kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану "Көлік түрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

жаратылыстану пәнінен конспекті. өте жақсы

балаларға ұнадыдеген сенімдемін

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану "Көлік түрлері"»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старший группе

Өткізу күні / Дата проведения:

Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Көліктер»

Тақырыбы / Тема: «Көлік жүргізу мамандары»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Құрметтеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқыту – обучающая : Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист,капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : слайд, көлік түрлерінің суретері, қонжық аю, т.б.

Көптілділік : ұшақ-самолет- aircraft, тік ұшақ-вертолет- helicopter, мәшина-машина- machine.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайып сәт)
Қонжық аю: Осы кезде Қонжық аю келеді.

Балалар, сәлеметсізбе!

Мен сіздерден көмек сұрауға келдім. Сендер маған көмек бере аласыз ба? Мен ауылдағы әжеме барғым келеді, бірақ әлі күнге дейін көптеген кедергілерден  өте  алмай    жолда тұрмын.



2.Негізгі бөлім

Ендеше балалар мен бүгін ашық оқу қызыметінде көлік түрлерімен таныстырамын.

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біздер көлік туралы әңімелесеміз.Қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға

жауап беріп жұмбақтар шешеміз. Сонымен көлік дегеніміз не?

-Ол адамға не үшін керек?

-Ал, сендер балабақшаға немен келесіңдер?

-Өте жақсы, енді мен көліктің шығу тарихымен таныстырайын.

Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жер асты көліктері.

Жерде жүретін көліктерге:

Жеңіл көлік,велосипед, пойыз,

автобус,троллейбус, жүк көлігі.

Әуеде ұшатын көлік түрлеріне:

Ұшақ,тік ұшақ,зымыран.

Суда жүзетін көлік  түрлеріне:

Кеме,қайық жатады.

Балалар, ал енді біз қонжық аюға көмек береміз бе?

Ендеше жолға шығайық. Балалар біз биік-биік тауға келіп тоқтадық бұл таудан қандай көлік түрімен өтеміз?

Қане жауабын қарайықшы өте дұрыс айтыңдар ұшақ,тік ұшақ арқылы алыс жерлерге , көлік жүрмейтін жерлермен адамдарды,жүктерді әуемен тасымалдайды екен.

-Ал енді әрі қарай жолға шығайық алдымыздан үлкен әрі терең теңіз шықты.  Ал бұл теңізден қандай көлік түрлерімен өтуге болады?

-Өте дүрыс теңіз,мұхит,көл арқылы  адамдар өздерінің баратын жерлеріне,апаратын ауыр жүктерін осы кеме,қайықтармен жеткізеді екен. Балықшылар қайықпен балық аулайды.

-Әрі қарай жол жүрейік.

-Қараңдаршы, балалар, біз көптеген кедергілерден өтіп енді жазық далаға да келіп жеттік.  Жазық далада қара жолдармен  қандай көлік түрлерімен жүруге болады?

-Дұрыс айтасыңдар. Қане қарайықшы автобус, поезд, велосипед,жеңіл көлік түрлерімен жүруге болады екен. Жарайсыңдар балалар, Қонжық аюсендердің арқаларында үлкен-үлкен кедергілерден өтіп әжесінің ауылынакеліп жетті сендерге үлкен рахмет айтты.

-Ал, қазір, бойымызды сергітіп алайық қане мойнымызға мына вагондарды іліп алып қатар- қатар пойызды құрайық

Сергігу сәті:

Қане кімнің бойы ұзын

Паровоз ол поездің

Қатар-қатар тұрайық

Пойызді біз құрайық

Ал паровоз баста алға

Бәрімізді басқарда

Пш-пш пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде

Пш-пш пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік.

-Балалар ойын ұнадыма?

-Тағы ойнаймызба?

-Өте жақсы енді орнымызға жайғасамыз балалар көліктердің пайдалы да зиянды жақтары бар.

Пайдалы  жағы:

адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.

Зиянды  жағы:

көліктерден шыққан түтін,улы газдар  қоршаған ортаның ауасын ластайды,

адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері әсерін тигізеді.

Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза  табады,сондықтанда жолдан откенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.




Балалар жолаушылар жүретін көліктерде өз ережелері бар:

1.  Автобус,пойызға мінгенде  міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.

2. Үлкен адамдарға орын беру керек.

3.  Қатты сөйлеуге,жүруге болмайды.

4.  Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек.

Балалар ойын ойнаймыз ба?

Ойындар әр топтармен ойналады.

Дидактикалық ойын: «Жасырынған көлікті ата» (слайд арқылы) 
Шарты: Жартылай көрсетілген көлікті жұмбақ шешу арқылы тауып атау. 
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін тапсаңдар жасырынған суреттің не екенін көресіңдер. 

Көптілділік :

Қонжық аю: Өте жақсы балалар, жарайсыңдар! Сендерге көп-көпрахмет маған көп көмектерін тиді. Ал енді мен кетейін. Сау болыңдар!

Жеке жұмыс:

Қайрат бүгін бізге кім келді?

Батырхан біз қандай көлі түрлерімен таныстық?

Серік Сезім суда жүретін көлік түрлерін атап берші?

3.Қорытынды
Балалар біз бүгің қандай көліктер мен таныстық? Кім қонаққа келді?

Дұрыс айтасыңдар бізге қонаққа Қонжық аю келді. Біз оған өзеннің арғы бетінен өтуге көмек жасадық. Көлік түрлерімен таныстық.

Балалар өз әсерлері көңілмен айтады.

Жарайсыңдар балалар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жаратылыстану "Көлік түрлері"

Автор: Смағұл Парасат Айдарқызы

Дата: 19.03.2019

Номер свидетельства: 503741

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаратылыстану  п?нін ?йретуде жа?а о?ыту технологиясын ?олдану мен келелі м?селелері "
    ["seo_title"] => string(100) "zharatylystanu-p-nin-uirietudie-zhan-a-ok-ytu-tiekhnologhiiasyn-k-oldanu-mien-kielieli-m-sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "163514"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422506038"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "?аза? тілі, 10 сынып,  жаратылыстану -  математика  ба?ыт  ?леуметтік – м?дени ая  Та?ырып:   Шілдехана. "
    ["seo_title"] => string(100) "k-azak-tili-10-synyp-zharatylystanu-matiematika-bag-yt-lieumiettik-m-dieni-aia-tak-yryp-shildiekhana"
    ["file_id"] => string(6) "154480"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421162266"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Жаратылыстану 1 сынып Жануарлардың қандай түрлері болады?"
    ["seo_title"] => string(60) "zharatylystanu_1_synyp_zhanuarlardyn_k_andai_turlieri_bolady"
    ["file_id"] => string(6) "455589"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518026014"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Жаратылыстану кафесі"
    ["seo_title"] => string(21) "zharatylystanukafiesi"
    ["file_id"] => string(6) "310973"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459142398"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының саласы"
    ["seo_title"] => string(57) "khimiia_zattar_turaly_zharatylystanu_g_ylymdarynyn_salasy"
    ["file_id"] => string(6) "374759"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483163860"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства