Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беріп, жаңа жылда жаңа көңіл кұй болуларын қалыптастыру, Ертеңгілікке Аяз ата мен Ақшақарды қонаққа шақырып ертегі еліне саяхаттау.Балаларды мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бізбен бірге би билеп, ән сал. (Ақшақар балалар мен бірге қоянды оятады. Балалар қоян биін билейді)
Ақшақар:
Шырша жанында ән салдық,
Қоянды да оятып алдық.
Өлең жолдарын білесіздер ме?
Маған айтып бересіздер ме?
Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Көп сыйлық алдық.
Тәрбиеші:
Аяз ата біздерге
Тоғайменен келеді.
Арқасында дорбасы,
Сыйлық әкеп береді .
Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдық,
Бір жасқа енді.
Тәрбиеші:
Далада аяз, шымшылайды,
Мұрны менен бетіңді.
Желмен қарды ұшырып,
Ұшырып мамық ақ қарды да.
Би: «Ақшақарлар»
Ойын: «Қар»
Мақсаты: Балалардың жылдам ақшақардың шашып тастаған қарларынжылдам жинап беру.
Тақпақтар:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Шырша, шырша,
Қуаныш жалпыға.
Көңілді шыршамыз,
Жарқыра, жарқыра.
Аспан жерге төгілді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Қонжық:
Ұйықтап қалған қонжықтар,
Біздің әнді етиді.
Апанынан шығыпты,
Қол-аяғын созыпты.
Ойын: «Аюдан сақтан»
Ережесі: Едендегі шеңберлер қойылған, бұл қоянның үйі. Әр бір шеңберге қояндар тығылады. Екінші жағынан аю көзін жұмып ұйықтап отырған кезінде, қояндар үйінен шығып бөлме ішінде ойнап жүреді.осы кезде дыбыстардан аю оянып, қояндарды ұстап алуға тырысады, қояндар жылдам үйіне тығылады.
Тәрбиеші:
Біз ойнадық, биледік,
Аяқтарымыз шаршады.
Билеп ойнап терледік,
Аяз ата сыйлығын ,
Балаларға сыйлады.
Қайда қойғанын айтпады,
Сыйлықтарды ізделік,
Қане балалар ізделік.
(бөлме ішінен ақшақар мен балалар сыйлықтарын іздейді. Шырша түбіндегі үлкен қарға назар аударып, қарға жамылған жамылғыны ашады. Жамылғы ішінен шырша шамдары жарқырайды.)
Ақшақар:
Қандай үлкен қар екен,
Әсем шырша жанында.
Үрлейікші балалар,
Қане бір, екі, үш бұл не?
(Ақшақар жамылғыны көтеріп, ішінен сыйлықтарды алып балаларға тарту етеді.)