kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жемістер мен к?к?ністер".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Жемістер мен к?к?ністер.

 

Саба?ты? ма?саты: Балалар?а жемістер мен к?к?ністер туралы т?сінік                                                         бере отырып оларды? тілдерін дамыту, с?здік ?орларын дамыту. Жемістердін а?аштарда, к?к?ністер жерде ?сетінін айтып т?сіндіру.

 

Білім беру саласы: Таным. Шы?армашылы?. ?атынас. ?леуметтік орта.

 

Т?рбиеші: Саламатсыздар ма, балалар! Б?гін бізге к?п апайлар ?она??а келіпті сол апайларымызбен б?ріміз амандасып алайы?.

 

Балалар: Саламатсыздар ма, апайлар!

 

Т?рбиеші: Шатты? ше?беріне т?райы?.

 

К?ндей жадырап,

Айдай арайлап,

Ж?лдыздай жар?ырап,

Судай м?лдір, таза к??ілмен,

Б?гінгі к?німізді бастайы?.

 

Т?рбиеші: Балалар б?гінгі к?нні? та?ырыбы «Жемістер мен к?к?ністер» деп аталады. Балалар жемістер а?аштарда ?седі, ал к?к?ністер жерде ?седі екен. Мына мені? ?олымда?ы не?

 

Балалар: Алма.

 

Т?рбиеші: Б?л ?айда ?седі а?ашта ма, жо? ?лде жерде ?седі ме?

 

Балалар: А?ашта ?седі.

 

Т?рбиеші: А?ашта ?сетін жеміс пе, жо? ?лде к?к?ніс пе?

 

Балалар: Жеміс.

 

Т?рбиеші: Ал мынау не?

 

Балалар: С?біз.

 

Т?рбиеші: Ол ?айда ?седі?

 

Балалар: Жерде ?седі.

 

Т?рбиеші: Жерде ?сетін к?к?ніс пе, жо? ?лде жеміс пе?

 

Балалар: К?к?ніс.

 

Т?рбиеші: Жарайсы?дар балалар, ал енді мынау не екен, ол ?айда ?седі?

 

Балалар: Б?л банан, ол а?ашта ?седі.

 

Т?рбиеші: Оны? т?сі ?андай?

 

Балалар: Сары.

 

Т?рбиеші: Д?рыс, оны? пішіні ?андай, домала? па, жо? ?лде сопа?ша ма?

 

Балалар: Сопа?ша.

 

Т?рбиеші: Жарайсы?дар балалар! Мені? балаларым ?андай а?ылды б?рін жа?сы біледі.

 

К?тпеген с?т: Есікті біреу ?а?ып т?р, б?л кім екен, ?ане б?ріміз ?арайы?шы. Б?рі есік жа??а ?арайды, ішке сай?ымаза? кіріп келеді. Балалар м?з болады. Сай?ымаза?ты? ?олында картон бар оны? ішінде топыра? бар, сол топыра?тын ?стіне алма, банан, апельсинні? суреттерін отыр?ызып ?ойыпты. Ал,екінші ?олында а?аш бар онда сай?ымаза? картопты?, с?бізді?, орамжапыра?ты? суреттерін отыр?ызып ?ойыпты.

 

Т?рбиеші: Балалар, к?не б?ріміз сай?ымаза??а к?мектесіп жіберейікші, ол д?рыс орналастыр?ан ба, ?ане ?арайы?шы. Мынау не?

 

Балалар: Алма. Ол а?ашта ?седі.

 

Т?рбиеші: Ал Сай?ымаза? д?рыс орналастыр?ан ба? Б?ріміз к?мектесіп жіберейікші.

 

Балалар: Жо? д?рыс емес алма жерде ?спейді, ол а?ашта ?седі, Сай?ымаза? д?рыс орналастырма?ан.

 

Т?рбиеші: Онда алманы апарып а?аш?а орналастырайы?.

Балалар алманы? суретін жерден алып а?аш?а апарып орналастырады.

 

Т?рбиеші: Жарайсы?дар балалар! Ал мынау не екен?

 

Балалар: Б?л пияз.

 

Т?рбиеші: Ол ?айда ?седі?

 

Балалар: Ол жерде ?седі.

 

Т?рбиеші: Д?рыс, балалар ал, Сай?ымаза? ?айда ?ой?ан екен?

 

Балалар: Сай?ымаза? оны а?аш?а іліп ?ой?ан.

 

Т?рбиеші: Онда оны апарып  жерге орналастырайы?.

 

      Балалар пиязды апарып жерге орналастырды. Жарайсы?дар балалар, енді ?азір біздер бір ойын ойнап жіберейік, ол ойын «Д?мін тат» деп аталады. Сендерді ойынны? шартымен таныстырып жіберейін. ?азір мен жемістер мен к?к?ністерді? бір кішкентай б?лігін ауыздары?а саламын сендер сонын д?мін татып ол жеміс пе, жо? ?лде к?к?ніс пе соны айтып бересі?дер иа ма.

 

Т?рбиеші: Ба?ыт келе ?ой. К?зі?ді ж?мда аузы?ды аш. Мен сені? аузы?а не салдым?

 

Ба?ыт: Алма.

 

Т?рбиеші: Д?рыс жарайсын, ол ащы ма, жо? ?лде т?тті ме?

 

Ба?ыт: Т?тті.

 

Т?рбиеші: Жарайсын. Ол ?айда ?седі?

 

Ба?ыт: Ол а?ашта ?седі. Ол жеміс.

 

Т?рбиеші: Жарайсын Ба?ыт. Енді орнына отыра ?ой. Енді Дархан сен келе ?ой.К?зі?ді ж?мып аузы?ды аша ?ой. Ал сені? аузы?а не салдым?

 

Дархан: Апельсин.

 

Т?рбиеші: Д?рыс. Онын д?мі ?андай екен?

 

Дархан: Ащы.

 

Т?рбиеші: Ол ?айда ?седі екен?

 

Дархан: Ол а?ашта ?седі.

 

Т?рбиеші: Д?рыс, ол жеміс пе, ?лде к?к?ніс пе?

 

Дархан: Жеміс.

 

Т?рбиеші: Жарайсын Дархан орнына отыра ?ой. Балалар жемістерден неше т?рлі тосаптар, шырындар жасайды екен. Ал к?к?ністерді ?ыста жеу ?шін банкіге жауып са?тап ?ояды екен. Орамжапыра?тан, с?бізден неше т?рлі салаттар жасайды екен.

 

Т?рбиеші: Сонымен балалар, сендерге б?гінгі саба? ?нады ма?

 

Балалар: Иа ?нады.

 

Т?рбиеші: Онда б?гінгі саба?ты бір рет ?айталап алайы?шы. Сонымен  мына мені? ?олымда?ы не?

 

Балалар: Банан.

 

Т?рбиеші: Ол ?айда ?седі?
 

Балалар:  Ол а?ашта ?седі.

 

Т?рбиеші: А?ашта ?сетін жеміс пе, ?лде к?к?ніс.с пе?

Балалар: А?ашта ?сетін жеміс.

 

Т?рбиеші: Д?рыс балалар. Ал енді мынау не?

 

Балалар: ?ызылша. Ол жерде ?седі.

 

Т?рбиеші: Д?рыс. Сонда оны не деп айтамыз, жеміс пе жо? ?лде к?к?ніс пе?

 

Балалар: К?к?ніс.

 

Т?рбиеші: Жарайсы?дар балалар!  Мені? балаларым ?андай тамаша біледі екен. Сонымен біздер б?гін біздер ?андай та?ырыпты ?ттік.

 

Балалар: Біз б?гін «Жемістер мен к?к?ністер» деген та?ырыпты ?ттік.

 

Т?рбиеші: Жарайсы?дар балалар! Енді бізге ?она??а келген апайлармен ?оштасайы?.

 

Балалар: Сау болы?ыздар, апайлар!

 

Сау болы?дар, балалар!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жемістер мен к?к?ністер".»

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Кемер ауданы «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Қошанбаева Жанаркүл Жетпісбайқызы.


Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер.


Сабақтың мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы түсінік бере отырып олардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын дамыту. Жемістердін ағаштарда, көкөністер жерде өсетінін айтып түсіндіру.


Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Қатынас. Әлеуметтік орта.


Тәрбиеші: Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін бізге көп апайлар қонаққа келіпті сол апайларымызбен бәріміз амандасып алайық.


Балалар: Саламатсыздар ма, апайлар!


Тәрбиеші: Шаттық шеңберіне тұрайық.


Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.


Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күннің тақырыбы «Жемістер мен көкөністер» деп аталады. Балалар жемістер ағаштарда өседі, ал көкөністер жерде өседі екен. Мына менің қолымдағы не?


Балалар: Алма.


Тәрбиеші: Бұл қайда өседі ағашта ма, жоқ әлде жерде өседі ме?


Балалар: Ағашта өседі.


Тәрбиеші: Ағашта өсетін жеміс пе, жоқ әлде көкөніс пе?


Балалар: Жеміс.


Тәрбиеші: Ал мынау не?


Балалар: Сәбіз.


Тәрбиеші: Ол қайда өседі?


Балалар: Жерде өседі.


Тәрбиеші: Жерде өсетін көкөніс пе, жоқ әлде жеміс пе?


Балалар: Көкөніс.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді мынау не екен, ол қайда өседі?


Балалар: Бұл банан, ол ағашта өседі.


Тәрбиеші: Оның түсі қандай?


Балалар: Сары.


Тәрбиеші: Дұрыс, оның пішіні қандай, домалақ па, жоқ әлде сопақша ма?


