Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерімен таныстыру. Жануарларға сипаттама беру арқылы, қайда өмір сүретіні немен қоректенетініні білу. Сұрақ - жауап арқылы жануарлардың түрлерін білуге, төлдерінің қалай аталуын, еркелету арқылы қалай аталатынын үйрету.
Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну білігін дамыту.
Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу, жанашырлық сезімдерін ояту.
Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері, төлдерінің суреттері.
Қонақ күту салтымыз
Оқып, біліп жатырмыз
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз
Шаттық шеңбері:
Армысын Аспан ата
Армысың жер ана
Армысың алтын күн
Армысың балабақша дос жаран.
Ал балалар, енді біздің бүгінгі оқу қызметін бастаймыз. сабағымыздың тақырыбы жұмбақ арқылы табамыз. Мұқият тыңдаймыз
Қамыс құлақ,
тостаған тұяқ,
мінсең қанат,
сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
Кезікті бір жануар.
Үстінде екі тауы бар,
(Түйе)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар
(қой)
Өзі күшті, мүйізі мықты,
Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.
(сиыр)
Секең- секең етеді,
Таумен тасқа жетеді.
(Ешкі)
Сұрақ - жауап:
-Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Атап шығайықшы.
Сиыр, ешкі, қой, жылқы, түйе,.
Жарайсыңдар балалар. Дұрыс жауап бердіңдер.
-Ал енді балалар, маған айтыңдаршы оларды біз неге үй жануарлары деп атаймыз? Дұрыс, өйткені олар адамдарға үйретілген. Адамдарға өте жақын жүреді. Адамдар оларды күтіп баптайды, жем шөбін беріп оларға қамқор болады. Ал жануарлар болса адамдарға көп пайдасын тигізеді. Мысалы балалар айтыңдаршы сиыр бізге не береді? Сүт. Сүттен адамдар не жасайды? Айран, құрт, май, ірімшік, сүзбе және тағы басқа. Және біз сиырдың етін азық етіп пайдаланамыз. Ия балалар. Ал жылқының сүтінен не аламыз? Қымыз, қымыран, саумал. Оның да етін азық етеміз. Ешкінің сүті болса балалар, құнарлығы ана сүтімен бірдей деп айтуға болады. Ешкінің, қойдың етін де жеуге болады. Ал, түйенің жүнінен жіп иіріп адамдарға және де сендерге түрлі киімдер тоқылады. Түйе жүнінен тоқылған киімдер өте жылы болады балалар. Жануарлар екіге бөлінеді: олар үй жануарлары, және жабайы жануарлар.
. Балалар жанадан бері біз үй жануарлары туралы айттық енді олардың төлдерін атайықшы. Бұзау, қозы, лақ, бота, құлын,
Балалар енді мен сендермен бір ойын ойнайын:Жарайма балалар.
Ойнаймыз ба балалар? Ия
Ойынның аты: "Анасын тап"
Шарты: балалардың алдына малдардың төлін араластырып қойып, оларды тақтада ілініп тұрған аналарының суретінің алдына жапсырып қою.
Балалар қызыға ойнайды. Енді балалар сол апарған төлдердің дыбыстарын саласыңдар немесе көрсетесіңдер.
Жарайсыңдар балалар. Сендер өте дұрыс таптыңдар және керемет дыбыстадыңдар.
Ал балалар енді серігіп алайық.
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып- жұмамыз
Сонан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғайық.
Жарайсыңдар балалар бірге жақсы серігіп алдық. Енді орнымызға отырайық
Енді бір тағы ойын ойнайық.
Ойынның аты: "Көлеңкесін тап"
Шарты: мына дорбада жануарлар араласып кетіпті, сендер жануарлардың суретін табасыңдар да, оны өз үйіне апарасыңдар. Апарған жануарларды атап айтасыңдар.
Балалар белсене қатысады.
Қорытынды:
Ал балалар енді оқу іс -әрекетімізді қорытындылау үшін мынаған назар аударайық. Мына ыдыстарда не?
Ия балалар сүт, айран, құрт, ет, киім, ірімшік. Мұның барлығы үй жануарларының адамдарға беретін пайдасы. Сондықтан балалар үй жануарларына қамқорлықпен қарайық. Оларды күтіп баптайық.
Ал енді балалар, мына келіп отырған қонақтарға сау болыңыздар дей отырып мына жылы лебізімізді білдірейік.