Білімділік: Допты қос қолмен бастан асыра лақтыруды үйрету. Еденнен екпінмен серпіле екі аяқпен зат үстінен секіруге үйрету.
Дамытушылық:тепе-теңдік сақтап, еденнен 10 см көтерілген сатының таяқшаларынан аттап жүруді бекіту. Қолдың басын айналдыра екпінмен серпіле заттың үстінен секіріп, сәл бүгілген аяқпен жұмсақ жерге қонуға үйрету.
Тәрбиелік:Басты түсірмей,музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын бір қалыпты,жұбымен келісе орындауға жаттықтыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Жеңіл жаттығулар жасау.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жаттығу жасау, ойын ойнау.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Жаңбыр, күн, шалшық макеті, әр балаға бір орамал; биіктігі 10 см заттар, доптар, ұзын жіп, музыка.
Іс әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру
Сезімді ояту
«Шаттық шеңбері»
- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сауран құрамыз
- Балалар келген қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
Таңғажайып сәт:
(Тәрбиеші балалардың назарын күнге аударады.)
-Балалар, күн салқын бізге күн қонаққа келді. Күнмен бірге серуенге шыққыларың келе ме?
-Әжейге баратын жол- ұзақ жол. Шағын топпен жай жүру, заттарды айнала ирелең жолмен жүру. «Жаңбыр жауып кетті. Аяғымызды сулап алмау үшін аяқты жоғары көтеріп, шалшықтардан секіріп өту керек.Асығайық, асығайық жаңбырдан қашып құтылайық»-жүгіру, қолың басын айналдыра қол бұлғап, бытырап жүгіру.Сапқа тұру көрнекі бағыт бойынша түзелу.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Салқын
-Иә
Ұйымдастырушы-
лық -ізденушілік
Орамалмен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орында-тады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.
1. «Қара». Б. Қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Орамалмен қолды шетке созу арқылы жоғары көтеру, оған қарау, бастапқы қалыпқа оралу. Орамалды келесі қолға ауыстырып, осы қимылды қайталау. Бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет.
2. «Отырамыз, тұрамыз». Б. Қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Отырып орамалды еденге салу, «еденге салдық» деу, бастапқы қалыпқа оралу; отырып орамалды еденнен алу «еденнен алдық» деу, Бастапқы қалыпқа оралу. 5-6 рет.
3. «Аяқ тоңды». Еденге отырамыз. «Аяқ тоңды» дегенде -орамалды жоғары көтеріп, аяққа жабу қолды артқа апарып ұстау. «Аяқ жылынды» дегенде аяқтан орамалды алып қолды төмен түсіріп «жаңбыр жоқ» деу 5-6рет
Тыныс алу жаттығуы: Орамалға үрлеу.
Балаларға орындату. Балалардың дұрыс орындауын қадағалаймын.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары :
- Екі аяқпен зат үстінен секіру(биіктігі 10 см)
-Диаметрі15 см допты қос қолмен бастан асыра лақтыру.
Просмотр содержимого документа
«"Әжейге қонаққа барамыз"»
«Жазира» бөбекжайы- балалар бақшасы МКҚК
Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті.
«Әжейге қонаққа барамыз»
Өткізген:Г. Сариева.
2016- 2017 оқу жылы
Күні:14.11.16 жыл.
Тобы: «Ақбота» екінші кіші (3-4 жас) тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы:Әжейге қонаққа барамыз.
Мақсаты :
Білімділік: Допты қос қолмен бастан асыра лақтыруды үйрету. Еденнен екпінмен серпіле екі аяқпен зат үстінен секіруге үйрету.
Дамытушылық:тепе-теңдік сақтап, еденнен 10 см көтерілген сатының таяқшаларынан аттап жүруді бекіту . Қолдың басын айналдыра екпінмен серпіле заттың үстінен секіріп, сәл бүгілген аяқпен жұмсақ жерге қонуға үйрету.