kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жа?сы ?арым-?атынас жасау?а ?йренеміз" ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

:  Балаларды ?зара жа?сы ?арым- ?атынас асай білуге ?йрету. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жа?сы ?арым-?атынас жасау?а ?йренеміз" ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті»

даярлық тобының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бағдарлама тараулары: Өзін- өзі тану.

Тақырыбы: Жақсы қарым- қатынас жасауға үйренеміз.

Мақсаты: Балаларды өзара жақсы қарым- қатынас асай білуге үйрету.

Міндеті: Күнделікті өмірде жақсы қарым- қатынас жасауға үйрету. Айналасына жағымды қарым- қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

I Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші музыка жетекшісінің сүймелдеуімен Ә. Дүйсенбиевтің «Қуыршақ» өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды.


Шаттық шебер жасайды.


Балалар өлең айтады.

Іздену ұйымдастырушылық

II. Шығармашылық жұмыс.

Әңгімелесу.

  • Балалар, қазір орындалған «Қуыршақ» өлеңінен не түсіндіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен «Қуыршақтың» қырсық мінезін, ешкіммен тіл табыса алмайтындығын байқадық .

  • Өмірде осы «Қуыршақ» сияқты балалар бола ма? Болса олармен достасу, бірге ойнау сендерге көңілді ме?

  • Біө «Өзін- өзі тану» сабақтарында адам бойындағы жақсы қасиеттермен танысып, ол жақсы қасиеттерге үйренудеміз. Ендеше, біз бүгін сабағымызда адамдармен, айналақоршаған ортамен қарым- қатынас жасаудың сырымен танысып, сол қасиеттерге үйренеміз.

III. Әңгімелеу.

Тәрбиеші балаларға В.А. Сухомилинскийдің «Жалғыз алма» әңгімесін балаларға оқып береді.

Тәрбиеші сұрақтар қояды.

  • Қыздар неліктен алманы бөлісе алмады?

  • Қыздардың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Тәрбиешіқорытындылайды.


IV. Тыныштық сәті.

- балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. ауаны тереу жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат мен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ойын: «Қуыршақ сөйлейді».

Мақсаты: Топтағы балалардың жақсы жағымды қарым- қатынастарын қалыптастыру.

V. Өзіммен- өзім.

- енді барлығымыз көзімізді жұмайық, бір-бірімізге кедергі жасамаймыз. (жай әуенді музыка ойналады). Енді барлығымыз өте тату тұратын «Татулық еліне» келдік деп ойлаңдар. Не сезіндіңдер? Ал маған бұл елден жып- жылы жел есіп тұр. Өйткені бұл елдің тұрғындары бір- біріне тек қана жақсылық тілейді, сыйлайды, жақсы көреді. Сендер де осы елдегі жақсылық пен сыйластықты сезініңдер. Барлық көргендерің үшін рахмет айтайық. Өз-өз тобымызға оралайық. Көзімізді ашамыз.

VI. Дәптермен жұмыс.

Балалар сурет бойынша әңгімелеп, дәптермен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті.

«Сұр қоян»

VII. Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.



Балалар жауаптары тыңдалады.






Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытынды жасайды.



Балалардың жауаптары тыңдалады.












Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады.














Балалар ойын ойнайды.




Балалар өзсезімдерімен, ойларымен бөліседі. Тәрбиеші балалардың ойларын түйіндейді.













Татулық, жақсы көру, сыйлау, келісу, түсінісу, тіл табысу.

Рефлексифті


түзетуші

Қорытындылау.

  • Біз бүгінгі сабағымызда жақсы қарым- қатынас жасаудың құпиясы бір-бірімізді түсіну, өзара сйыластық екенін түсіндік. Күнделікті өмірде балалар бір- біріне түсіністік пен қарап, сыйласса қарым- қатынастың жақсы болатны сөзсіз.

VIII. Жүректен жүрекке.

Тәрбиеші бұл әдістемелік тәсілді төмендегідей нысанда ұйымдастыруына болады.

  • Ыңғайланып отырып, қолдарыңды алға қарай созыңдар. Енді сенің алақаныңда кішкентай «Күн» жатыр деп ойла. Оның сәулесі сенің саусақтарыңның арасынан өтіп, бойыңа жылылық құйғанын сезін. Енді күннің таратқан жылуын сезіне отырып, қасыңдағыларға жақсы, мейірімді сөздер айтыңдар.














Балалар бір- біріне жақсы тілектер айтады.

Күтілетін нәтие:

Білуі керек: Татулық, жақсы көру, сыйлау, келісу, түсінісу, тіл табысу сөздерін білуі керек.

Істей білу керек: Жақсы қарым- қатынас жасауға үйрене білуі керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жа?сы ?арым-?атынас жасау?а ?йренеміз" ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Автор: Советханова Каламкас Берикказыевна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325892


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства