- Ендеше мына суреттерге қарайықшы адамдар немен айналысып жүр екен(слайдтағы сурет).
Жарайсыңдар балалар көктемде ерінбей еңбек етсек ауылшаруашылық өнімдерімізде мол болады. Өнімдеріміз тек ауылды ғана емес қалаларды да қамтамасыз етеді. (слайдтағы сурет).
Балалар осы көктем сөзін орыс тілінде қалай айтамыз? – Весна
Енді ағылшын тілінде қалай айтамыз?- Spring
Жарайсыңдар балалар ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің көктемгі еңбегінің арқасында бүкіл халық нанмен,көкеніс, жеміс жидектермен қамтамасыз етіледі.
Сергіту сәті
Балалар еңбек жайында кім қандай мақал- мәтел біледі?
1.Еңбек ер атандырады
2. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Жарайсыңдар балалар еңбек жайында кім қандай тақпақ біледі?
Гүл ексең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-еңбек.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
3.Қорытынды
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қоры-тындылау.
Буратино мұз айдыныңда қолғабының сыңарын жоғалтқанын, енді көмек сұрайтынын айтады.
Тәрбиеші пішіндерден жасалған оюлары бар қолғаптарды көрсетеді. Сұрақтар қоя отырып, сыңарын тапқызады.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сұрт, сарт- сұрт,
Шапалақтап соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ- топ, топ-топ,
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу-зу, зу-зу,
Шаңамеңен зулаймыз.
«Пішіндерді боя» дидактикалық ойыны:
Мақсаты: Түстерді тани білуге үйрету.
Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыруды ұсынлады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
3.Қорытынды
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қоры-тындылау.
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу ұызметінің конспектісі
2.Дамытушылық:Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін, қол моторикаларын дамыт, берілген сұраққа жауап беруге үйрету.
3.Оқытушылық:Балалардың көктем мезгілі және көктем гүлдері туралы түсінік беру.
-Балалар, қанеки, есімізге түсірейікші жылдың неше мезгілі бар?
-Жыл мезгілдерін атаңдаршы.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын атаңдаршы?
2.Негізгі бөлім
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Балалар, қазәір мен сендерге жұмбақ жасырмын, сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Мұқият тыңдаймыз.
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақанын жайып.(гүл)
Балалар гүлдер не үшін керек?
Ал, енді бейне таспадан гүлдерді тамашалайық.
Балалар, бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек – сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай бойы да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.
-Бәйшешектің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Балалар мынау бақ-бақ гүлі. Бақбақ — көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады. -Бақ-бақтың түсі қандай? -Жапырағы қандай түсті? -Бақ-бақты орыс тілінде одуванчик деп айтамыз.
Мақсатта қолдану үшін өсіреді. -Қоңыраугүлдің түсі қандай? -Жапырағы қандай түсті? -Қоңыраугүлді орыс тілінде колокольчик деп айтады.
Қане бәріміз айтайық. Тәрбиеші: Қызғалдақ — көп жылдық өсімдік.
Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі.
Қызғалдақ– ғашықтық, махаббат белгісі екен. -Қызғалдақтың түсі қандай? -Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті? -Балалар бұл қызғалдақ гүлі. Қане бірге айтайықшы,
орыс тілінде – тюльпан деп айтады. Тәрбиеші: Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше бір сергіп алайық.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Ал, балалар бүгін сендермен осы гүлдердің ішінен қызғалдақ гүлін жапсырамыз. Балаларға қалай жапсыру керектігін бірінші көрсетемін, балалар тәрбиешімен бірге жасай бастайды.
-Гүлдер қайда өседі?
-Гүлдер әдемі болу үшін не қажет?
Ойын: «Өз гүліңді тап» Барысы: Топқа екі топқа бөлінеді, яғни 5 баланың
басына қызыл қызғалдақ гүлі кигізіледі. 5баланың басына сары бақ-бақ кигізіледі. Балалар музыка арқылы
билеп жүреді де, музыка тоқтағанкезде сары бақ-бақ өз гүліне, қызыл қызғалдақ өз гүліне тұра қалады.
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қоры-тындылау.
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу ұызметінің конспектісі
Өткізу күні: 05.04.18ж
Тәрбиеші: Төлешова Ж.Қ
Білім беру бөлімі: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.
2.Дамытушылық:Көктем мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
3.Оқытушылық:Жаңбырдың жаууын саусақпен сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге үйрету.
Педагог балалардың назарын өзіне аударып, жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды ұсынады.
Тырс-тырс
тамады,
Тереземді
қағады.
- Бүгін күн
қандай? Ашық па? Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма? Балалар, бүгін күн салқын,
жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жауады.
- Тақтадағы
суретке қараңдаршы, бұл не ? Түсі
қандай?
- Жаңбыр
жауғанда қандай дыбыс естіледі?
- Кәне, тыңдап көрейік.
- Қалай тамып
тұр екен?
Педагог үстел
үстін тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді.
- Ой, жаңбыр
қалай қатты құйып жауып кетті. Енді көк алақандарыңды тізелеріңе қойып,
шапалақтап көріңдер.
Балалар
педагогпен бірге аяқтарын тарсылдатып дыбыс шығарады, бұл жаттығулар
балаларға жағымды көңіл күй сыйлайды.
Көркем сөз
оқу.
Жауын-жауын жауады,
Бәрін суға малады.
Біз бояуды аламыз,
Тамшыларды саламыз.
2.Негізгі бөлім
Енді көк майлы бояуды пайдаланып
қағазға жаңбыр тамшыларын саусақ арқылы түсіреміз.
Қараңдар, бұлттан төмен
қарай тамшылар түсіп келеді.
Бірнеше үзік
қысқа сызықтармен салып көрсетеді.
Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды.
Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды.
Музыка әуенімен
«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ұйымдастырады. Балаларға үзік
сызықтар немесе тамшыларды барлық қағаз бетіне көбірек салу керектігі
түсіндіріледі.
3.Қорытынды
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қоры-тындылау.
балалардың салған суреттерін мадақтайды. Көрме ұйымдастырылады.
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу ұызметінің конспектісі
Өткізу күні: 04.04.18ж
Тәрбиеші: Төлешова Ж.Қ
Білім беру бөлімі: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Пияз отырғызу»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Балалардың қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық:Пияздың түрлерімен таныстыру, оларды отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, пиязды өсіруге оларды күтіп баптауға талпындыру.
Оқытушылық:Зерттеу тәжірибе жасап күнделік толтырып нәтижеге қол жеткізе білуге үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент: тамыр – корень, сабақ – стебель
Cөздік жұмыс: тамыр, сабақ, қабық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезең
Тәрбиеші қорапты сығалап, қатты таңданады (қораптың кішкентай ғана қол сиятындай тесігі бар) .
Әңгімелесу.
Балалар, бұл қораптың ішінде не бар екенін тауып көріңдерші. Ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Таба алмасаңдар, мына тесікке қолымызды тығып, оны ұстап көрейікші.
Ал, енді иіскеп көрейікші. Балаларға иіскетіп көреді.
Ол не екен?
Дұрыс таптық па екен, соны білу үшін, менің жұмбағымды тауып көріңдерші.
Жұмбақ жасырады.
Домалақ бір дәрумен,
Сары тонға киінген,
Жылатады аршысаң,
Ашты, өткір иісімен.
Ол не?
Дұрыс айтасыңдар! Бұл пияз . Неге Айболит дәрігер бізге пияз жібергенін білгілерің келеді ме?
Онда, ноутбуктың экранына назар аударыңдар (ноутбуктен слайд көрсете отырып , қысқаша мәлімет беру)
2.Негізгі бөлім
Пияз туралы ақпараттық слайд көрсету.
(слайд арқылы пияздың адамға деген пайдасы, оның құрылымы туралы мәлімет беріледі, сөздік жұмысы да осында жүргізіледі)
Тақтамен жұмыс.
Балалардың назарын тақтаға аудартып, сурет арқылы алған мәліметтерін сұрақ – жауап арқылы бекітеді.
Пияздың қандай бөліктері бар екен?
Пияздың адамдарға не керегі бар екен?
Пияз орысша - «лук», ағылшын тілінде - «onion» деп айтылады.
Ендеше, біз де өз тобымызға пайдалы пиязды отырғызып қояйық.
Маған көмектесесіңдер ме?
Онда «Ғылым орталығына» өтейік.
Пияз отырғызу: (алдын ала үстел үстінде келесі заттар дайын тұрады: бір ыдыста топырақ, әр баланың алдында тәрелкеде пияз отырғызатын сауыттар жартылай топырақ салынып қойылған, суы бар стакандарда тамырландырылған пияз, қасықтар, суқұйғыштар, таза , құрғақ сүлгілер )
Міне былай сауытты аламыз, оған былай бұрандалап пиязды тамыр жағымен отырғызамыз. Енді жан – жағына қасықпен топырақ себеміз, өскінді жабуға болмайды. Ол жерден пияздың сабақтары өсіп шығады. Енді пиязымызды суарамыз, бірақ пиязды суарғанда тек қана айналасындағы топырағын ғана суарамыз. Міне дайын болды.
Енді, бәріміз бір – бір пияздан аламыз, мен айтып тұрамын, ал сендер өздерің пиязды отырғызасыңдар.
Жеке жұмыс.
Икемі келмей бара жатқан балаға көмектесіп жібереді.
Сергіту сәті:
(Сергіту сәтінде ойын ойнайды)
Бір баланың басына пияздың маскасын кигізеді.
Бізде үлкен бақша бар, онда пияз өседі.
Үлкендігі мынадай, биіктігі мынандай.
Пияз енді бізге кел, бізбен бірге билеп бер. (осы сөзден кейін пияз – бала билейді)
Дидактикалық ойын: «Пиязды құрастыр»
Шарты: қағаздан жасалған пиязға, жасыл қыстырғыштардан өскіндер қыстырып, құрастыру.
3.Қорытынды
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қоры-тындылау.
Суреттерді көрсете отырып, сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетті қорытындылайды.
Пияздың адамдарға қандай пайдасы бар?
Пияздың құрылымын еске түсірейікші. Қандай бөліктері бар?