kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Туған қаламызға саяхат." Ашық сабақ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок для средней группы детского сада. Урок путешествие.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Туған қаламызға саяхат." Ашық сабақ.»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 21.04.2016жыл.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Туған қаламызға саяхат

Мақсаты: Туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; өз қалалары туралы білімдерін жүйелеу және байыту; ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру. Өз мекеніне, қаласына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Орал қаласы туралы слайд көрсету.

Әдіс -тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық,

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар, бейнетаспалар.

Билингвалды компонент: қала-город, Орал-Уральск.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивциялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Добрый утро всем нам,

Добрый утро всем гостям!


Балалар шеңберге жиналып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Теледидарға назар аударту.

-Балалар, біздің республикамыз қандай?

Дұрыс, Қазақстан Респбликасында көптеген қалалар мен ауылдар бар. Ол қалалар мен ауылдарда сендер сияқты бақытты балалар тұрады екен. Әр адам өзінің тұратын қаласын мақтан етеді. Ал сендер қай қалада тұрасыңдар?Өте жақсы балалар мен сендерге қазір Орал қаласының әдемі жерлерін көрсетемін. Мұқият қарап алыңдар.

Слайд көрсету. Сол бойынша сұрақтар қою.

Қостілдік компонент: Қала-город,

Орал-Уральск

Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының орталығы. «Достық» даңғылығында Қазақ Драма театры бар. Театрға адамдар демалу үшін барады. Біздің қаламыздың сұлу жерлері өте көп, мысалы: «Киров» атындағы саябақ. Оған сендер барғанды ұнатасыңдар ма? (т.б. ғимараттар көп). Қалада адамдар көп тұрады. Ал, балалар біздің ұлтымыз кім білесіңдер ме ? Біздің қаламызда әр ұлттың өкілдері тұрады. Қаламызда балабақша, мектеп, аурухана, театр және тағы басқа қызмет көрсету орындары көп. Көлік түрлері де көп. Қаламыздың көшелері кең әрі әдемі әр көшеде бағдаршамдар орналасқан. Қалада адамдар көп қабатты ,биік үйлерде тұрады.

Ал, қане туған жерге арнап тақпақ айтайық. Кім айтып береді?





















Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! (Осы мезгілде есік қағылады)
Топқа саяхатшы кіреді.
Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп келемін, ал сіздің қалада мүлдем болған емеспін. Сіздің қаланың көрнекті жерлерімен танысайын деп картамды ала келдім, маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе, балалар?
Ендеше балалар саяхатшыға қаламызды аралатайық.

Саяхатшы:Балалар мен сендермен театрға кіру үшін сендерге де билет сатып әкелдім.

Балалар ендеше саяхатшыға бірінші театрымызды көрсетейік

1 аялдама «Қазақ драма театры» 
‑Балалар қалай ойлайсыңдар театрда қандай қойылымдар болады?. 


Балалар театрға кіру үшін бірінші қолымыздағы билетті кассир апайға көрсетейік

‑Балалар театрда отыру ережесін білеміз бе?
Тәрбиеші: Балалар сендер өздерін әртіс болғыларын келеме? 

Тәрбиеші: « Қарлығаш пен дәуіт » ертегісін сахналап беріндерші.

Жарайсыңдар,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық. 

2 аялдама «Киров» атындағы саябағы

‑Балалар, бұл Киров атындағы саябаққа демалыс күндері ата аналарымызбен келіп серуендейміз.Алдарынан саябақ ойын нұсқаушысы шығады

‑Саламатсыңдар ма,балалар!Біздің саябағымызға қош келдіңіздер!Біздің саябақта көптеген ойын түрлері бар.Соның ішінде мына батут ойыны өте қызықты,әрі денелерің шынығып қалады.

Ойын арқылы дене жаттығуларын жасату.

Балалар,ойын ұнады ма? Нұсқаушы апайға рахмет айтып саяхатымызды жалғастырайық


3 аялдама «Стелла» ескерткішімен таныстыру

Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналып жасалған ескерткіш. Мұнда 9 мамыр женіс күні мерекесінде парад ұйымдастырылады. Батырларға арнап гүл шоқтары қойылады.

Ал сендер батырлар туралы қандай тақпақ білесіңдер? Жарайсыңдар!


Сергіту сәті:

Аспанға қарап күн көрдім,

Жерге қарап гүл көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Енді балалар саяхатшымен бірге балабақшамызға қайтайық.

Сұрақтарға жауап береді

Қазақстан Республикасы


Слайдты тамашалайды



Орал қаласында





Бірге қайталайды



Балалар зейін қойып тыңдайды








Ұлтымыз қазақ





Туған жерге арнап тақпақтарын айтады


Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем. (Айсұлу)

Алтын астық даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем (Жантөре)

Туған жер сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз. (Гүлназым)



Балалар саяхатшымен амандасады






Балалар: Иә көмектесеміз

Балалар музыка әуенімен саппен қалаға саяхатқа шығады





«Қазақ драма театры» на тоқталады Бұл жерде драммалық қойылымдар ды,ертегі,аңыздарды сахналайды

Театрда шуламай, айналадағы адамдардың мазасын алмау керек.

Балалар: Иә. 

Балалар «Қарлығаш пен дәуіт »ертегісін рөлдерге бөлініп сахналайды.






