Просмотр содержимого документа
«"Жігіт сұлтаны - 2017жылы"»
№10 «Ақбота» балабақшасы
(«Бәйтерек» ересек тобының бүлдіршіндері арасында)
Тексерген: Текеева Р.Н.
Тәрбиеші: Жупбанова А.Д.
2016-2017 оқу жылы
Күні: 16.03.2017ж
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді блімді көрсету. Балаларды тапқырлыққа, мәдениетке, әдептілікке булу.
«Жігіт сұлтаны» байқауының бағдарламасы:
«Тегімді менің сұрасаң….» таныстыру.
Қол күрес
Сән үлгісі
Үй тапсырмасы. Қолөнер
«Жігітке жеті өнерде аз........» Өз өнері
Ұлттық музыка әуенімен қонақтарды қарсы алу.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық
Бар өнерге салайық
Бүгінгі сайыс төрінде
Барымызды салайық
Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер, балалар! «Жігіт сұлтаны – 2017» сайысына қош келдіңіздер. Бүгін біздің ұлдарымыз өз өнерлерін ортаға салмақ. Олардың батырлығын ептілігін білімдерін сахна төрінде тамашалайық. Олай болса сахнаға «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.
Ал, енді байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Матчанова Х. «Шаңырақ» тобының тәрбиешісі
2. Абдашева Р. «Қарылғаш» тбының тәрбиешісі
3. Қалилаева Г. «Музыка» жетекшісі
Би: Қыздардың орындауында.
Сән үлгісі:
Жүргізуші:
Батыр болған бабамын,
Ел қорғауға үйренген
Ару болған анамнан
Ар қорғауға үйренген - деп сұлтандарымызды ортаға шақырамыз. Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Бүгін біз өнерімізді нағыз қазақ жігітіне тән өр мінездері мен тамаша өнерлерін көрсетті. Бұл олардың болашаққа деген нық қадамдарының бастамасы ғана. әрқашанда сыннан сүрінбей өтіп биіктерге жете беріңдер. Қадамдарыңа нұр жаусын дейміз. өркендерің өсіп, мейірлерің үстем болсын! – дей отыры осы тұста өзінің батасын бергелі отырған Сайлаубай Нұржанды ортаға шақырамын.