Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
(ортаңғы топ)
Білім беру саласы: «Қатынас».
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төрт түлігім - бірлігімнің ырысы
Мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін тиянақтау.Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Бейнелеу, жапсырма кезінде іскерлік дағдыларын жетілдіру, ұжыммен жұмыс жасуға дағдыландыру.Балаларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеп, төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сөздік жұмыс: екі найзасы, бір шыбыртқысы, пірі
Билингвалдық компоненті:төлі-детеныш,жайлау-джайляу, пастбище
Қызмет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет
Таңғажайып сәт: хат тасушының хат әкелуі.Хатты ашуы.
Балалардың таң қалуы.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Тәрбиеші:Балалар, ересектер тобының тәрбиешісі сендерге жұмбақ жасырыпты, соны оқиын:
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
Ол не?
Қой бізге несімен пайдалы?
Кездесті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Түйе қандай жануар?
Төрт аяғы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар
Ал, сиыр несімен пайдалы?
Өзі жүйрік, шапқылауға
тоймайды,
Өзі көлік,қай жануар
Кім қалай ойлайды?
Жылқының қандай пайдасы бар?
Балалар,осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Төрт түлік туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ойын «Төлін тап»
Балалар,аналарың, әжелерің сендерді еркелетіп қалай атайды?
Ендеше, малдар да өз төлдерін еркелетеді екен.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар, халқымыз әр малдың пірі,( атасы) бар деп есептейді.
Ол жайлы не білесіңдер?
Балаларды мадақтауы.
Енді төрт түлік жайлы мақал-мәтел, жаңылтпаш,тыйым сөздер айтып бересіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар!
Енді топтапрға бөлініп, жұмыс жасайық.
Не істеу керегін түсіндіріп өту.
Балалар қызығушылық танытады.
Ойланып жауап берулері:
(қой)
Өз ойларын айтулары.
(түйе)
Білетіндерін әңгімелеулері.
Жұмбақты тыңдап шешун табуға тырысулары
(сиыр)
Сиырдың тигізер пайдасы жайлы айтып берулері.
Ойланып өз ойларын айтулары
(жылқы)
Пайдасы жайлы әңгімелеулері.
Үй жануарлары, төрт түлік
Қой баласы қоңырым,
Қойдай жуас момыным,
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың?
Пұшайт-пұшайт
Осылайша төрт түлік туралы білетін тақпақтарын айтып берулері.
Жануарлардың төлдерін тауып атап берулері.
Құлыным, ботам, қошақаным т.б.
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным -деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп,
Тастан тасқа секірген шұнағым- деп
Жылқы атасы-Қамбар ата
Сиыр атасы-Зеңгі баба
Түйе атасы-Ойсылқара
Қой атасы-Шопан ата
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл- көсір.
Ай, ай Айдарбай,
Айыр мүйіз сиырыңды,
Үйіңе айдай бар!
Малды теппе
1-ші топ «Суретті аяқтау» (жануарлардың жетіспейтін бөліктерін салу)
2-ші топ «Қойға тон кигізу» (жапсырма, жіппен жұмыс)
3-ші топ «Жайлауға гүл отырғызу»
(сәбіз, губкамен жұмыс)
Жетекші-жөндеуші
Қорытындылау.
Балаларға құрт үлестіру.
«Жайлауда» әнін айтып берулері.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: төрт түлік мал туралы
Түсінеді:төрт түлік малдың тигізер пайдасын.
Қолданады:өз ойын толық жеткізеді,өздігінен жұмыс жасай біледі