kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әжеде қонақта ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қалалық семинарда өткізілген ашық сабақ жоспары.Екінші кіші топқа арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әжеде қонақта ашық сабақ»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша – бөбекжайы» КМҚК

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі

№6 «Бөбек»екінші кіші тобы

Өткізілетін күні, айы, жылы:12.12.2018ж.

Тәрбиешілер: Тохтарова А.Т.,Рахымова К.А.

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Әлеумет»,

«Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,көркем әдебиет,музыка.

Тақырыбы: «Әжеде қонақта».

Мақсаты:Қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімімен таныстыру.

Міндеттері: «Дос»деген ұғымды әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Қазақстан республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту,танып білуге деген қызығушылытарын арттыру. Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру. Қазақ халқының салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімі туралы түсінік беру,ән салу шеберліктерін, есте сақтау қабілеті дамыту. Балалардың тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету. Геометриялық пішіндерді ажыратып, олардың түстерін атай білуге дағдыландыру.
Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.Балаларды Отанды сүюге, халқына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге,қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын,ғажайып сәт,әңгімелесу.

Көрнекі құралдар:Киіз үйді әсемдеуге арналған бұйымдар ,пойыздың макеті,ала жіп,кітап,домбыра,қамшы,ақ жол,қайшы,геометриялық пішіндер (шаршы,үшбұрыш,дөңгелек),слайд,үнтаспа,бауырсақ,табақ,кәмпиттер,микрофон,орамал.

Алдын ала жұмыс: Қазақстан Республикасының рәміздері мен қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгіме жүргізу.Рәміздер туралы тақпақтар жаттау. «Қаз-қаз-қаз балам» атты өлеңін жаттау.Киіз үйді әсемдеу.

Сөздік жұмысы:  Тұсау кесу , салт-дәстүр, Қазақстан Республикасының рәміздері.

Үштілділік компонент: Дос-друг-friend, ту-флаг-flag,елтаңба-герб-emblem

Мотивациялық-қозғаушылық күш:

Шаттық шеңбер:

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнап күлеміз

Сәлеметсің бе!,міне мен

Доспын енді сенімен.

Тәрбиеші:-Балалар,дос дегем кім?

Балалар:

-Нағыз дос бір-бірін ренжітпейді.

-Дос бір-біріне көмектеседі.

-Дос ойыншығымен бөліседі.

-Достар бір-бірін сыйлайды.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасындар, балалар, достық дегеніміз балалабақшадағы,отбасымыздағы,еліміз арасындағы сыйластықты айтамыз. Тәрбиеші:

-Айтындаршы, балалар, біз қай ұлтқа жатамыз?

Балалар:

-Біздің ұлтымыз қазақ.

Тәрбиеші:-Біздің мемлекетімізде өз елбасымыз,рәміздеріміз бар. Сондықтан да біз тәуелсіз мемлекетпіз.

- Ал біздің Елбасымыз кім?

Балалар:

- Біздің Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші:

- Қазақстан Республикасының рәміздерін кім біледі?

Балалар:

-Қазақстан Республикасының рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран.

-Ту-Флаг- friend. Тудың түсі көк, аспанның түсіне ұқсайды , ортасында күн бейнеленген. Астында қыран құсы бар. 

-Елтаңба-герб- emblem. Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпар бейнеленген.

Тәрбиеші:-Ту, Елтаңба,Әнұран туралы кім тақпақ біледі?

Балалар:

1.Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


2.Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.


3.Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар!Ой балалар мынау не екен? Қане барлығымыз тыңдап көрейік пе ?

Балалар –Ия апай.

(Теледидардан әже сөйлейді.)

Әже: -Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Менің үйімде қуанышты жаңалық!Бүгін менің Амина немерем 1 жасқа толды.Сендерді «Тұсау кесу» тойына шақырамын.

Ұйымдастырушылық түзетушілік:

Тәрбиеші: -Балалар, әженің ауылына қонаққа барайық па?

Балалар:Иә,барайық.

Тәрбиеші:-Олай болса әженің ауылына пойызбен барсақ қайтеді.Ол үшін біз билет алуымыз керек.

(балалар үстелдегі геометриялық пішіндерді алып, түстері мен пішіндерін атап, пойыздың қалташасындағы геометриялық пішінге сәйкестендіріп салады)

Тәрбиеші:-Жақсы,балалар, ал енді аттанайық.

Сергіту:

Қане,кімнің бойы ұзын?

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық

Бір,екі,үш пуп-пуп-пуп

Бір,екі,үш пыш-пыш-пыш.

Міне балалар әжеміздін үйіне де келіп жеттік.

Әже:-Сәлеметсіңдер ме, балалаларым!

Балалар: -Салеметсіз бе,әже!

Әже:-Келіндер, төрлетіңдер.!

Тәрбиеші:-Әже «Бір сәбиді қуантсаң, мың періште қуанады» деген сөз бар, сәбидің қуанышына тілеулес болуға барлығымыз қонаққа келдік.

Әже: -Олай болса балаларым келіндер отырындар мен сендерге қазағымыздын салт-дәстүрі «тұсау кесу» рәсімін айтып берейін.

Тұсау кесер-сәби қаз тұрғаннан бастап,тез жүріп кетсін деп «тұсау кесер» ырымын жасайды.Баланын тұсауын кесу үшін арнайы ала жіпті дайындайды.Ақ жіппен қара жіпті әдемілеп өріп ала жіпті дайындап қояды. Ала жіпті-жаман қылықтар жасамасын деген ниетпен жасаған екен.

Ақ төсеніш ол – жолы әр кез ашық болсын, ақ болсын деген мағынада жайылады екен.Бала төрде тұрған кітап,домбыра,қамшы сияқты үш заттың бірін таңдап алады.Кітап-ақылды білімді болсын дегені.Домбыра – ақын, жыршы,күйші,әнші болсын дегені,ал қамшыны таңдаса батыр болады деп ырымдаған.Ал тұсауды білімді,ақылды адамдарға кескізген.

Әже:-Олай болса рәсімді бастайық.

Ал немерем Аминаның тұсауын, адал болсын,пейілі ақ болсын,- деп қадірлі қонаққа кескізейін. ( Шашу шашылып,тұсау кесу рәсімі жүргізіледі.)

Балалар: Ән: «Тұсау кесер»

Тұсауынды кесейін

Ала жіпті шешейін

Құтты болсын,

Талабын сенің.

Бөбегім шың көңіл мен

Тілегім бол өмірде

Тұсалмасын қадамын сенің.

Қ-сы:

Тәй-тәй балапаным

Қаз-қаз.

Ботақаным байқа,

қадамынды бас.

Айналайын тәй-тәй

Балапаным қаз-қаз

Ботақаным байқа,

қадамынды бас.

Тәрбиеші:

Тәй - тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылсын. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!

Әже:-Жарайсындар, балаларым! Сендерге көп рахмет!

Тәрбиеші: -Балалар,ал енді ойынның да кезегі келген сияқты.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Соқыр теке»

Ойынның мақсаты:

Балалардың тапқырлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір баланы ортаға шығарып «Соқыр теке» етіп сайлап, көзі байланады. Балалар «Соқыр теке» болып сайланған баланы айналып жүріп:

«Соқыр теке бақ – бақ,

Біз айтамыз тақпақ.

Мықты болсаң тауып көр,

Бізді қайдан таппақ»-деп айтады.Соқыр теке бір баланы ұстап, кім екенін тапса,сол бала ойын бастаушы болып сайланады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Тәрбиеші:-Жарайсындар балалар тамаша ойнадық,сендерге ұнады ма?

Балалар: -Ия ұнады.

Әже: -Әй жарайсындар ,балалар! Өркендерің өссін.Қазақтың дәстүрі бойынша үйге келген қонақтарды құр қол жібермеген. .(Келген қонақтарға сыйлық таратады.)

Ал сендерге,балаларым, пысырып қойған бауырсағым бар .Оны апайларыңа берем.Қолдарыңды жуып, топтарыңа барған соң жейсіңдер.

Балалар:- Рахмет, әже!

Тәрбиеші:- Көп рахмет сізге, әже. Біздің қайтатын уақытымыз келді.

Балалар:-Сау болыңыз!

Рефлексиялық түзетушілік:

Тәрбиеші:- Балалар, бүгін уақытымызды сондай көңілді өткіздік!Біз бүгін қайда бардық?Біз қандай рәсіммен таныстық? Сендерге қызықты болды ма?Ал маған сендердің бір-бірлеріңе деген достық қарым-қатыстарың,қамқорлықтарың ұнады. Енді мен сендердің көңіл күйлеріңді білгім келеді.

(Балалар көңілді және көңілсіз смайликтер арқылы ойларын айтады.)























































Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 Балабақша-бөбекжайы » КМҚК










«Әжеде қонақта».


6 «Бөбек» екінші кіші тобы

Тәрбиеші : Тохтарова Асем Турсынбаевна





















2018-2019 жж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Әжеде қонақта ашық сабақ

Автор: Тохтарова Асем Турсынбаевна

Дата: 21.01.2019

Номер свидетельства: 496504

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Сыныптан тыс ашық сабақ "Талантыңмен таныл""
    ["seo_title"] => string(44) "synyptan_tys_ashyk_sabak_talantyn_mien_tanyl"
    ["file_id"] => string(6) "395017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487869905"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) ""Жиындарды? бірігуі. Жиындарды? ?иылысуы" математика п?нінен ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(66) "zhiyndardynbirighuizhiyndardynkiylysuymatiematikapninienashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "315038"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459824961"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ана тілі п?нінен ашы? саба? та?ырыбы "Наурыз к?же""
    ["seo_title"] => string(53) "ana-tili-p-ninien-ashyk-sabak-tak-yryby-nauryz-kozhie"
    ["file_id"] => string(6) "249339"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446886315"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба? "Дастар?ан басында" "
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-dastark-an-basynda"
    ["file_id"] => string(6) "194840"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427816529"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Наурыз тойы ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(23) "nauryz-toiy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "245793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446213259"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства