Тосын с?т: Зал?а малшы ата кіреді. Балалармен амандасады.
-Амансыз ба, Ата! Бірде?е іздеп ж?рсіз бе?
Ата: Мен ба?ып ж?рген т?ліктерімді жо?алтып алдым. Сендер к?рмеді?дер ме? К?зім де аса к?рмейді, ??ла?ым да аса естімейді. Ма?ан т?ліктерімді табу?а к?мектесесі?дер ме?
-Балалар, біз ата?а т?лдерін табу?а к?мектесеміз бе?
Музыкалы? - дидактикалы? ойын: «Т?лдерді ша?ыру».
-Жарайсы?дар, балалар, міне Атаны? т?ліктері де келіп ?алды. Сендер оларды жа?сылап ша?ырды?дар. Енді келе жат?ан болар.
(Экраннан т?ліктерді? келе жат?ан суреттері шы?ады)
Ата: -Жарайсы?дар, балалар, мені? т?ліктерімді тауып берді?дер. Ал енді мен оларды ?ора?а ?амайын, сау болы?дар! (Ата шы?ып кетеді)
Просмотр содержимого документа
«"Т?лдер" ашы? саба?ы »
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеттің технологиялық картасы
Күні: 18.02.2015 жыл. Тобы: «Ертөстік» мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу іс әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Төлдер»
Мақсаты: Балаларға үш тілдегі әннің сөзін мнемосхема арқылы үйрету. Музыкадағы бейнелердің дауысын тану, ажырата білу, қимыл- қозғалысын бейнелей білу қабілеттерін дамыту. Төрт түлікке деген қызығушылық, сүйіспеншілік, қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: проектор, Малшы ата, Жайлау көрінісі
Билингавльды компанент: қой-баран, сиыр –корова, түйе –верблюд, жылқы-лощадь,
жануарлар- животные- анималс
Сөздік жұмыс: төлдер, енесі
Кезең-
дер
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларды залда әдемі әуенмен қарсы алу.
Әндетіп амандасу:
Сәлем, сәлем, балалар!
Hello, hello, childrens!
Здраваствуйте, ребята!
- Балалар, төрт түлікке не жатады білесіңдер ме?
- Жарайсыңдар, ендеше біз бүгін солардың төлдерімен танысамыз.
-Төлдерді көргілерің келе ме? Онда бәріміз жайлауға барайық.
«Тұлпар» әнінің сүйемелдеуімен балалар атқа отырып, «шабады».
Балалар залға кіреді.
Амандасады:
Сәлем, сәлем, апай!
Сәлем, сәлем, достарым! (қолдарын бұлғайды)
Hello, hello, Tieche!
Hello, hello,my frends!
Здравствуйте!
Балалар төрт түлікті атайды.
-Иә, көргіміз келеді.
Балалар «шабу» қимылын орындайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
(Слайд арқылы жайлаудың суретін көрсету.)
-Ал, балалар, біз міне жайлауға да келдік.
-Балалар, біз атқа мініп жайлауға келдік, ал бұрынғы заманда біздің ата-бабаларымыз түйелермен көшкен. Оны бір ауызбен «Керуен» деп атаған.
Музыка тыңдау: «Көш керуен» Н.Тілендиев
- Алыс жолға шыққанда, жүктерді тасу үшін көп түйе, жылқы малынан керуен құрып жүрген.
(Слайд арқылы көш керуеннің жүргенін көрсету.)
Музыканы талдау: екпінін, көңіл -күйін.
(Слайдтан түліктердің жайылып жүрген суреті шығады).
-Балалар, қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
Билингвальды компанент: қой-баран, сиыр –корова, түйе –верблюд, жылқы-лощадь
-Балаларға слайд арқылы төлдерді таныстыру.
- Осы төлдер туралы ән білесіңдер ме?
Ән айту үшін алдымен дауыс жаттығуын жасайық.
Слайдқа назарларын аударады.
Балалар көргендерін айтады.
Балалар музыканы тыңдап, талдайды. Керуен туралы түсініктерін айтады.
Балалар түліктердің орысша айтылуларын қайталайды.
Төлдермен танысады.
Дауыс жаттығуын жасайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Дауыс жаттығуы: «До мажор» гаммасы
А-а-а -о-о-о-и-и-и-у-у-у-а-а-а
Ән айту: «Төлдер». Б. Ғизатов
-Жарайсыңдар, ал енді біз «Жануарлар әні» деген үш тілдегі әнді үйренеміз.
Ән үйрену: «Жануарлар әні» (үш тілде)
Балаларға әнді орындап беру. Мнемосхема арқылы әннің сөзін үйрету.
- Қошақан қандай малдың төлі?
- Құлыншақ қай малдың төлі?
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
- Тағы қандай малдың төлін білесіңдер?
-Ән орындау кезінде әннің сөзін анық айтуға дағдыланыңдар. Әнді көңілді, әуенін дұрыс айтуға машықтанғандарың дұрыс.
Тосын сәт:Залға малшы ата кіреді. Балалармен амандасады.
-Амансыз ба, Ата! Бірдеңе іздеп жүрсіз бе?
Ата: Мен бағып жүрген түліктерімді жоғалтып алдым. Сендер көрмедіңдер ме? Көзім де аса көрмейді, құлағым да аса естімейді. Маған түліктерімді табуға көмектесесіңдер ме?
-Балалар, біз атаға төлдерін табуға көмектесеміз бе?
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Төлдерді шақыру».
-Жарайсыңдар, балалар, міне Атаның түліктері де келіп қалды. Сендер оларды жақсылап шақырдыңдар. Енді келе жатқан болар.
(Экраннан түліктердің келе жатқан суреттері шығады)
Ата: -Жарайсыңдар, балалар, менің түліктерімді тауып бердіңдер. Ал енді мен оларды қораға қамайын, сау болыңдар! (Ата шығып кетеді)
Балалар әнді естеріне түсіріп, орындайды.
Балалар әнді тыңдап,
айтады, үйренеді.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар атамен амандасады.
-Көмектесеміз.
Балалар төлдерді шақыруды орындайды.
Балалар Атамен қоштасады.
Рефлекстік- түзетушілік
Ән айту: «Жануарлар әні» (үш тілде)
-Бүгін қандай төлдерді атадық?
-Қандай төлдер туралы ән айттық?
Ерекшеленген балаларды атау, мақтау.
Қоштасу әнін орындау.
Балалар әнді қайталайды.
Сұрақтарға жауап беріп, қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыкадағы бейнелердің дауысын тануды, ажыратуды, қимыл- қозғалысын бейнелей білуді
Игереді:Әннің сөзін таза, әуенін нақышына келтіре орындауды
Меңгереді: Әрбір жануарға тән қасиеттер менқимылдарды, дауыстарын, жануарлардың атауын үш тілде айта біледі.