kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?арыш ?леміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  ?арыш  ?леміне   саяхат

Ма?саты: 1.Білімділік: ?арыш  ?лемі  жайлы  т?сініктерін   ке?ейту, білімін  молайту.
                   2.Дамытушылы?: Танымды?  ?абілетін  дамытып, ой-?рісіні?  ?суіне,  ?иялы- 
                 ны?  шары?тауына,  д?ниетанымыны?  молаюына   ?сер  ету.
                   3.Т?рбиелік: ?аза?стан  ?арышкерлерімен  таныстырып, ма?тан  т?туына,  
                 батыл  болу?а, Отанын  с?юге,  адамгершілік   ?асиетті?  бойына 
                 даруына  т?рбиелеу.

?діс-т?сілдер: ??гімелеу,с?ра?-жауап,к?ркем с?здер, релаксация, шы?армашылы?
                         ж?мыс, мада?тау.

К?рнекіліктер:суреттер,слайдтар,трафареттер, бояулар, ?ол  орамалдар.

Саба?ты?  барысы:Психологиялы?  с?т:
                                   К?кке  ?шамын –
                                   ?ш?ыш   болар  баламын.
                                   со?ына  ерем  ер  ?арышкер   а?аны?.
                                   Батыр  болам-
                                   К?к   аспанды   с?йемін,
                                   ж?лдыздар?а   барып-келіп  ж?ремін.

-Балалар  біз  ?ай  елде  т?рамыз?
-?аза?станда  т?рамыз.
-Еліміз  туралы   та?па?  білесі?дер  ме?
Та?па?: К?гінде  к?н  н?рын  т?ккен,
             жерінде   г?л  н?рын  сепкен.
             Неткен   с?лу,  неткен  к?ркем,
             ?аза?стан   ту?ан  ?лкем!

?йнегі  - аспан, шатыры – к?н,
Ке?   дала  т?сі  тол?ы?ан  егін.
К?лдері  к?кке к?місін  шаш?ан,
?аза?стан  Республикам  мені?!
Ал  біз  ?андай  планетада  т?рамыз?
Жер  планетасында  т?рамыз.
Д?рыс, ал   ?алай  ойлайсы?дар жерден   бас?а   планеталар  бар  ма?
Бар.
?рине   бар,  біз  оны  ?арыш   ?лемі  дейміз. ?арышта   от   сия?ты   жанып т?р?ан,?те
ысты?   аспан  денесі   бар.  Ол  ?алай  аталатынын  мына  ж?мба?ты  шешсе?дер   табасы?дар.
Та?мен  бірге  к?зін  аш?ан,
?лемге  н?рын  шаш?ан. ( К?н)
Ия,  ол к?н. Осы  к?нні?  айналасында  ай, жер, марс,  сатурн, юпитер, уран,меркурий,
плутон  сия?ты  планеталар  айналып  ж?реді. Оларды?  бірі  тым  ысты?,  бірі  тым
суы?, еш?айсында   ауа  жо?.  Сонды?тан  к?гілдір  планетамыз  жерден  бас?асында
тіршілік  болмайды.

Дамир  бізге  марс  туралы  та?па?  айтып  береді.

Ілесіп  бір  таныс?а,
Барсам  деймін  Марс?а
Марс  деген  атамны?
ауылынан  алыс па?
?арышкерлер  ?арыш?а  немен  ?шады? 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?арыш ?леміне саяхат»

Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат

Мақсаты: 1.Білімділік: Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту, білімін молайту.
2.Дамытушылық: Танымдық қабілетін дамытып, ой-өрісінің өсуіне, қиялы-
ның шарықтауына, дүниетанымының молаюына әсер ету.
3.Тәрбиелік: Қазақстан ғарышкерлерімен таныстырып, мақтан тұтуына,
батыл болуға, Отанын сүюге, адамгершілік қасиеттің бойына
даруына тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,көркем сөздер, релаксация, шығармашылық
жұмыс, мадақтау.

Көрнекіліктер:суреттер,слайдтар,трафареттер, бояулар, қол орамалдар.

Сабақтың барысы:Психологиялық сәт:
Көкке ұшамын –
ұшқыш болар баламын.
соңына ерем ер ғарышкер ағаның.
Батыр болам-
Көк аспанды сүйемін,
жұлдыздарға барып-келіп жүремін.

-Балалар біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстанда тұрамыз.
-Еліміз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Тақпақ: Көгінде күн нұрын төккен,
жерінде гүл нұрын сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Қазақстан туған өлкем!

Әйнегі - аспан, шатыры – күн,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмісін шашқан,
Қазақстан Республикам менің!
Ал біз қандай планетада тұрамыз?
Жер планетасында тұрамыз.
Дұрыс, ал қалай ойлайсыңдар жерден басқа планеталар бар ма?
Бар.
Әрине бар, біз оны ғарыш әлемі дейміз. Ғарышта от сияқты жанып тұрған,өте
ыстық аспан денесі бар. Ол қалай аталатынын мына жұмбақты шешсеңдер табасыңдар.
Таңмен бірге көзін ашқан,
әлемге нұрын шашқан. ( Күн)
Ия, ол күн. Осы күннің айналасында ай, жер, марс, сатурн, юпитер, уран,меркурий,
плутон сияқты планеталар айналып жүреді. Олардың бірі тым ыстық, бірі тым
суық, ешқайсында ауа жоқ. Сондықтан көгілдір планетамыз жерден басқасында
тіршілік болмайды.

