Енді барлығымыз ойын ойнайық. Ойынның аты «қауышу» деп аталады. «қауышу»деген сөзді қалай түсінесіңдер,кім өз ойын айтады? «құшақтасу ,төс қағысу деген сөз. Жарайсың Ендеше біз «қауышу» ойыны арқылы бір-бірімізді құшақтап, кешегі ренжіген сәттерімізді ұмытып,жақсы көңіл күймен қауышайық.Тамаша көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастайық. Кәзір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің неше айы бар? Қар жылдың қай мезгілінде жауады? Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім айтып береді? Жақсы ,балалар енді барлығымыз бірге қысқы орманға саяхатқа барайық.Жол қысқарсын кім қыс мезгілі туралы тақпақ оқып береді? Міне,балалар орманғада жеттік.Айнала аппақ қар екен, тағы басқа орманнан не көріп тұрсыңдар?(тоғайлар,құстар) Балалар , бері келіңдерші тоғайдың арасында сандық жатыр.Сандықтың ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Онда мына жұмбақтарды шешіңдер. Жұмбақтар: Өзі қу,әрі айлакер,жүрген жері айқай шу. Бұл не?жұмбақтың шешуін кім айтады?жарайсың бұл түлкі (сандық ішінен түлкіні алып көрсетем)Бұл түлкі,ол жабайы аң.Оның түсі сары ,мынау басы,ал мынау денесі басында екі көзі тұмсығы бар.Ол тұмсығымен жақсы иіс сезеді ол орманда,тау тастың арасында өмір сүреді.Түлкі қысқа азық жинамайды,қар астындағы тышқандарды аулап жейді.Оның құйрығы ұзын,әрі әдемі.Ол өте қу аң,түлкінің баласын жәутік дейді ,орысша лиса дейді.Балалар мына түлкіні ертедегідегі түлкіге айналдырайық па?Түлкіні сандыққа салып сиқырлы сөздер айту арқылы сиқырлайық.Кәне,біз қандай сиқырлы сөздер білеміз айтайық.(ахалай-махалай,сахалай, суф,суф ) Ой,қандай керемет ойыншық түлкіміз ертегідегі түлкіге айналып кетті.Түлкіжан біздің сыйлы қонағымыз бол ,төрлет. Түлкі:Балалар сендерге рахмет,мені сандықтан шығарып ертедегі түлкіге айналдырдыңдар.Менің достарымада көмектесіңдерші,мен достарыммен бірге орманға қайтқым келеді.Жарайды біздің балалар саған көмектеседі. Енді балалар түлкі саған арнап түлкі туралы тақпағын оқысын. Балалар түлкінің достарына көмектесу үшін жұмбақтар шешу керек. Жазда қыдырады,қыста тынығады.Шешуі не?кім айтады? Жарайсың енді сандықтан шыққан ойыншық аюды алып кім сипаттап айтып береді? Кім жұмбақ жасырады? Аю туралы тақпақты кім оқиды? Мен тағы жұмбақ жасырам,мұқият тыңдаңдар.Көлеңкесінен қорқып безектейді,баласын оның көжек дейді бұл не?,балалар жарайсың. Енді кім қоян туралы сипаттап айтып береді?Қоян туралы тақпақ оқу.Сандықтан тағы аң шығару, Аузы бейне шалғы орақ,шөп емес бірақ малды орады бұл не? Қасқыр кім қасқыр туралы сипаттап айтып береді?Аңдар туралы тақпақ оқу Тіл ұстарту жаттығуы: Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян Ю-ю-ю қорбаңдаған аю Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр Мақалдар айту: «бөрі азығы жолда Түлкіні құйрығы құтқарады» Сергіту сәті: Көлбең көлбең көлеңкем Көлбең деген көлеңкем Кім көрсетіп береді Қоян қалай секіреді, Қасқыр қалай жортады Түлкі қалай жүреді Аю қалай қорбаңдайды. |