kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жемістер мен көкөністер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жемістер мен көкөністер»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Ботақан» II кіші

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.

Дамытушылық: есте сақтау қабілетін дамыту. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы, сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, жемістер мен көкөністердің жасалған түрлері, қиылған түрлері.

Балалар қонақтармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне жиналу.

Шаттық шеңбері:

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?

Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды. Жие-жие жаңбыр жауады.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің болмақ. Дайынсыңдар ма?

  1. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.

/жеміс/

  1. Үлкендігі алмадай,

Сырты жанған қызыл от.

Ішін ашып қарасаң,

Майда- майда қызыл шоқ.

/анар/

  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

/қызылша /

  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

/пияз/

Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.

Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім,шабдалы, өрік, шие.

Көкөністерге:картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, т.б. жатады.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді.

Балаларды екі топқа бөлінеді:

1- топ. Жемістерді көрсетеді, атайды, себетке салады.

2-топ. Көкөністерді көрсетеді, атайды, себетке салады.

Көрнекілік бойынша түстерді атаймыз.

Қызыл,қара,сары, қоңыр, ақ, жасыл, көк.

Балалар көкөністер мен жемістер туралы, тақпақтарын айтып шығады.



  1. Мен алмамын, алмамын,

Түрлі – түрлі боламын.

Көкпеңбек едім көктемде,

Қызарам күзде жеткенде.

  1. Мен алмұртпын, ақылдым.

Күзде алмұрт жинап алатын,

Бабыраған біреуін,

Жесең тойып қаласың.

  1. Мен жүзіммін, жүзіммен

Сөлі балдай шырынмын.

Тәттілігін біледі- ара менен шыбын.

  1. Мен өрікпін, өрікпін

Ерте ашам гүлін.

Қара өрік, сары өрік,

Табиғатқа көрікпін.

  1. Мен шиемін, шиемін.

Қызыл болып пісемін

Тезірек жинап алмасаң,

Торғайдың көзі түседі.

  1. Мен – анармын, анармын.

Қабығы қалың болармын.

Мөлт – мөлт еткен түрлері

Моншақты еске саламын.

Ойын: «Сиқырлы қапшық» деген ойын ойнайық.

Ойынның шарты: қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады.

Күтілетін нәтеже:

Білуі керек: жемістер мен көкөністер.

Болуы керек: есте сақтау қабілеті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жемістер мен көкөністер

Автор: Кауметова Жибек Маратовна

Дата: 25.04.2018

Номер свидетельства: 467691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Жемістер мен көкөністер."
    ["seo_title"] => string(30) "zhiemistier_mien_kokonistier_2"
    ["file_id"] => string(6) "356121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478500303"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Күз сыйы.Жемістер мен көкөністер"
    ["seo_title"] => string(37) "kuz_syiy_zhiemistier_mien_kokonistier"
    ["file_id"] => string(6) "416698"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1495116740"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Жемістер мен к?к?ністер"."
    ["seo_title"] => string(26) "zhiemistiermienkokonistier"
    ["file_id"] => string(6) "319276"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460793210"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ашы? саба? "Жемістер мен к?к?ністер""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk-sabak-zhiemistier-mien-kokonistier"
    ["file_id"] => string(6) "256441"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448129371"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Жемістер  мен  к?к?ністер""
    ["seo_title"] => string(27) "zhiemistiermienkokonistier1"
    ["file_id"] => string(6) "321141"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461231186"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства