kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үй құстары туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тоқтамысова Аяжан

Диагнозы:

18.06.2005ж.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі

Сабақтың мақсаты:Баланың жануарлар туралы түсінігін кеңейтіп,жануарлардың ерекшелігін көргені мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға,байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

Дамытушылық:Өз ойын толық жеткізе білуге үйретіп,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,жануарларды қорғауға тәрбиелеу.Тыңдауға өзін дұрыс ұстауға,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер,слайдтар,жануарлардың бейнесі мен дыбысы жазылған бейне роликтер.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі.Анасымен баламен амандасу.Баланың көңіл күйін сұрау.Қолын жуу.Сабын пайдалануға жәрдемдесу.Қол орамалды пайдалану.Жұмыс үстеліне сабаққа байланысты керек құрал жабдықтарды дайындау.Әзірлігін тексеру.

Сабақтың барысы:

Табиғат дегеніміз,бір сөзбен айтқанда,бізді қоршаған орта.Табиғаттың бір бөлшегі жануарлар әлемі.Табиғаттың сұлу сымбат мүсіні,көрікті келбеті бар,тамаша туындыларының бірі-жануарлар.Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап,қамқорлыққа алған.

Жануарларды екі топқа бөліп қарауға болады.

1-ші үй жануарлары,2-ші түз жануарлары.Үй жануарлары: сиыр,түйе,жылқы,қой,ешкі.Сиырдың сүтін,етін,майын кейінірек терісін пайдалана бастады.Сүттен айран,май,ірімшік,құрт жсайды.Жылқының сүтінен қымыз ашытады.Түйенің сүтінен шұбат жасайды.Үй жануарларын адам көлік ретінде пайдаланады.Атты мінеді,арбаға жегеді.Итте адамға көп пайда келтіреді.Ит малды қорып,үйді күзетеді.

Жануарлардың ішіндегі шөлге ең шыдамдысы-түйе.Ол бір апта бойы су ішпей жүре алады.Ал әбден шөлдегенде 50м дейін су ішеді.

Қой арам шөптің 570-ке жуық түрін жейді.Қойдан өзге жануарлар арамшөп жемейді.

Енді түз жануарлары туралы айтып өтсек.Өмір бойы аяғынан тұратын жануар-піл.Африкада пілдің жатқанын ешкім көрмеген екен.Тек шаршағанда ғана олар ұзын тістерімен ағашқа сүйеніп ұйықтайды екен.

Тасбақа ең көп жасайтын жануар.Теңіздерде жүретін тасбақалар алты жыл бойы аштыққа шыдайды.

Жануарлардың ішіндегі ең жүйрігі гепард.Ол сағатына 150 шақырымға дейін жүгіре алады.

Төрт аяқты жануарлар шалқасынан жатса үйелеп қалады екен.Жануарлардың ішіндегі тек борсық қана шалқасынан жата алады.

Сергіту сәті «Балық»

Мөп-мөлдір таза суда

Балық жүзіп ойнауда

Біресе керіледі

Біресе жиырылады

Біресе ініне тығылады.

Жұмбақ шешу

Бұрандаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы  (түлкі)

Алшаң-алшаң басады

Құйрығында шашағы

Аң біткен одан қашады. (арыстан)

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырырып киген тоны бар (қой)

Жем-шөп беріп бағасың

Сүтін сауып аласың. (сиыр)

Ойын ойнау. Ұшты-ұшты.

Ұшты-ұшты торғай ұшты

Ұшты-ұшты қалам ұшты

Ұшты-ұшты кептер ұшты

Ұшты-ұшты дәптер ұшты

Тыны алу жаттығуы:

1.«Футбас» (жалпақ тілді астыңғы ерінге қойып мақтаны үрлейміз)

2.«Қар жауып тұр» (қағазды ұсақтап жыртып стол үстінде үрлеу)

3.«Кім жылдам» (қарындаштарды тегіс жазықтыққа қойып үрлеп межеге жеткізу.)

Қол еңбегі. Аппликация жасау (қойдың бейнесін жасау,мақтадан)

Қорытынды:

Бейне роликпен жұмыс «ойлан» ойыны арқылы көрген, естігенін еске түсіріп қайталау.Ой түйіндеу,қайталау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үй құстары туралы»

Іштен жану қозғалтқышы, мотор – жанған отынның химикалық энергиясын механика жұмысқа түрлендіретін жылулық қозғалтқыш. Іс жүзінде жарамды алғашқы газдық Іштен жану қозғалтқышын француз механигі Э.Ленуар құрастырды (1860). 1876 жылы неміс өнертапқышы Н. Отто жетілдірілген 4 тактілі газдық Іштен жану қозғалтқышын жасады. Бу машиналы қондырғымен салыстырғанда Іштен жану қозғалтқышы қарапайым (Іштен жану қозғалтқышыта энергияны түрлендіргіш бір буын – бу қазанды агрегат болмайды), жинақы, қуат бірлігіне келетін массасы аз әрі тиімді болып келеді. Бірақ Іштен жану қозғалтқышына жоғары сапалы отын (газ, мұнай) қажет. 1880 жылы Ресейде О.С. Костович алғашқы бензинді-карбюраторлы қозғалтқышты құрастырды. 1897 жылы нем. инженері Р.Дизель сығылу нәтижесінде тұтанатын қозғалтқышты ұсынды. Бұл қозғалтқышты Петербургтегі Л.Нобель зауытында жетілдіру нәтижесінде 1898 – 1899 жылдары отын ретінде мұнайды пайдалану мүмкіндігі туды.1901 жылы АҚШ-та Іштен жану қозғалтқышы орнатылған тұңғыш трактор жасалды. Ағайынды О. және У.Райттар 1903 жылы Іштен жану қозғалтқышы орнатылған алғашқы ұшақты, сол жылы орыс инженерлері “Вандал” кемесіне Іштен жану қозғалтқышын орнатып, тұңғыш теплоходты жасады. 1924 жылы Я.М. Гаккельдің жобасы бойынша Санкт-Петербургте тепловоз құрастырылды. Отынның түріне қарай Іштен жану қозғалтқышы сұйық отынды және газ отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Цилиндрді жаңа жанғыш қоспамен толтыру тәсіліне орай Іштен жану қозғалтқышы 4 және 2 тактілі, ал жанғыш қоспаны (отын мен ауадан құралатын) дайындау түріне қарай сырттай және іштей қоспа түзетін болып ажыратылады. Сырттай қоспа түзетін Іштен жану қозғалтқышына карбюраторлы (яғни сұйық отын мен ауа қоспасы карбюраторда түзілетін) және газ араластырғыш (газ бен ауадан құралатын жанғыш қоспа араластырғышта түзіледі) қозғалтқыштар жатады. Сырттай қоспа түзетін Іштен жану қозғалтқышының цилиндріндегі жұмыстық қоспасы электр ұшқыны арқылы тұтанады. Іштей қоспа түзетін қозғалтқыштарда (дизельде) алдын ала сығылу нәтижесінде қызған ауаға бүркілген отын өздігінен тұтанады. 4 тактілі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының жұмыстық циклі енді білік 2 рет айналып, поршень 4 рет әрлі-берлі жүру кезінде атқарылады. 1-тактіні жанғыш қоспаның цилиндрге ену тактісі деп атайды. Бұл тактіде поршень жоғары өлі нүктеге жылжиды, сол кезде ену клапаны ашылып, жанғыш қоспа карбюратордан цилиндрге келеді (қ. 1-сурет). 2-такт – сығылу тактісі. 2-такт кезінде поршень төмен өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге жылжиды. Бұл кезде сыртқа шығару және ену клапандары жабылады да, жанғыш қоспа 0,8 – 2 Мн/м2 қысымға дейін сығылады. Сығылу соңында қос-па температурасы 200 – 400С-қа дейін жетеді. Осы мезетте электр ұшқыны беріліп, қоспа тұтанады. Жану нәтижесінде цилиндрдегі қысым 3 – 6 Мн/м2, темп-ра 1600 – 2200С-қа жетеді. Циклдің 3-тактісі – ұлғаю, яғни жұмыстық жүріс деп аталады. Бұл тактінің барысында отынның жануы кезінде пайда болған жылу механика жұмысқа түрленеді. 4-такт сыртқа газ шығару тактісі деп аталады. Мұнда поршень төменгі өлі нүктеден жоғарғы өлі нүктеге келеді де, пайдаланылған газ сыртқа айдап шығарылады. 2 тактілі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының жұмыстық циклі поршеньнің 2 жүрісі кезінде, яғни иінді біліктің 1 айналысында орындалады. Мұндай қозғалтқыштағы сығылу, жану және ұлғаю процестері іс жүзінде 4 тактілі Іштен жану қозғалтқышымен ұқсас. 4 тактілі Іштен жану қозғалтқышымен салыстырғанда 2 тактілі қозғалтқыштың қуаты аз болады. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы білігінің айналу шапшаңдығы әдетте 3000 – 7000 айн/мин-қа тең. Жарыс автомобилі мен мотоцикл қозғалтқыштарының жиілігі 15000 айн/мин, кейде одан да жоғары болады. Массасы бойынша жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен арақатынасы – 15:1 шамасында. Қозғалтқыш жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен салыстырғандағы үлесі 18:1-ден төмен және 12:1-ден жоғары болса ғана жұмыс істейді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуатын цилиндрге берілетін қоспа мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады. Айналу жиілігінің жоғары болуы, қоспадағы отын мен ауаның тиімді қатынасы қозғалтқыш қуатын арттыруға әсерін тигізеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы цилиндрінің диаметрін үлкейтсе, қозғалтқыш детонацияға бейім келеді. Сондықтан қозғалтқыш цилиндрінің диаметрін үлкен етіп жасамайды. Ең қуатты 4 тактілі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуаты 600 квт (800 а. к.). Мотоцикл карбюраторының 2 және 4 тактілі Іштен жану қозғалтқышытарының қуаты 3,5 – 45 квт-қа (5 – 60 а.к.) тең. Авиациялық поршеньді қозғалтқыштардың қуаты 1100 квт-қа (1500 а. к.) жетеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы – әр түрлі тораптар мен жүйелерден құралған күрделі агрегат.



Қозғалтқыш қаңқасы – механизмдер мен жүйелерге тиянақ (база) болатын қозғалмайтын бөлшектер тобы. Оған картер блогы, цилиндрлер, иінді білік подшипниктерінің қақпақтары, картер блогының алдыңғы және артқы беттері, сондай-ақ май құйылатын астау мен бірқатар ұсақ бөлшектер жатады. Қозғалыс механизміне цилиндрдегі газ қысымын қабылдайтын және сол қысымды қозғалтқыштың иінді білігінің айналдырушы моментіне түрлендіретін қозғалмалы бөлшектер жатады. Оның құрамына поршень, шатун, иінді білік пен маховик кіреді. Газ тарату механизмі жанғыш қоспаны тиісті цилиндрге дер кезінде беру және пайдаланылған газды сыртқа шығару қызметін атқарады. Бұл механизм құрамына жұдырықшалы білік, итергіш, штанга, клапанды ашатын күйенте мен оны жабатын серіппелер жатады. Майлау жүйесі үйкеліске түсетін беттерге жағар май жеткізетін агрегат пен арналар жүйесінен тұрады. Суыту жүйесі сұйықты немесе ауалы болуы мүмкін. Сұйық арқылы суытқыш сұйықпен (су, антифриз) толтырылған цилиндр астарларынан, сорғыдан, радиатордан (сұйық желдеткіш тудыратын ауа ағынымен суытылып отырады) және су температурасын реттеп отыратын құрылғыдан құралады. Ауамен суыту цилиндрлерді желдеткішпен не ауа ағынымен (мотоциклде) үрлеуге негізделген. Қоректендіру жүйесі қозғалтқыштың жұмыс режиміне сәйкес белгілі пропорцияда әрі қозғалтқыштың қуатына сәйкес қажетті мөлшерде отын мен ауадан жанғыш қоспа дайындау қызметін атқарады. Бұл жүйе отын багынан, айдамалау сорғысынан, сүзгіден, түтіктер мен карбюратордан құралады. Тұтандыру жүйесі жану камерасындағы жанғыш қоспаны тұтандыратын ұшқын тудыру үшін қажет. Бұл жүйенің құрамына ток көздері – аккумулятор мен генератор, үзгіш енеді. Оталдыру жүйесі электрлік стартерден, беріліс шестерняларынан, ток көзі мен дистанциялық басқару элементтерінен құралады. Жанғыш қоспаны ендіру және қайта шығару жүйесіне түтіктер, ауа сүзгі және бәсеңдеткіш жатады. Газды Іштен жану қозғалтқышы көбінесе табиғи немесе сұйық отынның жануы кезінде пайда болатын газбен жұмыс істейді. Ол сонымен қатар қатты отынның шала жануы кезінде бөлінетін газбен, металлургия және канализация газбен де жұмыс істейді. Газды Іштен жану қозғалтқышының 4 тактілі және не 2 тактілі түрі бар. Қоспаның түзілуі және тұтану тәсілі бойынша газды Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп ұшқыннан от алатын Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп сығылу нәтижесінде тұтанатын Іштен жану қозғалтқышы және іштей қоспа түзіп ұшқынмен от алатын Іштен жану қозғалтқышы болып ажыратылады. Табиғи газбен жұмыс істейтін газды Іштен жану қозғалтқышы стационар электр станциясында, компрессорлы газ айдайтын қондырғыларда, т.б. пайдаланылады. Іштен жану қозғалтқышы жұмысының тиімділігі, оның п.ә. коэффициентімен сипатталады. Кемелдендірілген Іштен жану қозғалтқышының ең үлкен п.э.коэффициенті 44%. Іштен жану қозғалтқышытар және басқа да жылу қозғалтқыштары гидравлика және электрлік қозғалтқыштар сияқты тұрақты энергия көзіне (мысалы, су қоры, электр станциясы, т.б.) тәуелді емес. Іштен жану қозғалтқышы қондырғылары кез келген жерде жұмыс істей алатындықтан, олар көлікте (автомобильде, а. ш. және жол құрылыс машиналарында, өздігінен жүретін әскери техникада) кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде Іштен жану қозғалтқышының қуатын, сенімділігі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығын арттыру, массасы мен габаритін кішірейту, олардың жаңа құралымдарын жасау (мысалы, Ванкель қозғалтқышы) жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге автомобиль көліктеріндегі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышын дизельмен алмастыру, көп отынды қозғалтқышты пайдалану, айналу жиілігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылуда.



Іштен жанатын қозғалтқыштардың негізгі элементтері

Қозғалтқыш, мына негізгі бөліктерден тұрады: айналшық - бұлғақ механизмдерден (піспектен, бұлғақ, иілмелі біліктен және сермерден); қозғалтқыш корпусынан (ірге тас рамасы подшипнигімен, картерден, цилиндірлі блок толкесімен және цилиндірлік қақпақпен); газ бөліп таратушы механизмнен (бөліп таратқыш біліктен, шестернадан, қақпақшадан, көлдектен, итерушіден және басқалары); қоректендіруші жүйелерден, (отын бактарынан, сүзгіштерден, отын сұйық сорғыштарынан, бүріккіштерінен, карбюратордан, отын жүргізгіштерден және басқаларынан); майлаушы жүйелерден және салқындатқыш және қосымша құрылғылардан.



Піспек - қозғалтқыштың, ең жауапты торабы. Ол, едәуір механикалық және жылулық жүктемеге ұшырайды, сондықтан, жанушы камераны мұқият нығыздауы тиіс және оның табанынан жылуды алып кетуін қамтамасыз етуі керек. Піспекке, газ күшінің әрекеті, бұлғақ мен иілмелі білікке беріледі.



1 суретте, тронкты қозғалтқыштың піспектері көрсетілген. Піспектің негізгі бөліктеріне жататыны, табанының басы: юбка (тронк), піспектің төменгі бағыттаушы бөлігіне, бобышка жатады, оның тесіктеріне піспекті саусақ орналасқан. Піспек табанының пішіні, қозғалтқыш типіне байланысты. Карбюраторлы және қос камералы дизельдердегі піспек табаны, әдетте, жазық болады (1, а-сурет). Бір камералы дизельдердің табанының пішіндерін, отын ағыншасының пішініне сәйкестендіріліп жасалынады.



2-сурет. Піспекті шығыршық және қанау. Піспектің герметикалығын қамтамасыздандыру үшін, әдетте. шойынды кесілген нығыздаушы сақинаны 2, орналас-тырады. Піс- пекті сақинаны шығыршықты қанауға орналастырады (26.2 сур.).





Піспектің жылуы кезінде, маймен, цилиндр қабырғасын майлайды да, сүйық сорғыш шығыршығы әрекеті эсерінен, үмты- луынан - қанаумен, олар жылжып жэне майды төменнен жоғары қотарылғаннан кейін - жағушы камераға түседі. Осыны болдырмау үшін, май жинап алушы шығыршықты қолданады, оның орналасуы, не тікелей нығыздаушысының астына (компрессионды) шығыршықпен немесе піспектің төменгі бөлігіне орналастырады. Піспектің, шығыршықтан төмен өткен кезінде '26.3 сур.), өзінің төменгі жақтауымен 1, цилиндр қабырғасынан майды түсіреді де, ол қанау 3 бойынша, ағып жэне тесік 2, арқылы піспек ішіне және картерге ағады. Жоғарғы жүріс кезінде, шығыршық май сынасына қалқып шығады. Піспекті саусақтың атқарар қызметі - қозғалтқышты піспек- пен шарнирлі қосылыс жасауға арналған. Піспекті саусақ, қал- қымалы жэне бекітілген түрде болады. Қазіргі кездегі қозғалт- қыштарда, негізінен қалқымалы саусақты қолданады.



Олардың, өсті жылжуын, серіппелі шығыршық шектейді (26.1, а-сур.) немесе алюминийлі бүқтырманы (26.1, б-сур.) қолданады. Булгақ (26.4 сур.) жоғарғы (піспекті) 1 жэне төменгі (айнал- шықты) 3 бүркеншіктен және стердень 2 түрады. Ол піспектен иілмелі бөлікке күш береді. Піспекті саусақ үшін, жоғарғы бүркен- шікке қола төлкені орналастырады. Бүлғақтың жоғарғы бүркеншігіне ажырамайтын қылып, төменгісін - ажырайтын қылып жасайды. Бүлғақтың, төменгі бүр- кеншегінің жартысын иілмелі білікпен жалғастырып, антифрикция- лы металмен қабат-қабат төсенішпен орап орнатады. Бүлғақ өзегі дөңгелек немесе қоставрлы қима түрінде болады.



Қозгалтцыштың иілмелі білігі (26.5 сур.) іргелі 1 жэне бұлғақты 2 мойынмен жэне ұртынан 3, түрады. Қозғалтқышты.:- жүмысы кезінде, иілмелі газ күшінің қысымымен, инерция күшіме:-: жэне айналу бүрышы моментпен жүктемеленеді. Біліктегі инерциялы күштің әрекетін азайту үшін қарсь: салмақты орнатуы мүмкін. Иілмелі білікпен түтынушыға жүктемен: беруінен басқа, реттеушінің бөліп таратушы бөлігін айналдыруын. сүйық сорғыштарды жэне басқа да қосымша механизмдерді жүмьк істеуін жүргізеді.



Көп цилиндірлі қозғалтқыштардың білік индерінің аралык бүрышын, жеке цилиндірлердің үшқындарының кезектілігін, есепке ала отыра орындайды, жүріс, бір қалыптылығын жэне ең жақсы түріндегі инерциялы күштердің теңгерілгіштігімен жасалынады. Төрт тактылы қозғалтқыштардың корпусы (26.6 сур.), цилин- дір блоктарынан 5, олар анкерлі байланыстың көмегі арқылы, кар- термен 2, қосылысқан жэне шпилькамен 3 қүрастырылған, картер 2, ірге тасты рамамен бірге қүрайтын жэне түғырық - май жинау- шымен 1 бірге орналастырылады. Блокқа, цилиндірлі гильза пресс- тенген 4. Гильза мен цилиндір қабырғасының аралық кеңістігін, сулы салқындатқыш көйлек (сулы гильза) атқарады. Іргелі подшип- ник 8, картердің көлденең бөлігіне орналасқан, цилиндірлі блоктың, сол жағында бөліп таратушы бөлігі 7 жэне сыртқа шығарушы және кіргізуші клапандар жетегінің механизмдері орналасқан. Цилиндір қорабының қақпағын бекіту үшін шпилька 6 орналасқан.



Газды, бөліп таратушы механизм, қозғалтқыштағы эрбір, жүмысшы циклындағы, клапанның ашылуын жэне жабылу уақы- тын қамтамасыздандырады. Газды бөліп таратушы механизм- дердің, екі типін ажыратады: клапанның жоғарғы жағында орнала- суы (26.7, а-сур.) - цилиндр қақпағы қақпақшада орналасқан жэне қақпақшаның төменгі жағында орналасқанында (26.7, б-сур.), қақпақшалар, цилиндр блогында орналасқан жағдайында.



Дизельдің қоректендіруші жүйелеріне, отынды айдамалаушы сүйық сорғыш жеткізеді, қатқыл жэне жүқа сүзгімен отын тазалау. циркуляциялау жүйесіндегі қысым реттеуші, отын сүйық сорғы- шының, жоғарғы қысымдысы және олардың атқарар қызметі төмен- дегідей: белгіленген моменттегі, отынды цилиндірге дозалап беруге арналған жэне бүріккіштің тозаңдатуын жэне сығушы калоранын көлемі бойынша, отынды бір қалыпты бөліп тарату жүргізеді. 26.8 суретте, отынды, айдамалаушы сүйық сорғыш типі көр- сетілген. Жүдырықшалы валик 1, қозғалтқыштың иілмелі білігімен айналдырылу жүргізіледі. Валиктің айналуы кезінде, жүдырықша 2, итеруші роликке 3 қуалап жетеді де, плунжер 5 жоғары жыл- жытады. Плунжердің кері қозғалысын, серіппе 4 орындайды. Плун- жер, гильзеге нығыз қиыстырылғанда, онымен жыйынтықтығын қүрайды, оны, қос плунжерлі деп атайды. Сүйық сорғыштың жоғарғы бөлігінде айдамалаушы клапан 7 орналасқан.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Үй құстары туралы

Автор: Мейрманова Ляззат Бекболатовна

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469732

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) ""??стар - бізді? досымыз!" Экология негіздері мектепалды даярлы? сыныбы "
    ["seo_title"] => string(76) "k-u-star-bizdin-dosymyz-ekologhiia-nieghizdieri-miektiepaldy-daiarlyk-synyby"
    ["file_id"] => string(6) "152612"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420886323"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Та?ырыбы: "??стар ?лемі" "
    ["seo_title"] => string(24) "tak-yryby-k-u-star-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "170896"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423592724"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "конспект урока экология по названием «??стар бізді? досымыз» "
    ["seo_title"] => string(64) "konspiekt-uroka-ekologhiia-po-nazvaniiem-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "167856"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423146129"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Конспект "?ыстап ?ал?ан ??стар" "
    ["seo_title"] => string(35) "konspiekt-k-ystap-k-alg-an-k-u-star"
    ["file_id"] => string(6) "215841"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432807914"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства