Просмотр содержимого документа
«Жабайы аңдар туралы ашық оқу қызметі»
Жабайы аңдар
Тақырыбы: Жабайы аңдар Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастыру бөлімі: Қоршаған орта. Мақсаты:Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрдерін бір-бірінен ажыратуға,ден мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.Аю мен қасқыр балаларының қалай аталатынымен таныстыру. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау,қиялдау қабілеттерін арыттыру. Аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Іс-әрекет кезеңдері, Тәрбиеші әрекеті. Балалар әрекеті. Мотиватциялық қозғаушы: Топ бөлмесінің әсемділігіне балалардың назарын аударады. -Балалар ,алдымен амандасайық. -Балалар,іс-әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің-біріміз жылуымызды сезінейік. Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер. Армысың көк аспан, Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос,
Міне , менің қолым.
-Балалар назарын тәрбиешіге аударады.
Балалар амандасады.
Балалар бір-біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді.
Іздену-ұйымдастырушы.
Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты.оларды құтқару үшін жұмбақтарды шешу керек екенбіз.