kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жақсы жанұя бақыттың отаны" әңгіме

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларга жануия жайлы ангимелеп беру. отбасында неше адам болып туратынын сурау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жақсы жанұя бақыттың отаны" әңгіме»

Жақсы жанұя бақыттың отаны



Жанашыр Халықұлы

Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.

Жағымсыз қылықтарға бой ұрған бір отбасының тәлім-тәрбиесі жұқпалы ауру сияқты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып, күндердің күнінде сол әулетті жоқ етіп тынады. Онымен қоймай, жағымсыз қылықтары көрші-қолаңға жұғысады. Сөйтіп, бір тәрбиесіз отбасының қылығы күллі ауылды немесе әулетті бұзуы мүмкін. Атам қазақ осындайда: «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол» - деді емес пе! Әрине, жанұядағы басты тұлға − ата-ана. Өзара тату ата-ана балаларын тәрбиелеу барысында қиналмайды. Балалары оларға бағынышты түрде айтқанын тыңдайды, бұйырғанын орындайды. Ислам үкімі бойынша, ата-анасын сыйламаған бала зор күнәһәр. Жанұялық тәртіптің бүлінуіне негізгі себеп болатын дүние отбасы мүшелерінің әрқайсысы өзіне жүктеген міндет-борышын дұрыс атқармауынан. Айталық, әке алқаш болса әрі отбасына халалдан тағам тауып беріп, асырай алмаса, ондай әке балаларынан адамгершілік қағидатын қалай талап етпек! Ана өз міндетін атқармаса, ондай жанұяның балалары жүгенсіз кетпей қайтеді.

Жанұя дегеніміз адамның он екі мүшесі сияқты. Бас ойлайды, қол істейді, аяқ жүреді, көз көреді, құлақ естиді, ауыз сөйлейді т.б. Енді осы мүшелер бір-біріне бағынбаса не болмақ, бастың ойлағанын қол істемей қойса, аяқ теріс жүрсе, ауыз өзім білем деп сөйлесе... Ақыры не болмақ? Ондай адам өмір сүре алмайды, мүмкін жынданып кететін шығар. Жанұя да осы сияқты, әрбір отбасы мүшесі бір-біріне бағынбаса, әкені бала тыңдамаса, әке жөні түзу тәрбие бере алмаса, ол күйреген отбасы. Демек, жанұя һәм отбасы бір-біріне бағынышты және бір-бірін толықтыру шартымен өмір сүреді. Егер де осындағы отбасылық өмір сүру үрдісі дұрыс құрылмаса, ол да қателікке ұрындырады. Мысалы, отбасылық тәртіп қатаң қағидаларға негізделген болса, сол қағидаларды ақиқатқа балап, шырмауынан шыға алмаса, ондай отбасы өмір сүру айдынын тарылтып, қабілетін тұншықтырып тастайды. Күндердің күнінде ол отбасы мүшелері амалсыз тізе бүгуіне тура келеді. Сол себепті, әуелі, жанұяның әрбір мүшесі өзін дара тұлға ретінде сезінуі керек.

Жанұяда елеусіз қалған тұлға қауіпті. Ол өз орнын таба алмайды. Ынжық, кері тартпа кепке түседі немесе «атың шықпаса жер өрте» дейтіндей әулетке пәле боп жабысады. Сондықтан жанұяның әрбір мүшесі отбасында «менің рөлім бар» деп айта алуы керек. Олай болмаған жағдайда, шет қақпайланған отбасы мүшесі басқа ортадан сенімді одақ іздей бастайды. Түбі әулеттен бөлініп дара кетеді. Сөйтіп, әулет бірлігі әлсірейді. Жанұя өмірінде бір-біріне көмектесу, ісіне ортақтасу сезімі қалыптасқан жағдайда өмір сүру дағдысы жеңілдейді, жанұяның ынтымақ-бірлігі нығаяды. Жанұядағы ортақ бірлікті сезінген, оның дәмін татқан адам оны сақтауға күшін салады. Ең маңыздысы, отбасылық бірлікті ұрпаққа жалғастыруды үйретеді. Жанұяда басқаларға жауапкершілік сезімін үйрететін адам − әке. Ең алдымен жұбайына үлгі болуы керек. Ата-ананың арасындағы татулық, сыйластық байланыс балаға өтеді. Ал бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады. Отбасылық тәртіп имандылыққа құрылған жанұя жоқшылық, тапшылықтың өзін нығметке айналдыра алады. Сол себепті балаға, әуелі, жоқшылық арқылы өмір қиыншылығын жеңудің амалын үйрету керек. Балаларына ешқандай ауыртпалық үйретпеу ол қателік.

Ауыртпалық көрмеген бала өзгенің көмегіне сенім артатын, өз мүмкіндігін пайдалана алмайтын күйге түседі. Жақсы жанұя бақыттың отаны. Ерлі-зайыптылардың жарастығы бақыт ағашы болса, балалары оның жемісі. Мұндай жанұяға тап келген қиындықтың өзі жақсылыққа айналып кетеді. Өмірдің мән-мағынасын терең түсінбеген адам жанұясын діттеген жеріне жеткізе алмайды.





































Ақтау қаласының әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







Ата-аналармен әңгіме:

«Жақсы жанұя – бақыттың отаны»





Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі:

Саргожаева М.Б.





















Ақтау қаласы

2017-2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жақсы жанұя бақыттың отаны" әңгіме

Автор: Саргожаева Мариана Бердихановна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437328

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Т?рбие са?аты  «?ш ба?ытым» "
    ["seo_title"] => string(28) "t-rbiie-sag-aty-ush-bak-ytym"
    ["file_id"] => string(6) "195670"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427954196"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Сені? Отаны? атты ма?ала "
    ["seo_title"] => string(26) "sienin-otanyn-atty-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "179219"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424962889"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Сені? Отаны? атты баяндама "
    ["seo_title"] => string(28) "sienin-otanyn-atty-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "179223"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424963297"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "БА?ЫТ ??ША?ЫНДА (саба? жоспары)"
    ["seo_title"] => string(35) "bak-yt-k-u-shag-ynda-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "275835"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452620477"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Білім беруді жа??ырту жа?дайында А?Д саба?тарында патриотты?  т?рбие беру"
    ["seo_title"] => string(67) "bilimbierudizhangyrtuzhagdaiyndaadsabaktaryndapatriottyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "289120"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454742154"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства