-Балалар , қане ,далаға көңіл аударайықшы?! -Жылдың қай мезгілі? Қар еріп, күн жылынып,адамдар калын киімдерін шешіп, ағаштар бүршік жарып,ең алғашқы гүл- әйшешек өседі. Қазір көктем мезгілі! Көктем мезгілінде Наурыз,Сәуір,Мамыр айлары бар. -Балалар , Айсұлудың әжесі бізге керемет текемет беріп жіберіпті. Киізден жасалған қазақтың ұлттық үй бұйымы –текеметті көрсетеді. Текеметтер сан түрлі қазақ оюларымен әшекейленуі де мүмкін екенін , қазақ шеберлерінің сәндік қолданбалы өнердің керемет өрнектерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп келе жатқанын айтады. -Айсұлу өзінің қуыршақтарына осындай әдемі текеметтің суретін салып берулеріңді өтінеді. -Біз Айсұлудың ойыншықтарына текеметті түрлі түсті бояуларды пайдаланып өрнектеп берейік. Сендердің алдарыңда аяқталмаған текеметтің суреті тұр, осы текеметті қылқаламды сары, қызыл, көк бояуларға батырып бояймыз. Алдымен сары түспен ортасындағы шаршыны бояймыз, содан кейін бояуды қызыл түске алмастырып алып, жоғарыдағы және төмендегі үшбұрыштарды бояймыз, енді жасыл түспен оң және сол жақтағы үшбұрыштарды бояймыз. Шеттерін көк және қызыл түстермен немесе өздерің таңдаған түстеріңмен бояуларыңа болады. Міне, текеметіміз де дайын болды. Айсұлу қуыршағына арналған текеметтің дайын болғанына ризашылығын білдіреді. Педагог суретті бояған кезде балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалайды. Бояған кезде сызықтан шығып кетпеуді ескертеді. Сергіту сәті; Қылқаламды қояйық, Орнымыздан тұрайық. Қолымызды созайық, Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Біз тынығып алайық. «Бұл неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Балалардың ойлау ұшқырлығын, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, балаларға денелердің қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын тапқызу. «Түстеріне қарай гүлдерді жина» қимылды ойын. түстерді ажырата білуге үйрету. Педагог балаларға барлығының да жақсы жұмыс істегенін айтып, мадақтап, текеметтерінің өрнектерінің әдемілігін Айсұлу әжесіне көрсететінін айтады. |