«Киров» атындағы саябағына келеді.

Ойын арқылы жаттығулар жасайды.Батут ойынымен ойнайды



Нұсқаушы апайға рахмет айтып қоштасады






«Стелла» ескерткішімен танысады


Маншүк апай батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Маншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз

Әлия,Мәншүк апамыз

Бауыржандай атамыз

Фашистерден Отанды

Қорғап,батыр атанды


Іс қимылмен орындайды

Балалар балабақшаға оралады

Рефлексивтік коррекциялаушы

Қазір балалар мен сендерге Орал қаласы туралы не білетіндеріңді «Кім тапқыр?» ойыны арқылы тексеріп жіберейін.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»

Мақсаты: Орал қаласы туралы білімдерін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.

Шарты: Орал қаласының суреттерін көрсету. Балалар қай жер екенін атау керек.

Бұл кімнің ескерткіші? Сырым Датұлы ескерткіші)


(Абай Құнанбаев алаңы)-


(Галактика ойын‑сауық орталығы)


(Темір жол бекеті)

(Әуе жай бекеті)


Саяхатшы:Жарайсыңдар балалар сендер өз қалаларың туралы көп біледі екенсіңдер.Мен өзіме сендер арқылы көп мәліметтер жинадым.Ал сендер өз туған жерлерің туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?





Жарайсыңдар





‑Ия саяхатшы біздің балалар өз туған қаласын жақсы көреді сондықтан сізге естелік ретінде

«Стелла» ескерткішінің бейнесін жасап берсін. Мақсаты: Дәстүрден тыс әрекетті пайдалана отырып “Стелланың” суретін бояуға үйрету

Балалар енді осы қаламыздағы «Стелла» ескерткішін бояп саяхатшыға естелікке беріп жіберейік.

Саяхатшы балаларға риза болып қоштасып шығып кетеді

Балалар біздер не туралы әңгімелестік?

-Біздің тұратын қала қалай аталады?

-Қандай жерлерімен таныстық?

‑Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса біз бәріміз қазір ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Туған жерге тілегің» Ендеше,балалар осы туған жерге арналған тілегімізді әуе шарларына жапсыру арқылы білдірейік (Ойынның ережесімен таныстыру балаларды) Мақсаты : Балалар алдын ала дайындалған тілектер жазылған түрлі түсті жүрекшелерді алып, әуен ырғағымен жүріп, ауа толтырылған шарға жапсырту арқылы туған жерге деген құрметке тәрбиелеу.

Жарайсыңдар балалар ендеше осы тілегіміз орындалсын деп мына шарларымызды ұшырып жіберейік. Ойынды жақсы ойнадыңдар!Белсене араласқан балаларды бағалау.Балаларға көңілді күлдіргі сыйлау.



Ойынға қызығушылықпен қатысады




Сырым Датұлы ескерткіші. Бұл жерде үлкен субұрқақ орналасқан. Шағын демалыс бағы.

Абай Құнанбаев алаңы. Бұл жерде үлкен мерекелік шаралар өткізіледі.

Демалыс күндері ойындар ойнап қыдырамыз

Бұл жерден әр қалаға қатысатын пойыздар жүреді,ұшақтар ұшады


Динара:

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

Досжан: Өз елің – алтын бесік. Інжу: Елің – панаң, Жерің - анаң. Аянат: Өз елің өзекке теппес. Досжан: Өз елім – өлең төсегім. Аружан: Отан- оттан да ыстық

Дайын тұрған стелланың суретіне желім жағып, тұз себелейді


Балалар жасаған жұмыстарын саяхатшыға береді,саяхатшымен қоштасады

Өзіміздің қаламыз туралы

Орал қаласы

Драмма театр, Абай алаңымен, «Киров» саябағымен

Өз жетістіктеріне қуанады. Балалар қуана ойнауға кіріседі

Балалар ойынның шартымен танысады да, қолдарындағы жазылған тілектерін шарға жапсырады.

Шарды ұшырып жібереді.

Қуанышты көңіл күйде болады.

Нені біледі: өз мекенжайы мен тұрғылықты қаласының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуі.

Қандай түсініктерді игерді:.қаласының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындарды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қаланың көркеюіне өздерінің үлесі бар екендігін меңгерді. Өз қаласын мақтан тұтуға тәрбиеленді.

Тәрбиеші :Жалелова Ү.С






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Туған қаламызға саяхат." Ашық сабақ.

Автор: Жалелова Умит Сырымовна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386931

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "?аза? тілі п?ні бойынша ашы? саба? "Мені? отбасым""
    ["seo_title"] => string(43) "kazaktilipniboiynshaashyksabakmieninotbasym"
    ["file_id"] => string(6) "334283"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465822369"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ашық сабақ: Ғарыш әлемінде"
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk_sabak_g_arysh_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "436261"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509618992"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ашы? саба? "1-ден 20-?а дейін санау" "
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk-sabak-1-dien-20-g-a-dieiin-sanau"
    ["file_id"] => string(6) "205462"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429893244"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашық сабақ: "Табиғатқа саяхат.Ж дыбысы мен әрпі""
    ["seo_title"] => string(51) "ashyk_sabak_tabig_atk_a_saiakhat_zh_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "457348"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518605816"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?  "Сс дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakssdybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "305881"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458016259"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства