Мотивациялық қозғалушылық | Амансың ба, Алтын Күн? Амансың ба, Көк Аспан? Амансың ба, достарым? Сендерді көрсем қуанам. Балалар бір-бірімен дауыстап, баяу, сыбырлап және ым-ишарамен амандасады. | Шаттық шеңбер қимылдарын орындайды Амандасады |
Ұйымдастырушылық - әдістемелік | Иттің үрген дауысын аудиожазбада қосады: Бұл ненің дауысы? Бізге қонаққа не келді? -Ит балалармен амандасады және танысады. - үлкен ит қалай үреді? -ал кішкентай күшік қалай үреді? - Қалай ырылдайды? Ойын «Алақаныңды көрсет». Ит балаларға әжеге қонаққа баруды ұсынады. Балалар жолда мысықты кездестіреді. Ала мысық тырнама, Тырнағаның бола ма? Ұстайыншы қолыңнан, Ойнайық, ер соңымнан. (мысық дауысы аудиожазба) Мысық сүт ішкісі келеді, олда әжеге барып сүт сұрағысы келеді екен. Әже балаларды абыржып, көңілсіз амандасады. -Әже сізге не болды? Әже: - Сиырым өріске кетіп, жоғалып кетті. Балалар әжеге көмек беруге серт береді және іздеуге шығады. Балалар сиырды шақырады. (сиырдауысы аудиожазбада) Сиырды табады Тақпақ: Сүзбейді өрі теппейді, Ала көзбен қарайды. Ол бұзауын өппейді, Жақсы көрсе жалайды. Өзі-ақ үйге келеді, Кеткенде де шалғайға. Сүті неткен мол еді, Бір күн бітіп қалмай ма?! Сиыр қалай мөңірейді? Әже сиыр табуға көмектескені үшін балаларға алғыс айтады және тауықтарды жемдеуге шақырады. -Тауық қалай дыбыстайды? -балалар тауықтарды шақырады Тауық келіп дәнді шұқып-шұқып кетеді -Шұбар тауық қайда барасың? -көлге барамын - Шұбар тауық неге барасың? -су ішемін -Шұбар тауық су неге саған қажет? Балапандарыма су берем. -Шұбар тауық балапандар қалай су сұрайды? -шиқ, шиқ, шиқ Ал, әтеш көлге кеткен тауықты көріп, шарбақ басына шығып алып – ку-ка-ре-кууууу деп айқайлады? Әже: сендерге рахмет менің бөбектерім, сиырымды тауып бердіңдер, тауығымды жемдедіңдер. Балаларға ойыншықтар береді, балалар таңдап алады. | Иттің Ит Дауыстап үреді Баяу үреді ыыррррр Балалар ойынды ойнайды Тақпақты бірге айтады. Мяу, мяу, мяу «Ау,ау сиыр бізге кел!» Мө-мө-мө Қыт, қыт,қыт. Қуыр, қуыр, қуыр Балалар қайталайды Балалар қайталайды Ку-ка-ре-кууууу! |