даярлық тобының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
технологиялық картасы
Тақырыбы; «Жайлау»
 Мақсаты; Жайлау пейзажын бейнелеуге үйрету, Геометриялық пішіндерді, жапсыру дағдыларын қалыптастыру, Туындыны әңгімелеу арқылы тілін дамыту, көркемдік талғаным арттыру,
 Шығармашылыққа баулу,
 Көрнекіліктер; Жайлау туралы слайд, «Жайлау суреті; М. Хамзиннің «Жайлау» күйі
 Қағаз түрлі - түсті қағаз, желім сүрткіш жіп үлгі, мақта,
 Ұйымдастыру;
 Тәрбиеші; Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда ең алдымен нені көреміз?
 Балалар; Күнді
 Тәрбиеші; Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?
 Балалар; Алақай! Шапалақ ұру.
 Тәрбиеші; Күн бізге жылуын шашады ма, әлде суығын төгеді ме?
 Балалар; Жылуын
 Тәрбиеші; Олай болса, алақанымызды жылытайықшы,
 ( қолдарын күнге созады)
 Алақанымыздағы жылуымызды жүрегіміздің, тұсына әкеліп, күннен алғаш күш қуатымызды бойымызға таратайық,
 (қолдарын жүрек тұсына қояды)
 
 Негізгі бөлім;
 Тәрбиеші балаларға слайд арқылы жайлау туралы көрсетеді, Көрсете отырып, балалармен; жайлау табиғаты, тау, өзен, ағаш, шөп, гүлдер, жайлаудағы киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар, жан - жануарлар гүлдер, жайлаудағы киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар жан - жануарлар жайында әңгімелеседі,
 Балалар атаны жайлау көрінісін елестете отырып М, Хамзиннің,»Жайлау» күйін тыңдатады,
 
 Сергіту сәті;
 
 
 Тақпақ: Жайлауда
 Атам биыл мені де,
 Алып барды жайлауға,
 Құлындар тұр желіде,
 Биелер түр байлауда,
 Бұлағын да ұнатам,
 Қыранын да ұнатам,
 «Жылда жылда» жайлауда,
 Апарам - деп жүр атам.
 Тәрбиеші; жайлау бейнесін, көрінісін бейнелейтіндерін айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп түсіндіреді,
 Балалардың жұмысы, Үлгіге қарап орындайды,
 Дидактикалық ойын; «Өрнектерді құрастыр»
 
 Қорытынды; Тәрбиеші атаға балалардың жұмыстарын көрсетіп мадақтайды,
  
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    