Просмотр содержимого документа
«Туған күнге арналған тәтті тоқаштар»
«Қарлығаш» бөбектер бақшасы
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Туған күнге арналған тәтті тоқаштар»
Тәрбиеші: А.Т.Сопылова
2016-2017 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Туған күнге арналған тәтті тоқаштар» Мақсаты:
Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.
Сабақтың барысы: Балалар әуенмен топқа кіріп шаттық шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші: - Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық. Балалар: Күннің көзі ашылсын Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басығой Ал қанекей бәріміз «Сәлем» дейік үлкенге. Тәрбиеші: - Айналамызға қарайықшы топтың іші әдемі безендірілген. Сіздерде әдемі болып күндегіден ерекше киініп алғансыңдар! Үстеріңе қандай киім кидіңіздер? Балалар: - Аспазшы киімі. Тәрбиеші: - Бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз ерекше болғалы тұр . Қанекей сабағымызды бастамас бұрын біз көтеріңкі көңіл күймен бір-бірімізге шаттық шеңбер арқылы жылы лебізімізді білдірейік. Балалар: «Шаттық шеңбері» Біз балдырған тең басқан Дос құшағын кең ашқан Тілегіміз тыныштық Ашық болсын кең аспан Мықты болсын іргеміз бәрімізде біргеміз!
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, олай болса бүгінгі оқу іс әрекетімізді бастайық . Мен сіздерге сұрақтар қоямын сіздер мұқият тыңдап тез-тез жауап беріңіздер. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде неше ай бар және қандай? - Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? - Балалар осы көктем мезгілінің сәуір айында біздің Айару мен Айсұлтанның туған күндері бар екен. Олар үшке толады екен. Білесіздер ме, туған күн қалай атап өтіледі? (балалардың жауаптары) - Қараңдаршы бізге Айару мен Айсұлтанның мамасы көп тәттілер алып келіпті. Түс мезгілінде біз туған күн иелеріне тілектер айтып туған күнді атап өтеміз. - Балалар білесіздер ме бұл нан, тоқаш, печение, тортар барлығы неден жасалады? Балалар : - Ұннан. Тәрбиеші: - Балалар есімізге түсірейікші күз мезгілінде біз «нан қайдан шығады?» атты тақырыпта ертегі оқыдық. Слайд 1 : Егін, бидай, комбайын, ұн, наубайхан, дүкенші суреттері көрсетіледі. (Балалар ертегіні естеріне түсіріп сурет арқылы әңгімелеп береді.) Тәрбиеші : - Өте жақсы балалар, ертегіні ұмытпапсыңдар. Нан бізге көп еңбек арқылы келеді екен. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекер айтылмаған.
- Балалар сіздерде өз қолдарыңмен тәтті тоқаш жасағыларың келеме? - Олай болса біздің туған күн иелеріне тоқаш пісіріп сыйлық жасайық . Сергіту сәті: ӘН « Біз көңілді аспазшымыз» Тәрбиеші: - Балалар мен мына қамырға май салып, сүт қосып, шекер салып илеп дайындап қойдым, сіздер дайын тұрған қамырдан өздерің ұнаған пішінде тоқаштар жасайсыңдар.
(Балалар берілген орындарына барып әр түрлі пішіндерді бастыру әдісімен тоқаштар жасайды) Тәрбиеші: - Балалар жұмыстарыңызды болсаңдар, енді бұл дайын болған тоқашты біз пешке салып пісіріп алуымыз керек еді. Бізде пеш жоқ сондықтан мен қазір балабақша асханасына телефон соғып, біздің тоқаштарды пісіріп беруін сұрайын. - «Ало, Сәлеметсізбе! Бұл балабақша асханасы ма? Мен «Балдырған» тобының тәрбиешісімін. Біздің балалар туған күнге арнап тоқаштар жасаған еді, біздің тоқаштарды пешіңізге салып пісіріп бересіз бе?. Жақсы, рахмет!» - Балалар аспазшы апай жарайды алып келіңіз деді. Көмекші апай бізге көмектесіп асханаға апарып береді. Ал біз, тоқаштар пісіп келгенше біз өз білгендерімізді ортаға салайық. - Балалар біз не жасадық? - Тоқаш неден жасалады? «Еңбектің наны тәтті – жалқаудың жаны тәтті» Егін елді жинайды , Қырманға деп қоймайды. Біздің дала той дала Алтын астық айнала.
(Телефон шырылдайды) Тәрбиеші: - Балалар бұл азпасшы апай ғой. " Ало, ия-ия тыңдап тұрмын." Телефоннан дауыс естіледі: - "Бұл «Балдырған» тобы ма , сіздердің тоқаштарыңыз пісті. Мен қазір беріп жіберемін. Балалар өте жақсы дәмді жасапты. Ас болсын! Тәрбиеші: - Ой рахмет . Сау болыңыз! Балалар тоқаштарда пісіп қалыпты қазір беріп жіберемін деді.
Сол кезде шаттық әуенмен Қолында тәтті тоқаштар бар Сайқымазақ кіріп келеді. Балалармен амандасады. Сайқымазақ: - Сәлеметсіздер ме, балалар, жаңа мен мына тәтті тоқаштардың исін алыстан сезіп балабақшаға келсем бұл тоқаштар сіздердің жасағандарыңды айтып , маған апарып беруімді сұрады. Бұл ненің құрметіне жасалған тоқаштар? Иісін-ай өзінің керемет екен (таңданып искеп, басын шайқайды) - Бұл тоқаштарды қалай жасадыңдар? - Кімнің туылған күні? Сайқымазақ: Өте тамаша, ал туған күн сыйлықсыз және тортсыз болмайды, олай болса көздерімізді жұмып қолымызды соғайық.
- Балалар туған күн бисіз, әнсіз болмайды қанекей барлығымыз билейік. (Әртүрлі әуенде билейді. Балаларға тілек айтып қоштасып шығып кетеді. Тәрбиеші: - Балалар біз дайындаған тоқаштарды қонақтарға ұсынайық. (Балалар тәтті тоқаштарды қонақтарға ұсынады, барлығы бірге «Ас болсын» айтады) - Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сіздерге ұнады ма? - Олай болса бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!