-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену Еңбектену арқылы “5 “- ке қолды жеткізу!
Үй тапсырмасымен жұмыс: Балалар, бүгін сіздер сабаққа жақсы қатысып, сапалы білім аласыздар.Білім ордасының төрінен орын аласыздар.Іске сәт. Ережелерді жатқа сұрау.
Жаңа сабақ
Математика сабағымызда алған көбейту кестесі арқылы білімізді тексеріп алайық
Көбейту кестесі
2
3
4
5
6
7
8
9
2
З
Ң
3
А
С
4
Т
І
Е
5
Е
І
6
С
Н
П
У
7
І
М
Т
8
Е
Л
9
4
9
16
20
18
14
35
30
24
12
27
32
36
49
64
72
54
45
З
А
Т
Е
С
І
М
Н
І
Ң
С
Е
П
Т
Е
Л
У
І
а) Өзім жетігеннің суретін көрсетіп:
Сұрақтар шығып отырады.
-Бұл-көне ұлттық музыкалық аспап, қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты бір ертегі айтпақпын. «Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген қария болыпты.Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елді ашаршылық Септік қарияның үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдардарынан айырыла бастапты.Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты да,кім?не?деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?-деп егіледі.Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын,неге ғана өлді екен?»-деп жоқтау айтыпты.Табыс атты ұлы дүниеден өтеді. «Нені айтып, кімді қорғайын»-дейді.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»-деп бесінші ішек тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп егіледі.Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»-деп жоқтау айтып егіледі.
Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты»
-Енді осы сұрақтарды Жетіген сөзіне қоямыз.
- Не? – Жетіген
- Ненің?- Жетігеннің
- Неге?- Жетігенге
-Нені?- Жетігенді
- Неде?- Жетігенде
- Неден?- Жетігеннен
- Немен? – Жетігенмен
Сұрақтар қою арқылы еске түсіру
Сонымен балалар септік жалғауы дегеніміз не?
Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Ереже. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атаймыз. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз. Таблица бойынша түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
1жаттығу Флипчарт ашу
1.Туған жерді құрметтеу –азаматтықтың белгісі.2. Ананың ақ сүтін ақтау-әркімнің парызы. 3.Дастарқанның үстінде әдептілік белгісі сақтаған дұрыс. 4.Үйге келген адамды төрге шығарады.5.Ұста ның балғасы сатылмайды және жоғалтпай ұстайды.
«Аукцион» ойыны Флипчарт ашу
Домбыра, сағаты, ойыншығым, мұғалім, балапан, кітабың сөздерін септеу, жай және тәуелдеп септеу
5 жол өлең құрастыру
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем
5.Мағыналас сөз
Жоғалған сөздер
Жанармай мен жағармай ............ алынады.Бұл шипажайда адамдар.......... емделеді.өнерлі .............. жүзеді.Алыстан ............. биік шыңдары көрінеді.
Керекті сөздер Өнерлі,мұнайдан ,таудың,қымызбен,
2- жаттығу Флипчарт ашу
Бұғы-жануарлардың үлкен тобы. Олар қатал табиғатқа бейімделген.Бұғылар қыста қарға батпай жүре алады. Өйткені олардың жалпақ тұяқтары қарда, батпақта, сазда еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Бұғылардың жүні де ерекше, жылуды жақсы ұстайды. Олар суда да жүзе алады.
Сергіту сәті. Тылсым сан
70-3 / 1-2/ 60-2/ 7-1/ 3-1/й
40-3/ 2-1/ г /7-4/
қ/ 60-1/ й/ 40-2 / 4-3/ 90-5/ д/ 20-3
Жауабы: Тіл жүйрігі қайырады.
3-жаттығу. Сөз құрамына талда. Түбірі мен қосымшасын тап.