Просмотр содержимого документа
«В мире овощей и фруктов»
«Ромашка» ортаңғы тобындағы ашық сабақтың ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің конспектісі
Конспект открытой организованной учебной деятельности в средней группе «Ромашка»
Өткізу күні/Дата проведения: 20.11.2018 г.
Қазақ тілі мұғалімі / Учитель казахского языка Айсабаева А.М.
Білім беру саласы/Образовательная область: «Коммуникация»
Пән/Предмет: Қазақ тілі
Өтпелі тақырып/Сквозная тема:«Жомарт күз»
Тақырыбы/Тема: «Жемістер мен көкөністер әлемі»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік- воспитательная: Балаларда дидактикалық ойындар арқылы белсенділікті, топтасып жұмыс істеуді, батылдылықты; адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін; үлкендерге көмектесуге қызығушылығын тәрбиелеу .
2.Дамытушылық- развивающая
: Байланыстырып сөйлеу қабілетін , эстетикалық талғамын, мұғалімді және жанындағы балалардың жауаптарын мұқият тыңдай алатын қабілеттерін дамыту;
3.Білімділік- обучющая: Күз, күзгі табиғаттағы өзгерістер туралы білімдерін жетілдіріп, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйретуді жалғастырып, сөздік қорын молайтып, алған білімдерін қолдана отырып өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау.
Педагогикалық технологиялар /Пед.технологии: ойын, денсаулықсақтау, жеке бағытталған, АКТ.
Алдын- алу жұмыстары/ Предварительная работа: Көкөніс, жемістердің суреттерімен , муляждармен жұмыс, әңгімелер өткізу,сөздік жұмыстары, дидактикалық ойындар, үлкендердің еңбектері туралы әңгімелесу,жұмбақтар жасырып, олардың шешімін табу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Көкөністер мен жемістердің суреттері, муляждар, «Ғажайып дорба», кеспе суреттер, қарындаштар, үлестірмелі материал, интерактивті тақта, флипчарттар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ Ход организованной учебной деятельности
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Ең алдымен сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар.
-Сәлеметсіз бе.
-Hello.
-Hello.
-Здравствуйте.
-Здравствуйте.
-Балалар, біз күнде қайда келеміз?
-Біз балабақшаға келеміз.
-Мынау не?
-Бұл біздің балабақша.
-Балабақша қандай?
-Балабақша үлкен, әдемі, таза.
-Біз балабақшаға неге келеміз?
Балалар:
Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік,
Бақшаға жақын келдік.
Армысың, балабақша,
Біз саған оқуға келдік.
Иә, балалар , біз балабақшадан көп білім аламыз. Сол білімдерімізді бүгін қонақтарға көрсетуге тырысайық.
-Отырыңдар, балалар. (отырады)
2. Негізі бөлімі/основная часть.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз айларын атаңдар.
-Қыркүйек, қазан, қараша. (ойын сан арқылы айларды атайды). Жарайсыңдар!
Күн жылы ма, суық па?
-Күн суық.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бағбан: Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен –Бағбанмын. Бүгін таңертең хат алдым. Оны маған Ханшайым Күз жіберіпті. Онда тапсырма бар. Көкөністер мен жемістерді бөліп салу керек. Балалар, менің жұмысым өте көп, үлгірмеймін. Көмектесесіңдер ме? Мен сендерді баққа шақырамын.
-Здравствуйте, ребята. Я –Садовник. Сегодня утром получил письмо. Его мне прислала Принцесса Осень. Я должен разложить фрукты отдельно , овощи отдельно. Ребята, но у меня много работы, я не успею. Вы мне поможете? Я вас приглашаю к себе в сад.
-Ребята, поможем?
-Да , поможем.
-Көмектесеміз бе?
-Иә, көмектесеміз.
-Балалар, баққа жету үшін біз жолда көп тапсырмалар орындауымыз керек. Ең алдымен көпірден өту керек. Алдымызда іздер жатыр, соларды дұрыс атасақ –өтеміз. Біз барлық түсті атамаймыз.
-Күзде табиғатта қандай түстер жиі кездеседі?
-Қызыл, сары. (балалар сол түстерді атап көпірден өтеді.)
Ойын: «Көпірден өту» (1 тапсырма мақсаты түстерді бекіту)
Жарайсыңдар!
-Балалар, күзде нелер піседі?
-Көкөністер, жемістер піседі.
-Көкөністер қайда өседі?
-Көкөністер бақшада өседі.
-Жемістер қайда өседі?
-Жемістер бақшада өседі.
-Жемістерді атаңдар. Бір –бірлеп атайды (алма, алмұрт, анар, жүзім....)
