1. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады», - деп тәрбиеші қорытынды жасайды. «Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу: Ерте тұрып күнде мен, Күн - мол шаттық, түсінем, Терезені ашамын. Күнмен өстім көрісем. -Сәлем! - деймін Күнге мен, Содан соң үй ішімен Шаттық әнге басамын. Шаттығымды бөлісем. Қайырлы таң, аташым! Қолды шайып мен енді, Деймін келіп атама. Жарты шыны су ішем. Қайырлы таң, апашым! Шынықтырып денемді, Деймін келіп апама. Жаттығуға кірісем. 2. Әңгімелесу:- Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет? - Таңертең тұрған кезде не істейміз?- Күндіз немен шұғылданамыз? - Кешке немен шұғылданамыз? - Түнде не істейміз? 3. Дидактикалық ойын - «Жыл мезгілдері». Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады. Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі. 4. Әліппе – дәптермен жұмыс. Әліппе-дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру. «Күн және түн» қимылды ойыны. Тәрбиеші «Күн» белгісін бергенде, балалар күледі, жүгіреді, секіреді, т.б. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды». 5. Әңгімелесу. Жұмбақ шешу. Дүниеде не тәтті? (Ұйқы) Балалар өздерінің ұйқысы жайлы айтып, талқылайды. Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызықты, ал кейде тіпті қорқынышты болуы мүмкін. Түстен қорқудың қажеті жоқ. Кез келген адам үшін ұйқы жас талғамайтын өмірлік қажеттілік. Жаңа туған нәресте тәулігіне 22 сағатқа дейін, ал ересек адам орта мөлшермен 8 сағатты ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды. Ұйқы – күн тәртібінің құрамды бөлігі. 6. Сергіту сәті. Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма. Керіліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла! Терезе-есікті ашқанда, Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа! 7. Аутотренинг. Жай әуен ырғағы естіледі. Мен денемді босаңсытамын...және жайланамын...Мен қолдарымды ашыған қамырдай бос жіберемін... жылы, жылы судың ағысындай...қимылсыз. Менің аяқтарым босаңсыған...жылы...қимылсыз... 8. «Ұйқы перизаты» дидактикалық ойыны. Дәрігер Салауаттың ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестері: • Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алуды ұмытпаңыз. • Баланың ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдауын қадағалаңыз. • Ұйқы алдында таза ауада серуендеу өте пайдалы. • Жатар алдында теледидар көргеннен гөрі балаға ертегі оқып берген жөн. • Бала тез ұйықтау үшін, бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкені пайдалы. • Баланың төсек орны аса жұмсақ та, аса қатты да болмауы тиіс. |