Балалар: Сопақша.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Менің балаларым қандай ақылды бәрін жақсы біледі.


Күтпеген сәт: Есікті біреу қағып тұр, бұл кім екен, қане бәріміз қарайықшы. Бәрі есік жаққа қарайды, ішке сайқымазақ кіріп келеді. Балалар мәз болады. Сайқымазақтың қолында картон бар оның ішінде топырақ бар, сол топырақтын үстіне алма, банан, апельсиннің суреттерін отырғызып қойыпты. Ал,екінші қолында ағаш бар онда сайқымазақ картоптың, сәбіздің, орамжапырақтың суреттерін отырғызып қойыпты.


Тәрбиеші: Балалар, кәне бәріміз сайқымазаққа көмектесіп жіберейікші, ол дұрыс орналастырған ба, қане қарайықшы. Мынау не?


Балалар: Алма. Ол ағашта өседі.


Тәрбиеші: Ал Сайқымазақ дұрыс орналастырған ба? Бәріміз көмектесіп жіберейікші.


Балалар: Жоқ дұрыс емес алма жерде өспейді, ол ағашта өседі, Сайқымазақ дұрыс орналастырмаған.


Тәрбиеші: Онда алманы апарып ағашқа орналастырайық.

Балалар алманың суретін жерден алып ағашқа апарып орналастырады.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал мынау не екен?


Балалар: Бұл пияз.


Тәрбиеші: Ол қайда өседі?


Балалар: Ол жерде өседі.


Тәрбиеші: Дұрыс, балалар ал, Сайқымазақ қайда қойған екен?


Балалар: Сайқымазақ оны ағашқа іліп қойған.


Тәрбиеші: Онда оны апарып жерге орналастырайық.


Балалар пиязды апарып жерге орналастырды. Жарайсыңдар балалар, енді қазір біздер бір ойын ойнап жіберейік, ол ойын «Дәмін тат» деп аталады. Сендерді ойынның шартымен таныстырып жіберейін. Қазір мен жемістер мен көкөністердің бір кішкентай бөлігін ауыздарыңа саламын сендер сонын дәмін татып ол жеміс пе, жоқ әлде көкөніс пе соны айтып бересіңдер иа ма.


Тәрбиеші: Баңыт келе ғой. Көзіңді жұмда аузыңды аш. Мен сенің аузыңа не салдым?


Бақыт: Алма.


Тәрбиеші: Дұрыс жарайсын, ол ащы ма, жоқ әлде тәтті ме?


Бақыт: Тәтті.


Тәрбиеші: Жарайсын. Ол қайда өседі?


Бақыт: Ол ағашта өседі. Ол жеміс.


Тәрбиеші: Жарайсын Бақыт. Енді орнына отыра қой. Енді Дархан сен келе ғой.Көзіңді жүмып аузыңды аша ғой. Ал сенің аузыңа не салдым?


Дархан: Апельсин.


Тәрбиеші: Дұрыс. Онын дәмі қандай екен?


Дархан: Ащы.


Тәрбиеші: Ол қайда өседі екен?


Дархан: Ол ағашта өседі.


Тәрбиеші: Дүрыс, ол жеміс пе, әлде көкөніс пе?


Дархан: Жеміс.


Тәрбиеші: Жарайсын Дархан орнына отыра ғой. Балалар жемістерден неше түрлі тосаптар, шырындар жасайды екен. Ал көкөністерді қыста жеу үшін банкіге жауып сақтап қояды екен. Орамжапырақтан, сәбізден неше түрлі салаттар жасайды екен.


Тәрбиеші: Сонымен балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?


Балалар: Иа ұнады.


Тәрбиеші: Онда бүгінгі сабақты бір рет қайталап алайықшы. Сонымен мына менің қолымдағы не?


Балалар: Банан.


Тәрбиеші: Ол қайда өседі?

Балалар: Ол ағашта өседі.


Тәрбиеші: Ағашта өсетін жеміс пе, әлде көкөніс.с пе?

Балалар: Ағашта өсетін жеміс.


Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Ал енді мынау не?


Балалар: Қызылша. Ол жерде өседі.


Тәрбиеші: Дұрыс. Сонда оны не деп айтамыз, жеміс пе жоқ әлде көкөніс пе?


Балалар: Көкөніс.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Менің балаларым қандай тамаша біледі екен. Сонымен біздер бүгін біздер қандай тақырыпты өттік.


Балалар: Біз бүгін «Жемістер мен көкөністер» деген тақырыпты өттік.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді бізге қонаққа келген апайлармен қоштасайық.


Балалар: Сау болыңыздар, апайлар!


Сау болыңдар, балалар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жемістер мен к?к?ністер".

Автор: ?ошанбаева Жанаркул Жетпісбай?ызы

Дата: 16.04.2016

Номер свидетельства: 319276


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства