Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы мағлұмат беру. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып,"Наурыз" қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Мерекелік көңілін көтеру,елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бастауыш сынып мұғалімі Экимбаева Света Экимбаевна.
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы мағлұмат беру.
Халқымыздың салт –дәстүрін,әдет-ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Мерекелік көңілін көтеру,елге деген сүйіспеншілікпен бірге ,салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат,ұлттық киімдер,ұлттық тағамдар.
І. Ән,би,тақпақтар
ІІ. Бесікке салу көрнісі
ІІІ. Сұрақ,тапсырмалар
ІV. Ойын
V. Қорытынды
1.жүргізуші:
Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Жаңа жыл,кел,төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наурыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
2-жүргізуші:
Қырдан бүгін бу ықты,
Қуды жерден суықты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты,
Әне,Наурыз келді.
Құлпырады жер енді.
Балалар тақпатарын арнайды.
1-жүргізуші:
Би «Қаражорға»
Інжу,Диас,Қырмызы,Алмас
2-жүргізуші:
Наурыздағы салт- дәстүрлер.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы,тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
ІІ. 1-жүргізуші:
Әжелеріміз бесікке салу рәсімін орындайды.(көрініс)
Армысың әже!
Армысың қызым!
Сәбидің бауы берік болсын,.... рахмет
Келің төрлетің.
Баланы бесікке салайық.
Баланы әкелің ,алғашқы бөлу ұрпақ өсірген қадірменді Кәусар апаға береміз.Ұлын ұяға,қызын қияға қондырған апасыз.Мына қыз-келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.Дүниеге келген періштенің ақ отауын әкелің.
Немересі Арай
-Апа мына бесік тесік қой
Әжесі
Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Қане тыштырма жасайық,жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегені.Тыштырма бесіктің тесігінен тыштыма деп балаларға тыштырма беріледі.Тыштыма-тыштыма,тышты-тышты дейміз.Енді бесіктен бәле –жаладан аластайық.Нәрестені бөлейміз,сәбиді әкелің.Сәбидің ұйқысы тәтті болсын.Мынау сенің сыйың,немерелеріңе сый болсын.Ал,қызым бесік жырыңды айта ғой.Әже немерелеріңізге бата бере қойыңыз.
2-жүргізуші:
Дана халқымыз «Батамен – тел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой.Қанекей,Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.
Ақсақалды атамыз бата берсін.
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектері көк болсын.
Қайғы –уайым жоқ болсын.
Қуаныштарың көп болсын.
1-жүргізуші:
Наурыз тойын бастайық,
Ән мен жырым төгілсін.
Жаңғырып ата – салтымыз,
Ақ тілектер өрілсін – деп ортамызға кішкентай бүлдіршіндерді шақырамыз
Тақпақтарын арнайды.
2- жүргізуші:
Өлең: Інжудің орындауында Ана – Әке
1-жүргізуші:
Наурызға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
ІІІ. Ата – салтың қазағың.
1-жүргізуші:
Бізге Қыдыр атамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
Қыдыр ата дегеніміз кім?
Жүрген жері гүлденіп, көгеріп, көктеп сала беретін ерекше қасиетімен түсіндірген. Қазақтың құт қонған, береке дарыған деген мәнді Қыдырмен байланыстырған.
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқан жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен балалар,
Сол себептен сіздерге қоятын сұрақтар бар.
2-жүргізуші: Сұрақтар:
Наурыз төлі дегенді қалай түсінесің?
(Наурыз төлі)
Наурыз көже қалай жасалады?
(7 немесе 9 тағам түрі)
Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наурыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар)
Сүттен жасалатын тағамды ата?
(Құрт,ірімшік,қатық,қаймақ т.б.)
Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?
(Наурызкөк)
Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік?
(Бәйшешек)
1-жүргізуші: Тапсырмалар:
Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?
(Жауабы: Наурыз көже,бауырсақ,жеті нан,қазы-қарта т.б.)
Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?
(Уыз)
Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?
(21 наурыз)
Ертеде жеті жігіт,жеті шырақ жағып ,ауылды аралайды екен.Неліктен?
(Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып,жалбарынып ықпал етуге болады» деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді,батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас»-деген ой-пікірді уағыздап,кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп,ақ ниетпен бата беріп,тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Мұғалім:
Жаз келер,қыстыгүні қысым кетіп,
Қар,суық,аяз,боран-бәрі кетіп.
Қасықтай қар,тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпеккет үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақта көңілі жай,
Өткен күн,өмірін айтып күбірлесіп.
Бота,құлын,бұзау,лақ,қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.
Құрметті ата-аналар,мұғалімдер,қонақтар!Бүгін Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаладыңыздар!