Мотивациялық қозғаушы | Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды. Балалар бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! | Шаттық шеңберіне тұрып айтады. Өз қуаныштарын айтады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Әңгімелеу: Балаларға «Ақтиін мен қасқыр» мысалын оқып, әңгімелеу. Мысал бойынша сұрақтар қою: -Ақтиін не себепті көңілді жүреді? -Ал, қасқыр ше? Дәйексөз: «Жақсылық жасау да – бақыт» деген нақыл сөзді түсіндіру. -Жақсылық жасау дегеніміз біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. Жамандықты ойламай, өзгелерді ренжітпей, айналаңа жақсы істер жасап қуантсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың. Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ, Керегелер керіліп, Өрімдей болып өріліп, Уықтар болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. Дәптермен жұмыс: Суреттер бойынша «жақсылық», «көмек», «қам-қорлық» сөздерін қатыстырып, әңгіме құрастыру, суретті бояту. Ғажайып сөздер: Үйренген өнегелі сөзді айтқызу. Ойын. «Жақсы мен жаман» Шарты: үстелдің үстіне жақсы және жаман қылықтар туралы суреттер тұрады. Балалар тақтаға екі бағанға жақсы қылықтар мен жаман қылықтарды ажыратып іледі. | Мұқият тыңдайды. Жауаптары тыңдалады Дәйексөздің мағынасын түсінеді Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады. Сурет бойынша әңгімелей-ді, суретті бояйды. Жақсылық жасау – бақыт, қуаныш. Ойынды ойнайды. |
Рефлексті түзетушілік: | Қорытындылау: Бүгін біз жақсылық жасау – бақыт, қуаныш еке-нін түсіндік. Бір-бірімізге жақсылық жасауды үйрендік. Жүректен жүрекке: Балаларды шеңберге тұрғызу. Досының атын ай-тып, қолын қысып, «Мен сені жақсы көремін» деп айтқызу. | Бір-бірін сыйлау, жақсы көру деген сөздің мағына-сын түсінеді. Балалар бір-біріне, «Мен сені жақсы көремін» деп айтады. |