Білім беру саласы: «әлеумет»
Бөлімі: экология
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. (суретін көрсету)
- Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.
Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
- Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
- Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір – Неге ұқсайды?
- Аспанға ұқсайды.
- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.
Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
СЕРГІТУ СӘТІ:
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!
Ойын:
«Туған жерді гүлдендір»
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)
-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер
Күтілетін нәтиже
Біледі: Біз ҚР тұрамыз
Игереді: Мемлекеттік нышандардың авторларын
Меңгереді: сұрақтарға өз беттерінше жауап береді