Дамир бізге марс туралы тақпақ айтып береді.

Ілесіп бір танысқа,
Барсам деймін Марсқа
Марс деген атамның
ауылынан алыс па?
Ғарышкерлер ғарышқа немен ұшады?
Жұмбақ: Зу етіп жоқ болған,
соңында от қалған. (Зымыран)
Дұрыс айтасыңдар, ғарышкер зымыранмен ғарышқа сапар шегеді.Онда ауа бар ма, жоқ па? Әрине жоқ, сондықтан ғарышкерлер арнайы киім киіп ұшады. Оны скафандр дейді. Зымыранның, скафандрдың бейнелерін көреді.
Жерден ғарышқа адамзат баласынан кім бірінші болып ұшты?
Ю.Гагарин ұшты. Ал біздің қазағымыздың ішінен шыққан ғарышкерлерді білесіңдер ме?

Тәуелсіздік біз алдық,
жеңіп шығып азапты,
Айға алғаш аттанған
білесің бе қазақты? (Т.Әубәкіров)

Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға,
Гагарин
Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам- жан ағам,
бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.

Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтар, Талғат есімін
Ту ғып ұстап жүреміз.

Тоқтар Әубәкіровтан кейін Талғат Мұсабаев ағамыз ұшты. Биылғы жылы Айдын Айымбетов олардың қатарын көбейтті. Ол кісілер батыр да ержүрек жандар. Біздің мақтанышымыз, еліміздің даңқын дүние жүзіне шығарған адамдар. Сендер жақсы оқып, тәрбиелі болсаңдар солардай ғарышкер боласыңдар. Ғарышқа ұшу үшін айлақ керек емес пе? Ол қай жерде деп ойлайсыңдар?
Мына өлеңді тыңдаңдар:
Тұрғызып елге сән қала,
сен де арман арқала.
Кәне қалай аталады,
космадромы бар қала? (Байқоңыр)
Ия, Байқоңыр қаласы. Осы қаланың маңындағы ғарыш айлағынан ғарышқа жер
серіктері, ғылыми станциялар, ғарыш кемелері ғарыш әлеміне сапар шегеді.
Ол біздің жерімізде орналасқан. Еліміз үшін, бүкіл адамзат баласы үшін маңызы зор. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды, әлі де зерттеу жұмыстары бола бермек, жалғаса береді.
Осы кезде ғарыш, аспан денелері, зымырандар, ғарышкерлер туралы слайдтар
көрсетіледі.

Сергіту сәті
Мойнымызды бұрайық,
қолымызды созайық.
Күн нұрына жылынып,
жұлдыздардай жымыңдап
қалқып, ұшып алайық.

Релаксация: балалар көзімізді жұмып, бір уақыт қиялдап көрейік. Біз ғарышта
ұшып жүрміз. Айналамызда әдемі жымыңдаған жұлдыздар, көгілдір планета көрінеді, ол біздің жеріміз. Қандай тамаша көрініс, көзімізді ашайық.

Жұмбақ:
Үй үстінде ұсақ тас,
ұстайын десем ұстатпас. (Жұлдыз)

Ғарыш көріністерін тамашалайды. Қабырғада ілінген ғарыш әлемі, жұлдыздар,
планеталар көрінеді. Жұлдыздардың түсі қандай? Қызыл, сары, көк,жасыл.
Олардың аттары бар. Таңшолпан, жеті қарақшы, есекқырған, үркер т.б.
Жердің серігі ай. Санжар ол туралы тақпақ айтып береді.
Аспандағы ай қандай?
Қандай әсем тұлғасы
Биікке іліп қойғандай,
Ақ әжемнің сырғасын.
Міне балалар ғарыш деген осы. Қандай әдемі көріністі тамашаладыңдар.
Енді соларды бейнелегілерің келе ме? Олай болса қайта жерге оралайық.
Көздерін қайта жұмады, жерге оралады.

Ойын: « Зымыранды құрайық»
шарты: әртүрлі геометриялық пішіндерден ғарыш кемесін құрайды.

Шығармашылық жұмыс трафареттермен ғарыш әлемінің бейнесін келтіреді, зымыран ұшырамыз. Болашақта осы зымыранмен өзіміз ұшамыз.

Қорытынды: бүгін қайда саяхатқа бардық? Онда не көрдіңдер? Біз қандай планетада тұрамыз? Ғарышкер деген кім екен? Сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?арыш ?леміне саяхат

Автор: Батымбетова Алия Уразбековна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279327

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?арыш   ?леміне  саяхат. Т?рбие ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(51) "g-arysh-lieminie-saiakhat-t-rbiie-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "164172"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422603471"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?арыш ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(25) "g-arysh-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "134767"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416805940"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Ғарыш әлеміне саяхат" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(41) "g_arysh_lieminie_saiakhat_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "423294"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1498581167"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?арыш ?леміне саяхат."
    ["seo_title"] => string(27) "g-arysh-lieminie-saiakhat-3"
    ["file_id"] => string(6) "307396"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458322729"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тақырыбы:«Ғарыш әлеміне саяхат»."
    ["seo_title"] => string(33) "takyryby_garysh_lemine_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "546163"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586617328"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства