Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл" мерекесі»
«Жұлдыздар» тобына арналған жаңа жылдық ертеңгілік. Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге!
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәріңізге,- дей келе бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі
Арай Дулатқызына беріледі.
Залға ақ аю кіреді; Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, қонақтар!
Бүгін жаңа жылмерекесі қарсаңында достарымды қонаққа шақырдым. Қазір келіп қалар. (дайындалап жүреді)
Залға мыстан кіреді;
- Пай-пай мына шырша қандай әдемі! Сен жаңа жыл мерекесін тойлағалы
жатырсың ба?
-Ия, мен достарымды қонаққа шақырдым.
-Иәәә, сен неге мені қонаққа шақырмадың? Мені шақырмағаның үшін шыршаңды бытшыт қыламын.
-Жоқ бүлдірмеші.
-Ендеше мына сыйлықтарыңды алып кетейін.
-Оғанда тиіспе, ол менің достарыма дайындаған сыйлығым ғой.
-Сен маған ештеме істеткізбейсің ба? Мен сені қатырып тастайын ендеше. Қонақатарыңмен жаңа жыл мерекесін өткізе алмай жүретін боларсың.
(Аюды қатырып сыйлықтарды алып кетеді)
Залға қонақ болып келген аққалалар кіреді;
-Қош көрдік аю жан! Жаңа жылың құтты болсын! (деп амандасады, аю қозғалмай қатып тұрады. )
Залға қонақ болып келген пингвиндар кіреді;
Аққала: кішкентай пингвин достарым сендерді де аю қонаққа шақырды ма? Қиын жағдай болып тұр, бізге көмек керек. Аю қатып қалыпты. Бұған не болды екен?
Залға қонақ болып келген Санта клаустар мен Ақшақарлар кіреді;
Аққала: Аяз ата немерелері сендерде қонаққа келдіңдер ме? Сендерді де аю қонаққа шақырды ма? Қиын жағдай болып тұр, бізге көмек керек. Аю қатып қалыпты. Бұған не болды екен?
Көмекке мүмкін Аяз ата мен ақшақарды шақырып көреміз бе? Мүмкін сыйқырлы таяғымен бірдеме істер.
Барлығы; Аяз ата Ақшақар деп үш рет айқайлайды.
Залға Ақшақарды ертіп Аяз ата кіреді;
Келе жатырмын, келе жатырмын .
Балаларым балғындарым. Армысыңдар жарқындарым, Тілегенім жыл бойы, Сендердің денсаулықтарың! Сендерге әрең жеттік қой. Не болып қалды?
Аққала: Аяз ата бізді аю жаңа жылдық мерекеге қонаққа шақырып еді. Ал, біз келсек өзі қатып қалыпты. Аяз ата: (Аюды қолымен ұстап көреді)
Аю мұз болып қатпаған, мұны біреу сиқырлап кеткенге ұқсайды. Қазір мен сиқырлы таяғыммен қалпына келтірейін. (Сиқырлы таяғымен түртеді)
Ал сиқырлы таяғым, көмегіңді көрсет бізге аямай. Сүф - сүф! (Музыка әуенімен жан бітеді)
Аю: О, достарым қай кезде келіп қалдыңдар.
Аққала: Біздің келгенімізге біраз болды, сен болсаң бізді қонаққа шақырып өзің қатып қалыпсың. Біз қатты қорқып кеттікте көмекке Аяз атаны шақырдық. Аяз ата сиқырлы таяғымен саған жат бітірді.
Аю: Ммм бағана мен сендерді күтіп дайындық жасап жүргенде мыстан кемпір келіп маған ренжіген сол ғой мені қатырып кеткен. Жарайды бәрі артта қалды бүгінгі жаңа жылдық мерекемізді тойлайықшы.
Аққала: Аюжан сен балығыңды жеп ал, біз бір ойын ойнай тұрайық.
Балалармен ойын: «Қар жинау»
Аю:Аяз ата Ақшақар сіздер шаршаған боларсыздар отырып дем алыңыздар. Балалар сіздерге арнапөнерлерін көрсетсін.
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған .
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман. Ясмина
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақшақарды тыңдайық. Диляра
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына. Дінмұхамед
Аяз ата келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Тақпақ айтқан балаға
Сыйлығынан беріп тұр. Рамазан
Қонақтайды бақтарға, Ақ көбелек, ақ мамық. Аунап таза ақ қарға Балалар жүр мақтанып. Айзере
Аппақ бүгін қыр, далам, Ақ мақтаны жапқандай! Бүкіл әлем – бір ғалам, Қонақ күтіп жатқандай. Әдия
Бақша іші мереке, Ойын күлкі асқақ ән. Жақсы әпкелер жаңа кеп, Мерекені бастаған. Аяла
Аспан жерге төгеді Ақ күмісін уыстап. Жаңа жыл да келеді Бізге қарай жылыстап. Азалия
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: Жарайсыңдар барлықтарың өнерлі екенсіңдер. Менің немерелерім де өнерлі қане сендер би билеп беріңдерші.
Би: «Санта клаустар мен ақшақарлар»
Залға ескі жыл мен жаңа жыл кіреді; (Екеуі бірге амандасып кіреді.)
Сәлеметсіз бе, аю ағай! Сіздің үйде Аяз ата мен Ақшақар бар деп естіп келдік. Ол кісілер бізге қажет болып тұр.
Аю:
- Иә олар менің үйімде, сендер кімсіңдер?
-Біз ескі жыл мен жаңа жыл боламыз.
-Ааа, кіріңдер.
Аяз ата:
-Қош келдіңдер! Бұл әтеш ескі жыл болады.
Әтеш:
-Ия мен ескі жыл әтешпін мен бір жыл бойы сіздермен жүрдім. Көп жұмыстар атқардым. Сіздергеде ризамын, еш реншім де жоқ. Енді келер жаңа жылда орнымды мына итке берейін деп едім.
Ит:
-Иә өзіміз өз ара шеше салмай сіздермен ақылдасайық деп сіздерді іздеп келдік. Дұрыс, бұрысын өзіңіз айтсын деп.
Аяз ата:
-Рахмет сыйлап келгендеріңе. Итте жаман емес, сен жеті қазынаның бірісің, адамға дос әрі адамға серіксің. Әтеш жолыңды итке бергенің дұрыс болған. Сенде жаман болмадың, өткен жылда көп жақсылық әкелдің саған да рахмет!
Ит:
Жаңа жылда жұп жазбай,
Жақсылыққа бағыт алған.
Жаңа жыл мен Ит болам.
Жаңа жылдың мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елге, жерге, табиғатқа,
Бақыт жолды жолдаймын.
Аю: Бәрекелді, жаңа жылда кеп қапты. Қошеметпен екі жылға жырдан шашу шашайық. Ал, балалар екі жылға арнап тақпақ айтып берейік.
Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық. Ермұхамед
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ит жылы келгенде, сыйғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын. Ақбаян
Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле Төрле Жаңа жыл Бізге Құтты жыл болсын Нұрдәуір
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар. Біржан
Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жанашыр Ата-әже, әке - шеше Құтты болсын Жаңа жыл ! Ботагоз
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр. Ч.Амир
Жаңа жылда, балалар, Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын София
Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де. Иманбек
Әтеш:
Ал, балалар қоштасатын сәт келді, әлі талай кездесеміз. Кездескенше қош сау болыңдар! (Балалар бірге қоштасады)
Аю: Ал кәнекей жаңа жылдың құрметіне «Шырша жыры» әнін айтайық.
Ән: «Шырша жыры»
Аққала:
-Жаңа жыл сенің келгеніңе бізде қуаныштымыз. Ата-аналарда қуанышты. Қуанышымызды білдіріп ата-аналарман бір ойын ойнайық.
Ойын: «Кім көп ойыншық жинайды?»
Осы қуанышқа орай аққалалар бір би билеп берейік.
Би: «Аққалалар»
Аю: Достарым уақытта болып қалды, келгендеріңе көп рахмет! Сендерге сыйлық алып қойып едім оны да мыстан алып кетті. Ұят болдау сендерден, қалай бос қайтарамын.
Аяз ата; Аюжан сен мұңайма қазір біздің саққұлақ сыйлықты тауып әкеледі. Бар саққұлақ, мықтылығыңды көрсет. (Ит сыйлықтарды алып келеді) Саққұлақ келгенше мен өз тәттілерімді балаларға берейін. (Кәмпит таратады)
Аяз ата: Міне аюжан саққұлақ мыстан кемпірден сыйлықтарды алып келді. Бізде енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайық. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Ит: Аяз ата менде сіздермен барып балалармен кездессем қалай болады? Аяз ата: Дұрыс болар еді олар да жаңа жылмен танысып қалсын. Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Аю: Достар сендерде мен сияқты суық жаққа төзімдісіңдер ғой, барлығымыз бірге тұрсақ қайтеді. Достығымыз жарасып, бір жүрейік бәріміз.
Барлығы:
Біз тілейміз жаңа жалдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық достықты.
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Бір жүрейік жаңа жылда достасып.
Аю: Достарым сендерге арнаған жаңа жылдық сыйлықтарды таратып берейін.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Осымен жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай кешімізді керемет өтуге атсалысқан ата-аналарға, әріптестерім сіздерге мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын, жаңа жыл отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!