kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жабайы жануарлар (Ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

                   Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі

орынбасары:

Н.О. Шаянбаева

----

Білім беру саласы: Қатынас.

Тарауы: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жабайы аңдар». 

Мақсаты: 1. Балаларға ақ қоян туралы тақпақпен таныстыра отырып,  оның түсін, пішінін ажырата білуге үйрету.

2. Балалардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін, ақыл-ойын дамыту.

3. Балаларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, табиғатты, жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Күні:  30.02.2017ж.         Сағаты: 10.00-де.

Тобы: «Балдырған» шағын орталығы ортаңғы тобы.

Тәрбиеші: Аязбаева Л.Т.

Түрі: Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.    

Типі: Бекіту сабақ.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта, музыка.

Көрнекі құралдар: Орман бейнесі, қоян көжегімен, поезд ойыншығы, таратпа суреттер.

Сөздік жұмыс: Көжек, ақ.

Билингвальды компонент: Қоян-заяц, ақ-белая.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Әрекет кезеңдері:                                             

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы.

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізді көруге қонақтар келіп отыр. Олай болса біз қонақтармен сәлемдесейік.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар.

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Und monin!

- Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай бар.

- Қыста ауа райы қандай болады?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жабайы жануарлар (Ашық сабақ)»

Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі

орынбасары:

Н.О. Шаянбаева

----------------------

Білім беру саласы: Қатынас.

Тарауы: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жабайы аңдар».

Мақсаты: 1. Балаларға ақ қоян туралы тақпақпен таныстыра отырып, оның түсін, пішінін ажырата білуге үйрету.

2. Балалардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін, ақыл-ойын дамыту.

3. Балаларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, табиғатты, жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Күні: 30 .02.2017ж. Сағаты: 10.00-де.

Тобы: «Балдырған» шағын орталығы ортаңғы тобы.

Тәрбиеші: Аязбаева Л.Т.

Түрі: Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Типі: Бекіту сабақ.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта, музыка.

Көрнекі құралдар: Орман бейнесі, қоян көжегімен, поезд ойыншығы, таратпа суреттер.

Сөздік жұмыс: Көжек, ақ.

Билингвальды компонент: Қоян-заяц, ақ-белая.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы.

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізді көруге қонақтар келіп отыр. Олай болса біз қонақтармен сәлемдесейік.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар.

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Und monin!

- Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай бар.

- Қыста ауа райы қандай болады?

- Суық, аяз болады.

- Қыста не жауады?

- Қар жауады.

- Қардың түсі қандай?

- Ақ болады.

- Жарайсыңдар, балалар. Енді өткен тақырыбымызды еске түсірейікші.

Балалар жабайы аңдар туралы өткенін айтты.

-Дұрыс, біз өткен оқу қызметімізде жабайы аңдармен танысқан болатынбыз. Кәне атаңдаршы, қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

- Жарайсыңдар, балалар, бүгін біз осы жабайы аңдардың бірі – қоянмен танысамыз. Балалар осы жабайы аңдар қайда тіршілік етеді?

- Балалар жабайы аңдар орманда тіршілік ететінін айтты.

- Дұрыс, орманда тіршілік етеді екен. Ал сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Олай болса, бір қатармен, пойыздың дауыс ырғағымен орманға саяхатқа барайық.

- Балалар қараңдаршы, біз қайда келдік?

Балалар: Орманға келдік, - деп жауап берді.

Балалар орманда айналаның бәрі аппақ екенін көрді, қыс мезгілі болса да орманда көптеген жабайы аңдар тіршілік ететінін білді.

-Дұрыс, балалар, біз орманға саяхатқа келдік. Қыс мезгілі болғандықтан, айналаны қар басқан. Қараңдаршы жерде аппақ қар жатыр. Қыс мезгілі болса да орманда көптеген жабайы аңдар тіршілік етеді екен.

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер.

Қыс бойында жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Ол не екен балалар?

Балалар жауабы: Аю.

-Дұрыс, балалар, бұл аю екен. Ал сендер білесіңдер ме аю нені жақсы көреді, не жейді?

- Балды жақсы көреді.

- Ал, аюдың түсі қандай?

- Қоңыр.

- Аю қалай жүреді?

- Қорбаңдап жүреді – деп жауап берді /аюға ұқсап қорбаңдап жүрді/.

- Дұрыс. Енді аюға ұқсап қорбаңдайықшы.

- Балалар, аю туралы кім тақпақ біледі?

Нұртас: Қорбаң, қорбаң, қорбаңбай,

Келе жатқан аю ғой.

Жақындап оған бармайық,

Қатар-қатар тұрмайық.

-Жарайсыңдар, балалар, аю туралы біледі екенсіңдер, мен сендерге тағы да жұмбақ жасырайын, кәне кім жауабын табады?

- Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады.

Ол не?

/Осы кезде ағаштың түбінен қоян көжегімен шығады/.

Балалар жұмбақтың жауабы қоян екенін айтады.

Балалар ағаштың түбінен шыққан қоянмен көжегін көріп, олармен амандасты.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма, мен кіммін?

-Сәлеметсіз бе! Қоянсыз.

-Менің түсім қандай?

-Ақ.

- Менің құлағым қандай?

- Ұзын.

- Балалар, ал мен немен қоректенемін?

- Сәбізбен, - деп жауап берді.

- Тәрбиеші: Сендер жол жүріп шаршаған шығарсыңдар, кәне қоянмен, көжегімен бірге сергіту жаттығуын жасайық.

Балалар қоянмен және көжегімен сергіту жаттығуын орындайды.

Біз орманға барайық

Жан-жағымызға қарайық.

Аю шықты қорбаңдап

Қасқыр, түлкі, қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар, балалар

Қарап-қарап алыңдар.

Қасқыр шықты ырылдап,

Р-р-р

Түлкі шықты майысып.

-Жарайды, балалар, сендер сергіп алған боларсыңдар. Қоян туралы тақпақ тыңдағыларың келе ме? Ендеше мені мұқият тыңдаңдар.

Ұзын құлақ ақ қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар қоян туралы тақпақты тыңдап, мағынасын түсінді.

-Балалар бұл тақпақта «ұзын құлақ ақ қоян» деген жері бар. Ол қоянның құлағының ұзын екенін, қоянның түсі ақ екенін білдіреді.

Балалар өлеңді тыңдап, қоянның құлағы ұзын екенін, түсі ақ екенін, өзі тықырлаған дыбыс шықса қорқатынын естіп білді.

Ал, «естіп қалып сыбдырды, ытқып-ытқып жүгірді» дегені сөз қоянның қорқақтығын білдіріп тұр. Балалар, сендерге қоян туралы тақпақ ұнады ма?

Біздің топқа қайтатын уақытымыз да болыпты. Қоянмен қоштасып, бір қатарға тұрып пойызды ырғағымен тобымызға қайтайық.

Рефлексті – коррекциялаушы.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

-Біздер қайда саяхатқа барды?

- Орманға бардық.

- Орманда не жауды?

- Қар жауған.

- Орманда қандай жабайы аңдарды көрдіңдер ?

- Аю, қоян, көжек.

- Қоянның түсі қандай?

- Ақ.

- Қоянның құлағы қандай?

- Ұзын.

- Қоян немен қоректенеді?

- Сәбізбен.

- Балалар, сендерге орманға саяхатқа барған ұнады ма?

- Ұнады, - деп жауап берді.

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметімізге Мансұр, Айару, Нұртас, т.б. жақсы қатысты.

Барлығы бірге:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

- Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасайық.

Күтілетін нәтиже: Балалардың ақ қоян туралы тақпақты тыңдап, оның түсін, пішінін ажырата білуі.

Білуі керек: Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктері жабайы аңдардың орманда тіршілік ететінін білді.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жабайы жануарлар (Ашық сабақ)

Автор: Аязбаева Лазат Турсыновна

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391143

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ашық сабақ Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»"
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_takyryby_zhabaiy_zhanuarlar"
    ["file_id"] => string(6) "509004"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1556879609"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Жабайы жануарлар. (жаңа сабақ)"
    ["seo_title"] => string(31) "zhabaiy_zhanuarlar_zhan_a_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "414169"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494425989"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Т?рт т?лік мал " та?ырыбына ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(38) "tort-tulik-mal-tak-yrybyna-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "167299"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423065961"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ашық сабақ "Үй жануарлары.""
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk_sabak_ui_zhanuarlary_5"
    ["file_id"] => string(6) "510296"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1557861370"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Жабайы жануарлар конспект урока"
    ["seo_title"] => string(34) "zhabaiy-zhanuarlar-konspiekt-uroka"
    ["file_id"] => string(6) "265264"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449890868"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства