2.Дамытушылық – развивающая: сабаққа қызығушылықтарын арттыру, салыстыру арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Үй және жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы, олардың өзіне тән ерекшеліктерін салыстыруға үйрету, жануарлардың тіршілік етуі үшін қорек, ауа, су, жылу қажет екендігі туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қорапша,үй және жабайы жануарлардың мүсіндері, суреттер, бала саны бойынша сәбіз.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қоян – заяц, үй қояны - кролик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: тәрбиеші топқа сиқырлы қорапша алып кіреді. Балалар менің қолымдағы қорапшада не бар екенін білгілерің келе ме?
Ендеше, оны ашып көрейік.
(қорапта үй және жабайы жануарлардың мүсіндері болады)
Балалар сендер бұл не екенін білесіңдер ме?
Жануарлар араласып кетіпті, біз оларды мекендері бойынша орналастырайық.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Д/о: «Мекеніне апар»
Жабайы жануарларды орманға,үй жануарларын қораға апарады.
Балалар біз бүгін осы жануарлардың ішінен үй қояны және жабайы қоянмен танысатын боламыз.
Балалар, қоян қайда тұрады? Ойланып айтып көрейікші.
Қояндар үй қояны және дала қояны болып екіге бөлінеді. Бұл үй қояны, түсі - күлгін. Қоянның терісі жұқа, жүні жұмсақ мамықтай болады. Қояндардың терісі жыл мезгіліне сәйкес өзгеріп тұрады екен. Мысалы, қыста қар сияқты ақ болады, ал күзде немесе көктемде жер түстес сұры немесе ала түрге енеді.
- Үй жануарлары – ол біз үйде күтіп ұстаған жануарлар.
Үй қоянын көрсету.
- Құлағы қандай?
- Неше құлағы бар?
- Қоян нені жақсы көреді?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, қоян неден қорқады?
-Қоянның баласы қалай аталады?
Сергіту сәті.
Балалар, бәріміз тұрып көжектер сияқты іс-қимыл жасайықшы.