І кезең- мотвациялық- қозғаушы | - Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді? Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша! Тақтада мультфилімнен үзінді Әже үй жануарларын жоғалтып алады. аудиожазба музыка естіледі , балалар ертегі киіпкерін көреді Киіпкер проблемалық жағдай жасайды, оны шешу керек.(жоғалған жануарларын тауып берулерін сұрайды) | - Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным Балалар қызығушылықпен қарайды. Балалар тапсырманы түсінеді. Жануарларды құтқаруға дайярлығын көрсетеді «Әжемізге көмектесеміз» |
ІІ кезең-ұйымдастыру шылық -ізденушілік | Ой қозғау: 1. Әжеге көмектесу үшін, бізге бірінші қандай үй жануарлары жоғалғаны екенін білу керек,ол үшін бізге келесі тапсырманы орындау керек Суретпен жұмыс. Дұрыс сөйлеу үлгісін көрсетеді, жауаптарын бақылайды. 2. (Флипчарт № 1)Ойын «Не артық» Жабайы аңдардың арасынан үй жануарларын экраннан тауып атау керек. Сөйлем құру үлгісін түсіндіреді «Лақ артық,,,» 3 .Дидактикалық материал В.Воскобовичтың Игровизор. «Не қайда мекендейді?» (Флипчарт № 2 тексереді өз өзінді) Музыканы қосып балалардың белсенді қозғалысын шындайды, қозғалысын шындайды, тақырыпты дауыстап айтады «Аяқпенен топ- топ – топ Алақанмен хлоп –хлоп –хлоп Бір оңға , бір солға Айналайық кел мұнда Қолымызды бір сілтеп Басымызды шайқайық Бір оңға, бір солға Ойнайықшы кел мұнда Секіреміз жоғары Қыйын емес секіру Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда Бәрін 2 рет қайталайды» Балаларды тілдік жағдайға бағыттайды Жұмбақ. Кезекті бір жануар Үстінде екі тауы бар. Тәрбиеші: Түйенің пайдасын айта қойындар.
4 тапсырма «Жануарлар бізге не береді?» (флипчарт№3) 5.тапсырма (топпен) Лулия шеңбері арқылы «Төлін тап, немен қоректенеді» | Презентация салайдын қарайды, үй жануарларының суреттерін қарап,әңгімелейді. Интерактивтік тақтадағы үй жануарларын атайды.Лақтың үй жануары екенің айтады «Лақ үй жануарлары...» . Ешкі - бе - бе бақырады. Ешкінің пайдасы ең бірінші жүні. Жүніне қарай ангор деген ерекше түрі бар. Оның жүнінен биялай, күртеше, орамал тоқылады. Сүті өте пайдалы, кішкентай балаларға береді. Самина: Шөре - шөре лағым Тентек болма шырағым Секектеме деміңді ал Селтеңдемей құлағың Сиырдың ерекшелігі сүтті өте көп береді. Сүтінен тәтті айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Жайлауда жайылғанды ұнатады. Айзере: Ақ бұзауым ұнайды «Мө - мө» деп сүт сұрайды Келеді өсіп күн сайын Тұмсығын созып қарайды Тілімен мұрнын жалайды Игровизордың сүреттерің талдап қарайды. 2 объектті жалғайды жануарлар мен жабайы жануарлар мекенін. Үй жануарлары қорада, ал жабайы жануарлар орманда мекендейді. Қозғалысты музыкамен жасайды «Қолымызды...
-Түйе.Түйенің сүтін шұбат дейді. Шайға қосады, сусын ретінде ішеді, шұбатты ашытады. Ол айраннан сұйық, қымыздан қою. Шұбат - әрі сусын, әрі тамақ. Емдік қасиеті бар. Терісінің де пайдасы адамға көп. Мінсе көлік. Түйе жүнінен жасалған кеудеше жылы болады. Айнұр: Айналайын,ботам Қандай күлте жотаң. Табандарың жалпақ, Теріп жейсің жантақ. Қойдың пайдасына келсек, терісі пайдалы, еті тәтті, қойдың жүнінен көрпе, күртеше, қолғап, байпақ тоқиды, киіз басады. Айдана: Кіп - кішкене момақан Қошақанды ұнатам Сүйеді апам қозым деп Қошақаным өзім деп. Айару:Құлыншағым құндызым Құлдырайды шабады Жылтылдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. ( Сиыр- сүт) Сөйлем құрайды «сиыр сүт береді. Тауық жұмыртқа береді. Қой жүн береді.» Мынау ит баласы күшік сүйек жақсы көреді. Мынау ешкі төлі лақ қырыққабат жақсы көреді. Мынау мысық баласы марғау вискас жақсы көреді. Мынау тауық баласы балапан бидай жақсы көреді. |