«ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ - ЖАҢА ЖЫЛ!»
Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Би: «Снежинка»
Би: «Сантаклаус»
Би: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!
Жүргізуші: Қошемет, құрметті халайық!
- Өзгелерден бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл жұлдыздар келеді №5 мектеп-лицейінен
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Саламатсызба!
Жүргізуші: Біздің жаңа жылдық карнавалға қош келдіңіздер. Балалар сіздер қай мектептен келдіңіздер!
Балалар: №5 мектеп-лицейінен
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендеше бізге әкелген өнерлеріңді көрсетіңдер
Мұз ханшайымы:
Соқ, соқ боран қаттырақ
Бүкіл әлем мұзға айналсын.
Алай- дүлей соқ боран
Барлық дүние шайқалсын.
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын
Сарайымды былғайтын.
Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.
Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын.Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.
(Балаларды мұз қылып қатырады)
Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз ғой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік?
1 Чукча: О ханшайым сабыр сақтаңыз,
Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.
Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,
Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,
Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.
2 Чукча:
Сәлем беріп біз сізге
Бар әнерді саламыз.
Өнерлі ханым келді деп
Әлемге жар саламыз!
Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.
( көңілді би)
Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды. Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
ХОР:«Шырша жыры»
БИ: «Шырша» биі
1.Қане, достар тұрмайық,
Қарсы алайық жыл басын.
Қызықтан бос қалмайық,
Шырша жыры самғасын.
Қайырмасы:
Ал, достарым келіңдер,
Келді Аяз атамыз.
Биде билеп беріңдер
Шырша жыры самғасын.-2 рет
2.Құтты болсын жаңа жыл,
Шыршамыз тұр жараса.
Жанында Аяз ата жүр,
Қуанады балаша.
Қайырмасы:
3.Аппақ қардай береке,
Даламызда самғасын.
Жаңа жылдай мереке,
Таба берсін жалғасын.
Бір музыка ойналады ( сұлтанды қарсы алатын әуен)
Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.
Сұлтанның сөзі:
Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?
ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз
Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!
ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүг