Мотивациялық қозғаушы кезеңі | - Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырамын, жауабын ойланып, дұрыс табыңыздар. Жұмбақ Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қошақан) Үнтаспадан қойдың маңыраған даусы естіледі. - Балалар бұл ненің даусы? Балаларға жұмсақ ойыншық қой көрсетіледі. - Балалар, қой өзінің төлін жоғалтып алыпты.Ол төлін іздеп жүр екен. - Қойдың төлі қалай аталады? - Балалар қойға көмектесеміз бе? Ендеше қойға жем - суын беріп, қамқорлық көрсетейік. | Балалар қуанады. - Қошақан - Қойдың дауысы. -Қошақан - Иә, деп жауап береді. Балалар оған су, жем, шөп беріп, қамқорлық жасайды. |
Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі | - Балалар, енді біз үй жануары қойға ерекше назар аударайық. Қой - өте мейірімді жануар. Ол бізге ет, сүттен басқа, түбіт береді. Түбітті өңдеп неше түрлі киімдер жасайды. Түбітті қойдың үстінен қырқып алып, жуып, түтіп, сабап, оны иіріп, жіп жасап қолғап, шұлық, текемет т.б, заттар тоқиды. Балалар қойға байланысты мақал - мәтелдер бар. "Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл- көсір." " Малды басқа теппе" -«Қой» сөзін кім үш тілде атайды? Сергіту сәті Ал балалар тұрайық ою-өрнек сызайық Түйе-табан,ботакөз Қой ізі мен,қос мүйіз Қарға түйақ,тышқан ізі Бүршік пен гүл әдемі Ою өрнек әлемі Түрлі жіпті алайық Сәнді өрнек салайық. - Балалар біздер қойдың төлін жасап береміз бе? - Ол үшін бізге қажетті құралдар: Желім, түрлі-түсті қағаз, қайшы және ақ парақ екен. Балаларға қажетті құралдар таратылып беріледі. Қошақан бейнесінің жасалу жолы көрсетіліеді. Балаларға көмек көрсетіледі. - Қошақанның бейнесін жасап болдық, енді оны үш тілде атайық. Дидактикалық ойын: "Дұрысын тап» Үй жануарларын сурет бойынша топтап, бөліп дұрыс таба білу. Енді олардың даусын тыңдап көрейік. (үн таспаға жазылған үй жануарларының, төлдерінің даусы) | Балалар мұқият тыңдайды. қой- овец – sheep Балалар сергіту жаттығуын орындайды. Балалар қуанады. Қойдың төлін жасайтындықтарын айтады. Балалар қошақан бейнесін жапсырады. қошақан – ягненок-amb Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Үй жануарларының дауыстарын тыңдайды. |
Рефлексивті түзетуші кезеңі | - Балалар, жасаған жұмыстарынды қарайын, бір-бірлеріне көрсетіндерші. - Балалар, қойдың бізге қандай пайдасы бар? - Осы жасаған жұмыстарымызды қойға берейік. Балаларды мадақтау. | Балалар бір-бірлерінің жұмыстарын қарайды. Балалар қойдың пайдасының көп екенін, мейірімді екенін айтады. Балалар қуанып, жасаған жұмыстарые қойға береді. |