І кезең- мотвациялық- қозғаушы. | Балаларды шеңберге жинап «Валелогия» картасына қарап, келген аялдама атын хабарлай отырып жұмбақ жасырады. Сары көзін ашқанда, Қарап қолма аспанға Жасыл көзін ашқанда Өте бергін жасқанба Ол не? | Сәлемдесіп, бір-біріне жылы тілек айтады. Бағдаршам |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік | Педагог балаларға суық тию ауруларының алдын алу үшін қажетті дәрілік жиынтықты дайындауды ұсынады. Балалардың тандауына шөптердің 5-6 түрі, тамырлары ұсынылады да, олар өз таңдауларын түсіндіріп өтеді. Педагог Дәрігер Салауаттың суретін тағы бір қарап, оны суреттеуге тапсырма береді. Педагог берілген сұрақтардың жауптарын жинақтап, ол үшін салауатты өмір салтының ережелерін: шынығу, дұрыс тамақтану, күн ережесін сақтау, табиғатпен, қоршаған ортамен сәйкестікте өмір сүру керектігін нақтылайды. Бұл ережелер жақсы әдетке айналып, күнделікті орындау қажет. Балалардың бойындағы жақсы дағдыларын атап, педагог оны жеке-жеке үлкен парақ бетіне жазып, «валеология» сөзінің айналасына қойып шығады. Педагог ойынның қорытындысын шығарып, балалардың бойында қаншалықты жақсы әдеттердің бар екенін талқылайды. Бірақ осылармен қатар біздің жақсы өмір сүруімізге кедергісін келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттердің бар екенін де айтып өтеді. Балалардың өздерінің бойында кездесетін жаман әдеттерді атауларын сұрайды. Психологиялық жаттығу: | Балалардың жауаптарын қорыта келіп, педагог балалардан өскнде кімнің Дәрігер Салауатқа ұқсағылары келетін сұрайды. Ол үшін не істеу ? Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасып, педагогпен бірге қайталайды. Жағымсыз әдеттер кедергі келтірсе, Бірімізге-біріміз көмек бере жеңеміз. Саусақ салып ауызға, тырнақты тістелмей, Жуылмаған жемісті, біз жемейміз. Бірге жүріп, жағымсыз әдеттерді ұмытамыз, Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз. Достарменен, таласып, ұрсыспаймыз, Салауаттың кеңесін жадымызда ұстаймыз! |