Тақырып: : Жақсы қарым- қатынас жасауға үйренеміз
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: бауырмалдылық, сыйластық
Мақсаты: Балаларды өзара жақсы қарым- қатынас жасай білуге үйрету.Міндеті: Күнделікті өмірде жақсы қарым- қатынас жасауға үйрету. Айналасына бауырмал болып, жағымды қарым- қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру.Жақсылыққа, ізгілікке, сыйласа білуге тәрбиелеу. | |
Сабақ барысы: · Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. · Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өздеріңнің тыныстарыңды бақылап, бақытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар. · Үй тапсырмасын тексеру. | |
· Дәйексөз.«Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» | |
· Әңгімелесу (сұхбат)В.А. Сухомилинскийдің «Жалғыз алма» әңгімесін балаларға оқып беру · Қыздар неліктен алманы бөлісе алмады? · Қыздардың орнында өздерің болсаңдар не едіңдер?Тәрбиеші қорытындылайды | |
· Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Жақсы аданың бейнесін салу | |
· Топпен ән айту.Ө. Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.Жақсы болу - өзіңнен, “Жаман болу - өзіңнен,Өзіңді өзің ая да,Өзің үйрен, өзіңнен.Жақсылық көрсең біреуден,Мен қандаймын?” деп ойлаӨзіңді өзің қолыңа ал,Өзіңсің – ақыл айнасы.Тиеді саған мәні бар“Өзіңді тану” пайдасы. | |
· Үй тапсырмасы.Жақсылық пен жамандық туралы әңгіме | |
· Сабақтың қорытынды сәті · Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өздеріңнің тыныстарыңды бақылап, бақытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар. |