Үстелде жұмыс. (6 тапсырма мақсаты: көлемін анықтау үшін) Балалар екі топқа бөлінеді.1-ші топ үлкен алманы, 2-ші топ кішкентай сәбізді бояйды. Бояған заттарын атап, көлемін анықтайды.
Бағбан:
Қош келдіңдер, балалар! Мынау менің баубақшам. Сендердің көмектерің қажет. Көкөністерді, жемістерді бөліп жинаңдар. (7тапсырма Флипчартпен жұмыс. ) Балалар кезекпен шығып орындайды.
Мұғалім: Бақшада не өседі?
-Бақшада көкөністер өседі.
-Бақта не өседі?
-Бақта жемістер өседі.
-Көкөністер, жемістер адам денсаулығына қандай?
-Пайдалы!
-Балалар, біз Бағбанға көмектестік пе?
-Иә, көмектестік.
3.Қорытынды /итоговая часть
-Бағбан: Рахмет, балалар. Мен сендерге арнап балабақшада сыйлық тастап кеттім! Барып алыңдар! Сау болыңдар! (сыйлықты барып алады). Енді балалар сабақ бойынша өз пікірлерін білдіреді. Тақтаға іледі........
Балалар , осымен сабағымыз аяқталды. Рахмет сендерге. Сау болыңдар. Good bye. До свидания.
Өткізу күні/Дата проведения: 20.11.2018 г.
Қазақ тілі мұғалімі / Учитель казахского языка Айсабаева А.М.
Білім беру саласы/Образовательная область: «Коммуникация»
Пән/Предмет: Қазақ тілі
Өтпелі тақырып/Сквозная тема:«Жомарт күз»
Тақырыбы/Тема: «Жемістер мен көкөністер әлемі»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік- воспитательная: Балаларда дидактикалық ойындар арқылы белсенділікті, жеке жұмыс істеуді, батылдылықты; адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін; үлкендерге көмектесу қызығушылығын тәрбиелеу .
2.Дамытушылық- развивающая
: Байланыстырып сөйлеу қабілетін , эстетикалық талғамын, мұғалімді және жанындағы балалардың жауаптарын мұқият тыңдай алатын қабілеттерін дамыту;
3.Білімділік- обучющая: Күз, күзгі табиғаттағы өзгерістер туралы білімдерін жетілдіріп, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйретуді жалғастырып, сөздік қорын молайтып, алған білімдерін қолдана отырып өз мүмкіндіктерін сабақ барысында көрсетуге жағдай жасау.
Педагогикалық технологиялар /Пед.технологии: ойын, денсаулықсақтау, жеке бағытталған, АКТ.
Алдын- алу жұмыстары/ Предварительная работа: Көкөніс, жемістердің суреттерімен , муляждармен жұмыс, әңгімелер өткізу,сөздік жұмыстары, дидактикалық ойындар, үлкендердің еңбектері туралы әңгімелесу,жұмбақтар жасырып, олардың шешімін табу.
Сабақты жоспарлағанда осындай мақсаттар қойдым. Балалармен көптеген алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі балаларды қызықтыру оңай емес. Қызықты да , тиімді ойындарды өткізуге тырыстым. Әлде де көп ойындар қарастырылды, уақыттың шектеулілігіне байланысты қысқартылды. Енді балалар білгендерін көрсете алды деп ойлаймын. Әр ойынның өз мақсаты белгіленген еді.. Сабақ барысында күз өзгерістерін, түстерді қайталадық. Жемістер мен көкөністерді ажыратып, сипаттадық. Жеміс , көкөністердің пішініне назар аударылды. Сан мен заттардың байланысын сабақтарымда қалай байланыстыратынымды көрсетіп кеттім. Заттардың көлеміне де көңіл бөлінді. Сөйлемдерде зат есім, етістіктер, сан есім, сын есімдер қолданылды.
Енді осы ойындарды алған себебім, жас мұғалімдерге сабақтарына азда болса пайдасы тиер деп ойлаймын.
Менің айтарым осы. Қателеспеген адам –жұмыс істемейді –дейді ғой. Енді сөз кезегі сіздерде, әріптестер.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің
№44 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
ГККП «Ясли-сад № 44 акимата города Костаная отдела образования
акимата города Костаная»
Жұмыс тәжірибесінен хабарлама
Қазақ тілі мұғалімі Айсабаева А.М.
2018 жыл
Қазақстанның білім беру саясатының басым бағыттары тек біздің еліміздің ғана емес, сондай –ақ барша әлемдік қоғамның қарқыны және қайта құрумен байланысты. Қазақстан Республикасының аймағында әр түрлі ұлттар мекендеуіне байланысты ұлтаралық қатынасты қалыптастыру мәселесі маңызды болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларда осыған байланысты жоғарғы адамгершілік тәртіптің көрінісі ретінде интернационалдық және патриоттық сезімді тәрбиелеу маңызды. Балалар Қазақстанның кез келген бұрышында ыңғайлы және жайлы сезіну үшін олар өз өлкесін, оның тарихын , салт –дәстүрлерін сүйіп және біліп қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттік тілде тілдік қатынас машықтарына ие болып, күнделікті қарым –қатынаста қазақ тілін тек түсініп қана қоймай, сондай –ақ білімдерін қолдана білуі керек.
Ересек мектепке дейінгілерде қазақ халқының салт –дәстүрлеріне , мәдениетіне құрмет, танымдылық таныту керек. Оның бәрі келіп қазақ тілі мұғалімдеріне тіреледі. Біз балабақшада болатын шараларда, ертеңгіліктерде қазақ тілінде тақпақтар жаттап, көріністер қоямыз. Жақында өткен «Алтын күз» атты мерекелерде бір топта болған көріністі көрсетеміз. «Көкөністер дауы», ересек тобының балалары. Сондай –ақ тағы екі үлкен мереке өткізу біздің жауапкершілігімізде. Олар: «Тәуелсіздік күні» және «Наурыз» мерекесі. Сол мерекелерді қалай өткізетінімізді айтып өтейін.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдан асты. Тәуелсіздікке тәу етіп жүрген тек біз ғана емес. Әлемнің қаншама мемлекеті осы күнге жету үшін талай белесті артта қалдырды. Сондықтан бүгінгі ұрпақ өз елдерінің азаттыққа жеткен күнін аса құрмет тұтып, дәл сол күнді тойлауға келгенде еш тартынып қалмайды. Ендеше бүгін біз сіздерге өз елімізден бөлек басқа да әлем жұртшылығы мемлекеттерінің басты мерекесі саналатын Тәуелсіздік күнін қалай тайлайтынызбен бөліспекпіз.
Бұрын ертеңгілік ретінде ғана өткізетінбіз, ал қазір 2-3 жыл төңірегінде мерекенің барысын өзгерттік. Тәрбиешілер топтарда балаларды келген мерекемен таныстырып, білімдерін кеңейтеді. Оған ата –аналары да ат салысады. Керек костюмдерін тауып,қажетті көмектерін көрсетеді. Содан кейін балалар қазақ тілі кабинетіне келіп, біздер даярлаған деректермен танысады. Мереке ересек топ балаларының орындауындағы мемлекеттік Гимннен басталады. Мерекеге байланысты көрмелер ұйымдастырылады. Өзіміздің қалада өндірілетін өнімдермен танысып, балалар өздерінің ата –анасы жұмыс істейтін салаларды атап өтеді. Қазақтың өткендегі өмірінен үзінділер көріп, киіз үймен оның жабдықтары туралы балаларға түсінікті тілмен құрастырылған әңгімелерді қызығушылықпен тыңдайды. Еліміздің Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімеге тартамыз. Сол күні спорт нұсқаушылары ұлттық ойындарды өткізіп, балалардың көңілін көтереді.
Екінші мереке –Наурыз. Наурыз мерекесі –әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында 5 мың жыл бойы тойланып келеді. Бұрын қариялар 22наурызды «Қызылбастың Наурызы» дейді екен. Қазақтар халқы наурыз демей, Амал деген. Наурыздың басты тағамы –Наурыз көже. Осы да тағы да басқа қызықты мәліметтермен балаларды таныстырамыз. Мереке өте қызықты өтеді. Балалар бір музыкалық залда отырып жалықпайды. Мереке алдында орталықтар анықталып, оларға жауаптылар тағайындалады. Бізде келесі орталықтар жұмыс істейді. Ұлттық ойындар орталығы, қолөнер орталығы, салт – дәстүрлер орталығы, шығармашылық орталығы. Орталықтар жұмыстарын бір мезгілде бастайды. Балалар ширетпен орталықтарға келіп, талай қызықтарға кенеледі. «Ұлттық ойындар» орталығында ойындар ойнап, «Қолөнер» орталығына келіп интерактивті тақта арқылы білімдер алып, ыдыс –аяқтармен, зергерлік бұйымдармен, тұрмыстық жабдықтармен танысады.Өздері текемет құрастырып, ою –өрнектерді ажыратады. Ол тәрбиешілердің еңбегі. «Салт –дәстүрлер» орталығына келіп амандасуды, арнайы даярлаған дәстүрді тамашалайды. Содан шығып даярлық, ересектер, ортаңғы топ балалар ы «Шығармашылық» ортаға жетеді. Бұл жерде балалар өз өнерлерін ортаға салады. Бұл шара 40минутка жуық созылады, бірақ балалар жалықпайды. Осылай өткізген тиімді, қызықты деп есептейміз. Ең соңында мерекелік, естелік фотоға түсеміз.