Білімділік: Көлік түрлерін ажырату мен атауға үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық:Көліктер туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Машинаның негізгі құрылысы оның арнауымен байланысты жайлы айту
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Қолданылатын көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар: Суреттер, макеттер т.б.
Билингвалдық компонет: бір- раз, екі-два, үш-три.
Іс-әрекет кезеңдері
Ұйымдастырыушылық –ізденістік
Балалар топқа кіреді. Тәрбиеші жылы жүзбен қарсы алып, амандасады. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң достар,
Қайырлы таң қонақтар!
Балалардың іс- әрекеті
Балалар амандасып, шаттық шеңберіне тұрады.
Бір – біріне жылу сыйлап, ыстық лебіздерін, тілектерін жолдайды.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрып
Қанатымызды жайып
Ұшақ болып ұшып,
Суда жүйткіп жүзіп
Кемелерді түзіп.
Жол тәртібін сақтап,
Машинаға мінеміз.
Педагогтың іс-әрекеті
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Осы кезде есік қағылып, ішке пошташы Желаяқ кіреді.
(Қолында үш түрлі жәшік бар.)
Желаяқ балалармен амандасады.
-Бұл «Таран» балабақшасының «Ақбота» тобы ма?
- Олай болса бұл сыйлық сендерге келіпті. Балалармен қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл сыйлық сендерге көрші ауылдан «Қызғалдақ» балабақшасынан келіпті.Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?
Жәшіктердің түстерін сұрап, айтқызу.
Тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып, балаларды қасына кезекпен шақырып, жәшіктерді аша бастайды.
Ашқан бала жәшік ішіндегі бұйымды жұмбақ арқылы айтып, қалған балалар бұйымның атауын табуы керек.
Қоңыр жәшікті ашу.
Нұрсәт: - Бұл – жүреді. Ағалар, әкелер жүргізеді.Түстері әр түрлі болады. Төрт дөңгелегі болады. Онымен адамдар әр түрлі қалаларға, базарға барады.
Ақ жәшікті ашу.
Шерхан - Бұл жүрмейді. Аспанда ұшады. Ол тек үлкен қалаларды болады.
Көк жәшік ашылады.
Аяулым- Бұның дөңгелегі жоқ. Жүрмейді, ұшпайды. Тек су болса ғана болады. Кейбіреулерінде желкен болады.
Сұрақ – жауап арқылы машина, ұшақ, кеменің бөлшектері, қолданылуы туралы балалардың білгендерін айтқызу, сипаттама беру.Көліктерді топтау және жалпылау. Көлік түрлерін басқаратын мамандар туралы әңгімелеу.
Дидактикалық ойын: «Орнын тап».
Шарты:Машина, ұшақ, кеменің
суреттерін өз орындарына (жер, ауа, су) қою. Ойын қорытындысы бойынша балаларды мадақтап, көліктер туралы әңгімені жалғастыру.
-Балалар машиналар нестейді? Жүреді
-Ал кеме нестейді? Судың бетінде жүзеді
-Ұшақ қандай қимыл жасайды? Көк аспанның төрінде ұшып жүреді
Жарайсындар балалар.
Қорытынды: Балалар бүгін өткен оқу іс-әрекет кезінде қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырды. Берілген тапсырмаларды қызықты өткен ойындарға белсенен қатысты.