kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош келді?, жа?а жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Шуканаева Рая

       Каргалинсий район

      ДОУ «Айголек»

 Та?ырыбы:?ош келді?, жа?а жыл!   

 Балалар  ?уенмен зал?а  кіреді.

Ж?ргізуші балаларды?  к??ілін  шырша?а аударады

?ымбатты балалар,  ??рметті  ?она?тар  сіздерді жа? жыл мерекесімен  ??тты?таймыз,  сіздерге жа?а жылда жа?а табыстар?а жетіп,  балалары?ызды?  ба?ытты  к?лкісі шары?тай берсін  деген  тілекпен біз «?ош келді? жа?а жыл» атты  ерте?гілікімізді  бастаймыз.

Ж?р:  Балалар  сендерге  мына  шырша  ?найма?  Ендеше  шырша  жайлы ?ле?,  та?па?  айтайы?.

                                     Та?па?тар:

?демілеп біз  ілген,

Ойыншы?тар тізілген.

?андай жа?сы шыршамыз,

?н шыр?айы? баршамыз.

 

Ойыншы?ты  м?ншама,

Кім ілді екн  шыршаа?а.

Ала?ай,айнала т?рленеді,

Бала?ай ?н салайы?  т?рма  енді

Жасыл шырша жайна?ан,

Жао?ыра?ан  н?рменен.

?андай  ?ажап  айналам,

??лпыр?андай г?лменен.

Кел бала?ай шырша дайын,

?ол ?стасып,?н салйы?.

Жа?а жылды? жар?ын айын,

?нмен,бимен ?арсы алайы?

                          ?н: «Жасыл  шырша»

Ж?р:  Балалар  осы жылды?  ?ай мезгілінде шырша бізге

       ?она??а келеді.?рине ?ыста.

Онда  балалар ?ыс туралы та?па?тар мен ?н айтайы?.

                                           Та?па?тар:

Т?рлет  ?ане жа?а жыл,

?лестір ??т береке.

К?п  ?уаныш  ала кел,

К?п  болсыншы  мереке.

Тазартып бар  кір ша?нан,

?ыс ?нерін  бастады.

Терезеге  ?ыраудан,

Сурет  салып тастады.

Біз тебеміз сыр?ана?,

Таудан  т?мен  сыр?анап.

Бір шанада екеуміз,

??ламайды  екенбіз.

 Ішік, пима, ?ол?ап  бар,

Арада жо?  то??а?тар.

Баста  ?алы? мала?ай,

Біз  то?баймыз  ала?ай!

Аула?а ?ар  ?йгізді,

Бетті  аяз?а с?йгізді.

То?басын деп теректер,

?ырау ішік  кигізді.

??ла?тарын ?сіткен,

Шыны?па?ан ?ай бала.

Осы болар ?ыс деген,

Айтса?  жауап  жай  ?ана.

                   ?н:  «А?ша ?ар»

(?ле?нен кейін балалар отырады.)

Шыршаны? артынан ж?гіріп секіріп ?оян шы?ып, ?атты ай?айлайды.

?оян: К?мектесі?дер! К?мектесі?дер!??т?ары?дар!

Ж?р:

Т?рат?р,  т?рат?р  ?оян! ?арашы  балалар  ?андай  ?демі болып  кеткен,  бірінші  балалармен  амандаспайсы? ба?

?оян:

Саламатсыздарма балалар!

Балалар жауап береді.

Ж?р: Ал, енді  айта бер ?оянжан  са?ан  не болды.

 ?оян:  Секіріп  жылайды, ма?ан к?мектесі?дерші,  ??т?ары?даршы.

Мені т?лкі ?уып келеді

Ж?р: ?оры?па ?оянжан тыныштал! Б?гін  мейрам, балаларды?  б?рі  к??ілді, мейірімді,  ?уанышты сені  ренжітпейді,  са?ан  к?мектеседі.

Солай ма, балалар.

?оян:  Мен  сендермен  ?алайын,

            Балалармен би билеп, ?н салайын,

            ?оры?паймын  еште?еден  мен  енді,

           Мерекені  ойынменен  жал?айын.

?оян: ?й мені? достарым тезірек келіндер, мейрамда к??ілімізді к?терейік.

Би:  ?ояндар.

Ж?р: Би биледі ?ояндар тамаша,

         Секіргені ?здеріне жараса.

Ортада  т?лкі пайда  болады.

Т?лкі: Б?л не ?ыл?ан  к??ілді ?уен, нені? ??рметіне  билеп жатырсы?дар,  б?л жерді?  ?ожайыны  мен, б?л жерде  к??іл  к?теруге  тыйым  саламын. (ая?ымен  жерді топылдатып)

Ж?р:  Ой ?у т?лкі біз  сенен  еш?андай да ?оры?паймыз,  ?азір  сені де ?н  айтып,  би билеуге  ?йретеміз.

(Шыршаны? артынан  ішіне ?ар  салын?ан  себетті  алып шы?ады)

?ане балалармен ?ояндар  мына ?арларды  алып,  т?лкіге  ла?тыры?дар.

Ойын: «?ар  ла?тыру»

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош келді?, жа?а жыл! »

Тақырыбы:Қош келдің, жаңа жыл!


Балалар әуенмен залға кіреді.

Жүргізуші балалардың көңілін шыршаға аударады


Қымбатты балалар, құрметті қонақтар сіздерді жаң жыл мерекесімен құттықтаймыз, сіздерге жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, балаларыңыздың бақытты күлкісі шарықтай берсін деген тілекпен біз «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілікімізді бастаймыз.


Жүр: Балалар сендерге мына шырша ұнайма? Ендеше шырша жайлы өлең, тақпақ айтайық.


Тақпақтар:


Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Ойыншықты мұншама,

Кім ілді екн шыршааға.

Алақай,айнала түрленеді,

Балақай ән салайық тұрма енді



Жасыл шырша жайнаған,

Жаоқыраған нұрменен.

Қандай ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.



Кел балақай шырша дайын,

Қол ұстасып,ән салйық.

Жаңа жылдың жарқын айын,

Әнмен,бимен қарсы алайық


Ән: «Жасыл шырша»

Жүр: Балалар осы жылдың қай мезгілінде шырша бізге

қонаққа келеді.Әрине қыста.

Онда балалар қыс туралы тақпақтар мен ән айтайық.


Тақпақтар:


Төрлет қане жаңа жыл,

Үлестір құт береке.

Көп қуаныш ала кел,

Көп болсыншы мереке.


Тазартып бар кір шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.



Біз тебеміз сырғанақ,

Таудан төмен сырғанап.

Бір шанада екеуміз,

Құламайды екенбіз.

Ішік, пима, қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай!

Аулаға қар үйгізді,

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді.

Құлақтарын үсіткен,

Шынықпаған қай бала.

Осы болар қыс деген,

Айтсақ жауап жай ғана.



Ән: «Ақша қар»

(Өлеңнен кейін балалар отырады.)

Шыршаның артынан жүгіріп секіріп қоян шығып, қатты айқайлайды.

Қоян: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!Құтқарыңдар!


Жүр:

Тұратұр, тұратұр қоян! Қарашы балалар қандай әдемі болып кеткен, бірінші балалармен амандаспайсың ба?

Қоян:

Саламатсыздарма балалар!

Балалар жауап береді.


Жүр: Ал, енді айта бер қоянжан саған не болды.

Қоян: Секіріп жылайды, маған көмектесіңдерші, құтқарыңдаршы.

Мені түлкі қуып келеді

Жүр: Қорықпа қоянжан тыныштал! Бүгін мейрам, балалардың бәрі көңілді, мейірімді, қуанышты сені ренжітпейді, саған көмектеседі.

Солай ма, балалар.

Қоян: Мен сендермен қалайын,

Балалармен би билеп, ән салайын,

Қорықпаймын ештеңеден мен енді,

Мерекені ойынменен жалғайын.

Қоян: Әй менің достарым тезірек келіндер, мейрамда көңілімізді көтерейік.

Би: Қояндар.

Жүр: Би биледі қояндар тамаша,

Секіргені өздеріне жараса.


Ортада түлкі пайда болады.

Түлкі: Бұл не қылған көңілді әуен, ненің құрметіне билеп жатырсыңдар, бұл жердің қожайыны мен, бұл жерде көңіл көтеруге тыйым саламын. (аяғымен жерді топылдатып)


Жүр: Ой қу түлкі біз сенен ешқандай да қорықпаймыз, қазір сені де ән айтып, би билеуге үйретеміз.

(Шыршаның артынан ішіне қар салынған себетті алып шығады)

Қане балалармен қояндар мына қарларды алып, түлкіге лақтырыңдар.


Ойын: «Қар лақтыру»


Түлкі: Тоқтатыңдар, қазір мен сендерге көрсетемін.

Мен сендерді бұл жерден қуамын,

Қуаныштарыңды бұзамын.


Жүр: Түлкіжан не болды сонша айғайлап,

Балаларды қарасаңшы абайлап,

Қандай әдемі киінген балалар,

Мерекеге шақырады сені олар.


Түлкі: Әдемі, кім бұл жерде әдемі?

Жүр: Қызық екенсің өзің кімің қалай, балалар да әдемі.

Түлкі: Жүреді, балаларды түртіп көреді.

Ой шынымен киімдерің әдемі екен, өздері онанда әдемі, сендер неге бұлай әдемі болып киінгенсіңдер а және бұл жерге не үшін келдіңдер?


Жүр: Біздің балалар ән айтып би билегенді ұнатады,

Дөңгеленіп жүріп жырлатады,

Өйткені бізде мереке.

Балалар қандай мереке екенін айтайықшы мына түлкіге.

Балалардың жауабы.


Түлкі: Жаңа жыл, жаң жыл деген немене, ондайда мереке бар ма не?

Жүр: Ендеше сен балаларды тыңда, жаңа жыл деген не екенін қазір олар айтып береді.


Тақпақтар:


Жаңа жыл, жаңа жыл,

Не әкелдің сен бізге.

Бау бақшаң толған гүл,

Төлдерің семіз бе?


Аяз ата жаңа жыл,

Адаспаңдар келіңдер.

Алдарыңнан шығатын,

Балаларды көріңдер.


Айналайық шыршаны,

Көктемдеткен бақшаны.

Бақыт жылы, шаттық жылы,

Құтты болсын жаңа жыл!


Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаң жыолда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап барлық бала жүр.

Түлкі: Ой, ой қандай өнерлі балалар, өлең мен тақпақтарың қандай керемет, дауыстарың қандай керемет, мына шыршаларың өте әдемі екен, (қояндардың қасына жақындап барады)мын қояндар да маған ұнады, қандай әдемі аппақ қояндар, құлақтары қандай әдемі, өздеріне жарасып тұр. Келіңдер, келіңдер бері келе қойыңдаршы мен сендерді сондай жақсы көремін.

Қояндар қорқып қашады, түлкі қуа жөнеледі.


Жүр: Түлкіні ұстап алады, қап бәлем қу түлкі, сен қандай айлакер едің а, мына кішкене қояндарды алып кетіп жегің келеді ғо я, жоқ олай болмайды түлкіжан.

Түлкі: Жоқ, жоқ маған сендердің кіп- кішкене, ап- арық қояндарың керек емес, құлақтары қалқиып, олар мағн жеуге де жарамайды.

Кеттім, кеттім қорықпаңдар қояндарыңды алмаймын.

Кетіп қалады.


Жүр: Бүгін біздер мынандай әдемі залда ән айттық, би биледік, бірақ аяз атасыз жаңа жыл мерекесі көңілсіз екен.

Балалар сендер осы мерекемізге Аяз атаның келгенін қалайсыңдар ма? Ендеше бар даусымызбен айғайлап Аяз атаны шақырайық, мүмкін ол бізді таба алмай жүрген болар , қане қатты даусымызды шығарып шақырайық, ол естісін.


Балалар: Аяз ата, Аяз ата.....................

Аяз ата: А---у, а----у келе жатырмын, келе жатырмын

Бұл Аққала болып шығады.


Жүр: Ой балалар бұл кім өзі Аяз ата осындай ма еді?

Балалар: Жоқ, жоқ.

Жүр: Ендеше мынау кім бізге келген?

Балалар: Ол аққала.


Аққала: Сендерді таңғалдырған, ойландырған мен аққаламын.

Мен суыққа, аязға әбден үйренгенмін

Саламатсыздар ма, саламатсыздар ма! (жан-жағына қарап амандасады)

Маған достарым айтты,

Әдемі безендірген шыршаға.

Барлық орман жануарлары,

Қонақта екен жаңа жылда

Аққала жоқ қасында деді, сендер мені неге мерекеге шақырмағансыңдар?


Жүр: Неге ренжисің аққала, балалар сені өте жақсы көреді, тіпті сені жақсы көретіні соншалық сені кардан жасап дос болады емес пе? Керек десең саған арнап ән де айтып береді.


Ән: «Аққала»

1.Біздер қардан жасайтын

Керемет, керемет

Атын кім деп атаймыз, атаймыз, атаймыз

Балалар: Аққала, ақққала, аққала.


2. Басында шелек қалпағы,

Сәбіз екен танауы

Қарасақ оған күлкілі, күлкілі

Ха- ха –ха –ха.


3. Жақындаймыз біз оған (3)

Дос болайық қар адам, қар адам, қар адам.


Аққала: Ой, ой қандай тамаша, маған айтқан әндерің ұнады.

Ал, енді ойын ойнайтын уақытта келді, сендер қашыңдар жан-жаққа мен сендерді ұстап алайын.

(Аққала балаларды қуады, жете алмайды, шұаршап орындыққа отырады.)

Уһ, шаршадым, ыстық болып кетті ме немене, бұлай болса мен қазір еріп кетем ғой.


Жүр: ой балалар қане аққалаға көмектесейік, ол еріп кетер.

Балалар: желпиді, үрлейді.

Аққала: Ой балалар сендерге көп, көп рақмет, маған енді жақсы болды, мен кетейін сау болыңдар.


Жүр: Балалар бізге Аяз атаның келетін түрі жоққой, қане тағы да шақырып көрейікші.

Балалар: Аяз ата, аяз ата.


Аяз ата: А------у, а-----у келе жатырмын, келе жатырмын, залға кіріп келеді.

Саламатсыңдар ма, менің сүйікті ұлдарыммен қыздарым, құрметті қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын, береке, ырысқа толы жыл болсын, әр шаңыраққа қуаныш әкелсін, балалар бақытты болсын!


Жүр: Аяз ата сізді біздің балалар көптен күтіп сағынды, міне өзіңізде келдіңіз, енді дем алып отырыңыз, біздің балалардың сізге арнаған ән,, тақпақтарын қабыл алыңыз.


Тақпақтар:


Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Әлде қарлы боранда,

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстін




Шыршамызда керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Аяз ата келіп тұр,

Алыс жақтан сағынған

Бүгін бізбен ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты ,

Болса екен деп ойлайды.

Аяз ата: Ой жарайсыңдар балалар, мені өте жақсы дайындалып күткен екенсіңдер, ризамын сендерге.

Әй мынау аққала ма? Бұл жерде не істеп жүсің сен?

Аққала: Мен бе, мен балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін келдім, олармен ән айттым, ойын ойнадым. Ал , аяз ата мен сізге де жаңа жыл мерекесіне сыйлық әкелдім, міне қарашы сондай тәтті балмұздақ.

Аяз ата: Ой рақмет Аққала мен балмұздақты өте жақсы көретін едім, сағн ризамын маған осындай сыйлық жасағаныңа. Сау болыңыздар мен кеттім. (Аяз ата балмұздақты жейді.)

Орындыққа отырады, ұйықтап кетеді.


Жүр: Ой балалар аяз атаны қараңдар, балмұздақты жеді де ұйықтап қалды ғой, не болды атамызға. Аққала сиқырлы балмұздақ әкеліп берген ғой ,қап бәлем енді атамызды қалай оятамыз, кім оятады оны.

Балалар біз аюларды шақырсақ қайтеді а, мүмкін олар атамызды оятып берер. Балалалар аюларды шақырады.

Би: «Аюлар»


Жүр: (биден соң) Аюлар, аюлар сендер бізге көмектесіңдерші , біздің аяз атамыз ұйықтап қалды, тұрмайды, оятып беріңдерші. Аюлар айғайлайды, ата оянбайды.


Жүр: Ой балалар аяз ата оянбайды, енді не істейміз, а-а-а, таптым, таптым, біз оның немере қызын шақырайық, ол бізге көмектесетін шығар, қане бәріміз бірге шақырайық. Шақырады.


Ақшақар: Саламатсыздар мабалалар,

Саламатсыздар ма қонақтар.

Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, сіздерге бақыт, қуаныш тілеймін.

Ау менің атам қайда.

Жүр: Ақшақар, аяз ата балмұздақ жеп еді, бірден ұйықтап қалды, ешкім оята алмады, өтінеміз бізге көмектесші.


Ақшақар: Әрине көмектесемін, қане балалар бәріміз аяз ата деп айғайлайық

Аяз ата оянып кетеді, немене кім сонша қатты айғайлап жатқан , сен кімсің өзі?

Ақшақар: Ау ата мен сенің немере қызыңмын ғой танымай қалдыңыз ба?

Аяз ата сіз мұздай балмұздақө жеген соң бәрін ұмытып кеткенсіз ғой. Мінекей мына ыстық шайды ішіп алыңыз, сол кезде бәрі де есіңізге түседі.

Менің атам шайды жақсы көреді.


Аяз ата: Ой жақсы болып қалдым ғой, рақмет қызым, сендерге де рақмет балалар, қане мерекемізді жалғастырайық.


Жүр: аяз ата сені балалар өте жақсы көреді, біздің балалардың осы мерекеге арнаған тақпақ ,әндерін тыңдағыңыз келе ме?




Тақпақтар:


Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Тағып алып коньки біз,

Көкше мұзда қалқимыз.

Қызған сайын денеміз,

Қиғаш, қиғаш тебеміз.


Қар жатыр аппақ,

Ойнауға жақсақ.

Осындай шақта,

Кім үйде жатпақ.


Өзеніме көліме,

Әсем ою ойыпты.

Ағаштардың бәріне,

Алқа тағып қойыпты

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: ой балалар тақпақтарың да, әндеріңде тамаша екен.

Балалар мен жаңа ғана қолғабымды жоғалтып алдым, сендер көрген жоқсыңдар ма?


Жүр: Я,я көрдік, көрдік міне сіздің қолғабыңыз. Оны қуып жетіп алыңыз.

Ойын: «Қолғапты қуып жет»

Жүр: Аяз ата шаршады орырып дем алсын. Ақшақар сенің қарша достарың қайда , оларды шақырсаңшы мерекеге.


Ақшақар: Ия, мен достарыды шақыруды ұмытып бара жатырмын ғой.

Қаршалар, менің қарша достарым, қайдасыңдар, келіңдер!


Би: «Қаршалар»


Аяз ата: Ал, енді бәрің шеңберег тұрыңдар да, әдемілеп бір ән шырқаңдаршы.


Ән:

Аяз ата балаларды мадақтайды.

Жүр: Ау аяз ата біздің балалар сізден сыйлық күтіп жүрді ал, сіз оны ұмытып кеткен жоқсыз ба?


Аяз ата: Жоқ мен ұмытқан жоқпын, ау қызым біздің сыйлықтар қайда , әкел балаларға берейік. Іздейді, іздейді. Мында да жоқ. Ойбай мен оларды қайда қойдым а.

Қазір біз оларды шақырамыз.

1, 2, 3 тарсылдатады.


Музыка ойнап ортаға балықтар шығады.

Би: «Балықтар»


Аяз ата: Міне мынау сыйлықтар.

Сендер кімсіңдер?



Балықтар: Біз алтын балықтармыз, біз де мерекеге келдік, мінекей сыйлыққа алтын балық әкелдік.

Аяз ата: Алтын балық дейсіңдер ме, қане оны бері әкеліңдерші.

Балықтар үлкен балықты алып келеді. Оның ішінде сыйлық болады.


Аяз ата: мынау ма алтын балық , қане оны қараайық, ой керемет мынау мен сендерге дайындаған сыйлықтар ғой, қане ақшақар қызым балаларға сыйлықтарды таратайық, қуанып қалсын.


Балалар: Рақмет ата.

Аяз ата: Ал, енді балалар сау болыңдар, келесі жылы тағы да келемін.

Балалар: Сау болыңыз.


Жүр: Құрметті ата-аналар осымен бүгінгі біздің «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігімііз аяқталды.


Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош келді?, жа?а жыл!

Автор: Шуканаева Рая

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162629

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?, Жа?а жыл!!!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl4"
    ["file_id"] => string(6) "290381"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454947978"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?,  Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-4"
    ["file_id"] => string(6) "169469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423411760"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ош келді?, Жа?а жыл! (жа?а жылды? мереке) "
    ["seo_title"] => string(50) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyldyk-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "194512"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427788390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства