат, материалдар, электр энергиясы, жанар-жағар майлар.


Практикалық жұмыс

Өндіріс шығындары, өнімнің өзіндік құны.

Жұмыс барысы:

1. Екі топқа бөлініп кәсіпорындар шығаратын заттын өзіндік құнын шығару.

2. Постер қорғау.

3. Қорытынды.



Жаңа сабақты бекіту:

    1. Өндірістік шығындардың түрін ата.

    2. Өнімнің өзіндік құны қалай есептеледі?

    3. Калькуляциялау дегеніміз не?

    4. Өзіндік құнын есептейтін формуланы атаңдар.


Үйге тапсырма: конспектті қайталау.


Ұсынылатын әдебиеттер: 1) Ж.Ходжаниязова. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2017 ж.

2) Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаева, А.Ибраева. Кәсіпорын экономикасы. – Астана: Фолиант, 2017 ж.


Мұғалім:






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Поурочные планы по экономике

Автор: Рахимова Нулифар Бахадировна

Дата: 15.12.2019

Номер свидетельства: 532090

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "ПОУРОЧНЫЙ ПЛАН ЗАНЯТИЯ: "Организация оплаты труда. Тарифная система и её элементы." "
    ["seo_title"] => string(90) "pourochnyi-plan-zaniatiia-orghanizatsiia-oplaty-truda-tarifnaia-sistiema-i-ieio-eliemienty"
    ["file_id"] => string(6) "154292"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421146453"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "Поурочный план по географии на тему: География хозяйства, транспортные условия. 9 класс "
    ["seo_title"] => string(96) "pourochnyi-plan-po-ghieoghrafii-na-tiemu-gieoghrafiia-khoziaistva-transportnyie-usloviia-9-klass"
    ["file_id"] => string(6) "201568"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429089635"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "поурочный план на тему "Иран. Авганистан""
    ["seo_title"] => string(41) "pourochnyi-plan-na-tiemu-iran-avghanistan"
    ["file_id"] => string(6) "247839"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446635762"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Поурочный план на тему: Бизнес-план"
    ["seo_title"] => string(35) "pourochnyi_plan_na_temu_biznes_plan"
    ["file_id"] => string(6) "649413"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1713790681"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Разработка поурочного плана по "Всемирной истории" для 7 класса "
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotka-pourochnogho-plana-po-vsiemirnoi-istorii-dlia-7-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "141072"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418053538"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства