kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жұлдыздар еліне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚМҰҚ - дан ортаңғы топқа арналған оқу қызметінің конспектісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жұлдыздар еліне саяхат"»

Ортаңғы «Бүлдіршін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 09.04.18ж

Тәрбиеші: Торина С.А

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «ҚМҰҚ»

Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: «Жұлдыздар еліне саяхат»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.


3.Оқыту: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру, пішіндердің көлемін, түсін. Дұрыс атауға дағдыландыру және кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру, жыл мезгілдерін, тәулікті, геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету, мадақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: сандар, мальберт, жұлдызшалар, сандықша, смайликтер, сиқырлы таяқша, кітап.

Билингвалдық компонент: звездочет-жұлдызсанаушы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

(Балалар жартылай шеңберде тұрады) тәрбиеші жұлдызсанаушы костюмінде кіреді, қолында сиқырлы таяқшасы бар.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн. Біз бүгін ерекше ғажайып әлемге ғажайып қызықтары бар елге есік ашамыз. Бірақ ол ертегі әлеміне тек қана қиялдай алатын, армандайтын, саяхатты ұнататын балалар ғана бара алады. Ал онда бару үшін мен сендерге көмектесемін. Бүгін мен ғажайыптар әлемінен келген Жұлдызсанаушы боламын. Балалар мен баяғыдан бері ғажайыптар елінде тұрамын. Мыңдаған жылдар бойы мен көптеген ғажайыптар мен қызықтарды көрдім. Менде өзімде баяғыдан келе жатқан сиқырлы кітабім бар. Онда өзімнің ерекше және қызықты оқиғаларым мен ертегілерімді жазамын. (сиқырлы кітабін алады) ертегіні тыңдаймыз. Баяғы өткен заманда жұлдыздар елінде бір патша тұрыпты, оның Жұлдызды ханымы мен Жұлдызша атты ханшайым қызы болыпты. Бір күні патша өз елінде барлық заттарды санауға бел буыпты. Аспанда қалықтап ұшып, санап, санап, үйіне оралыпты. Жұлдыз ханым патшадан сұрапты: Не істедің? Бәрін санадың ба? Ал патша болса бәрін ұмытып қалыпты. Жұлдыз ханым ашуланып, ал патшаның көңілі түсіп кетеді. Сол кезде ақылды Жұлдызсанаушы оған айтады....

-Балалар, қалай ойлайсыңдар Жұлдызсанаушы патшаға қандай кеңес береді? (балалардың жауаптары)

Ал Жұлдызсанаушы оған айтты: «Бәрін ұмытпас үшін барлығы қанша жұлдыз, бұлт, құстар, аңдар және т.б. санау кезінде бәрін сандар көмегімен жазу керек еді. Цифр ол сан белгісі.»патша мүмкін цифрларды білмейтін шығар? Балалар жұлдыздар елінің патшасына көмектесеміз ба? Қазір сиқыршы таяқшамен бір серпіп сендерді өзімнің көмекшілеріме айналдырып, сендермен жұлдыздар еліне аттанамыз. «КРИБЛЕ-КРАБЛЕ-БУМС»

Біздің бөлмемізге кіріп, ақырын ғана орындарымызға отырамыз. Енді сендер жас Жұлдызсанаушыларсыңдар. Ал патша өзінің портретін қалдырып, өзі аспаннан телескоп арқылы қарап отыр. Ойлап отыр: «Тапсырмаларды орындай ала ма әлде жоқ па?»


ІІ. Негізі бөлімі:


1тапсырма: «Заттарды сана»

Т: Қараңдар, патша өз карточкаларын тастап кетіпті, мүмкін санай алмаған шығар? Карточкадағы заттарды санап, оларды цифрмен белгілендер (балалар санап, қасына керек цифрды қояды)

-Қанша шырша?

-Қанша жаңғақ?

-Қанша саңырауқұлақ?

-Қанша гүл?

-Қанша ағаш?

-Балалар дұрыс санадыңдар ма? Кімде дұрыс шықпай қалды?

-Қалай дұрыс санау керек? (балалр тәрбиешімен қайталайды санау кезінде заттарды бір да бір затты қалдырмау керек және екі қайта санамау керек)

-Мен патшаның дауысын естимін – ол өте риза! Жарайсыңдар!


2тапсырма: «Сандар ауысып кетті»

(Тәрбиеші балаларды мальбертке назар аудартқызады)

Т: -Бұл елде жұлдызды құйын өтіп кеткен ғой. Барлық сандар ауысып кетіпті. Қандай сан өз орындарында тұрған жоқ? (балалардың жауаптары)

-Айлин 2 санын орнына қой.

Сендер де алдарында тұрған цифрларды рет-ретімен қойындар. Қойдыңдар ма?

-Қандай цифр 3 цифрдың алдында тұр?

-Қандай цифр 1 цифрнан кейін түрады?

-3пен5-тің арасында қандай цифр тұруы керек?


3тапсырма: «Тығылмақ»

Т:Цифрлармен тығылмақ ойнаймыз. Көздерімізді жұмамыз. Ашамыз. Қандай сан тығылып қалды? (3 өйткені 2 ден кейін 3 келеді)

-Жарайсыңдар!Ойын қызықты болды.



4тапсырма: «Жұлдыздарға үйшіктер»

(Жұлдызша пайда болады)

Т:Ертеде жұлдыздар болыпты. Олар отбасымен тұрыпты. Отбасылар әртүрлі болыпты. Бір отбасы- бір жұлдызша, ал басқа отбасында көп. Барлық жұлдызшалар бір көшеде тұрыпты. Жұлдыздарды дұрыс орналастыруға көмектесейік. Мынау қандай үйшік? Рет-ретімен санайық. (балалар рет-ретімен санайды бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші)

Т: балалар, қалай ойлайсыңдар, жұлдыздар қандай үйде тұратындарын ұмытпас үшін не істеу керек?(балалар сандарды ретімен қойып, 1-ші үйге 1 жұлдызша, 2-ші үйге 2жұлдызша т.с.с. кете береді.)

-Жарайсыңдар! Жұлдыздар сендерге рахмет айтып жатыр.


5 тапсырма: «Бұлт пен жұлдыз»

Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы жұлдыздарға назар аударатады.

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі жұлдыздар! Біз жұлдызсанаушылармыз ғой! Қанеки санайықшы неше жұлдыз? (4 жұлдыз)

-Ал қанша бұлт? Не көп? Қаншаға көп?

Әр жұлдызшаны әр бұлтқа қондырып ұйықтатайық.

Барлық жұлдызға бұлт жетті ме? неге? Не істеу керек? (тағы бір бұлт керек)

Енді біздің жұлдыздарымыз демалып жатыр. Оларға жақсы түстер кіріп жатқан шығар.


6 тапсырма: сергіту сәті: қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді.

7 тапсырма: «Тәулік бөліктерін ата»

Т: Жұлдыздар елінде де уақыт бір орында тұрмайды екен. (суреттерге назар аударады)

  1. тәулік бөліктерін ата (таңертең, күндіз, кеш, түн)

  2. Тәулік нешеге бөлінеді? (төртке)

  3. Өткен күнді қалай атайды? (кеше)

  4. Қазіргі тәулікті қалай атаймыз, дәл осы шақта болып жатқан? (бүгін)

Біздің топта күн тәртібі бар (суреттерді көрсету)

-қайсы ерте – түскі ас па әлде кешкі ас па?

-қайсы кешірек – серуен әлде таңғы ас па?

-қайсы ертерек – бесін ас па әлде түскі ұйқы ма?



8 тапсырма: «Логикалык есептер»

  1. Бұтақта 4 торғай отырды 2 торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?

  2. Камиллада 3 алма болды ол 1 алманы Айданаға берді. Камиллада неше алма?

  3. Айдоста екі машина болды ол 1 машинасын досына берді. Айдоста неше машина?

  4. Айманда 3 қарындаш болды. Шолпан оған тағы 2 қарындаш берді. Айманда неше қарындаш?


9тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»

Бос торға пішіндерді орналастыру.













10 тапсырма: «Ханшайымның сыйлығы»

Т: Балалар сендер жақсы қатысқандарын үшін Жұлдыз ханшайымы сендерге сыйлық алып келіпті. (жамылғыш)

-Оң жақ жоғарғысында не бейнеленген?

- Сол жақ төменгі жағында не бейнеленген?

- Сол жақ жоғарғы жағында не бейнеленген?

-Оң жақ төменгі жағында не бейнеленген?

-Дұрыс! Жарайсыңдар!


ІІІ. Қорытынды:

-Балалар сонымен қатар патша сендерге сондай риза юолып жатыр, ол да сендерге сыйлық алып келіпті қарайық не сыйлады екен?

-Балалар, бүгін біз қайда болдық?

-Не істедік?

-Не ұнады?

-қазір өздеріне ұнаған смайликтерді алыңдар, яғни бүгін кімнің көңіл күйі қандай болды?

-Балалар осымен саяхатымыз аяқталды, сендер өздерінді ақылды, байқампаз екендерінді дәлеледіңдер, енді балабақшаға қайтатын уақыт болды қанеки сиқырлы сөздерімізді айтайық. «КРИБЛЕ-КРАБЛЕ БУМС»





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жұлдыздар еліне саяхат"

Автор: Торина Самал Аблайкановна

Дата: 10.05.2018

Номер свидетельства: 469050

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?арыш ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(25) "g-arysh-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "134767"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416805940"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Жала? ж?не жайылма с?йлем"
    ["seo_title"] => string(26) "zhalanzhniezhaiylmasoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "278767"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453131548"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Тарих әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(24) "tarikh_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "387358"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486123266"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Тарих - әлеміне саяхат." сыныптан тыс жұмыс"
    ["seo_title"] => string(45) "tarikh_lieminie_saiakhat_synyptan_tys_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "387360"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486124042"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?арыш ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(22) "garyshlieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "279327"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453217521"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства