Көңілді әуенмен балалар залға кіріп ,шыршаның қасына жарты шеңбер болып тұрады.
Шырша басында қосулы тұрады.
Жүргізуші:
Бүгін келді жаңарып,
Ботақан тобы тағы да,
Би билейді,ән салады,
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Жаңа жылда көңілді,
Шырқалады әніміз.
Ата-аналар сіздерді,
Құттықтаймыз бәріміз!
Кәне балалар,бәріміз бірге:
Құтты болсын-Жаңа жыл!
Жүргізуші:Балалар,аңа жылды қарсы алуға бәрің дайынсыңдар ма?Олай болса,бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпарымыздан шашу шашайық.
Даниал
Жаңажылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле Төрле Жаңажыл Бізге Құтты жыл болсын Айым Ж
Той,мереке,салтанат,
Думандатты шартарап.
Келді міне жаңа жыл,
Тартуларын арқалап.
Фариза
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге ,
Ақ күмісін төгеді.
Эльнара
Жаңа Жылмен,Жаңа Жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді,анамызды,
Қоңақтардың бәрінде.
Ән:«Жаңа жылды қарсы алайық!» (бәрі бірге)
(ән ырғағымен балалар орындарына отырады)
Қолында кілті бар Буратино кіреді.
Буратино:
Сәлеметсіңдер ме,балалар!Жаңа жыл құтты болсын.Мен ертегі әлемінен келдім.Мен өзімнің папам Карлоны жақсы көрем.Маған Черепаха Тортилла мынау кілтті сыйлады.Бұл кілт жай кілт емес,алтын және сыйқырлы. Менің досым Мальвина қайда?Мен оны барып іздеп келемін.Ал кілт шыршада ілініп тұрсын.
(ән ырғағымен Буратино шығып кетеді)
Жүргізуші:Балалар біз ертегі әлемінде болдық. Сендер ертегі кейіпкерін таныдыңдар ма?Жаңа жылда небір қызықтар болады.Балалар мерекемізді жалғастырайық.Бізге тағы қонақтар келе жатыр.
(Түлкі мен мысық кіреді.Мысық ақсаңдап таяққа сүиеніп,ал түлкінің иығында ара )
Мысық:Ой,тоңып қалдық.Мынау ел суық екен.
Түлкі:Біз үлкен шыршаны іздеп жүрміз,егер үлкен шыршаны тауып алсақ,оны арамен кесіп,балталап от жағып біраз жылынып алар едік.
Мысық:Ей,мына тұрған шыраның өзі емес пе?Өзі үлкен екен,бұтақтары да .
көп екен+.Бұдан көп ағаш шығады.
Түлкі:Қарасай!Мына шыршаны безендіріп қойыпты ғой.Шамдарымен ойыншықтары ілініп тұр.
Мысық:Саспа,түлкім!Ойыншықтарын жинап алып,кесіп,басқа елге апарып сатамыз.Бізде Жаңа жылды тойлайтын біраз ақша болады емес пе?
Түлкі:Жарайды.Ал ақшаны былай бөлеміз.Маған үшеу,саған екеу.Осылай дұрыс.
Мысық: Тепе-тең деген осы ма?
Түлкі:Жарайды,мяулама.Оны бірінші кесіп алайық.(шыршаның шамдары сөнеді)