Балалар ?з ойында?ысын бір с?збен емес, толы? жеткізе білуін ?ада?алау.
Жыл?ы, т?йе, сиыр, ?ой, ешкі, ит, мысы? адамны? ?йіні? ма?айында тіршілік етеді.
Сол ?шін де оларды ?й жануарлары деп атайды.?й жануарлары адам?а к?п пайда келтіреді. Жыл?ы?а мінеді, оны арбамен шана?а жегеді, с?тінен ?ымыз ашытады.
Т?йеге ж?к артады. Сиыр мен ?ой адамдарды етімен с?тімен асырайды. Ит ?ас?ыр мен ?рыдан са?тап, ?ора к?зетеді. Осыларды? б?рі тегін ?ызмет етпейді. Оларды ?ызметі ?шін адам асырайды, ба?ады, ?ыс мезгілінде аяздан то?байтын жылы ?ора жасайды.
Енді балалар кім ?андай та?па? біледі?
Та?па?тар
1.Жыл?ы деген жануар,
??ша? жетпес жалы бар.
Бие ??лын тайы бар,
?ірімен жайылар.
2.Мен –?оразбын, ?оразбын!
Жал?аулармен аразбын.
Та?ды б?рын ?арсы алып,
Елді оятамын жар салып.
3.К?з еді,
Балдыр, жалбыз ?зеді.
Сол ж?згеннен сол ?йрек,
М?з ?ат?анша ж?зеді.
Сергіту с?ті:
?имыл ?оз?алыспен к?рсету(?нтаспадан ты?дау)
Жайлау суретіне назар аудару.
(Интерактивті та?таны ?олдана отырып, жайлау суретін к?рсету)
Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту:"?й жануарлары" МАД тобы»
Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап,
балалардың үй жануарлары туралы білімдерін
толықтыру. Жұмбақтарды шешу арқылы байланыстыра сөйлеуге
үйрету. Үй жануарлардың төлдері туралы айту. Үй
жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге , баулуға
тәрбиелеу.
Әдіс –тәсіл: Әңгімелеу , көрсету, түсінік беру, ойын, сұрақ- жауап.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта
Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты, алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз , жарқырайды даламыз.
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн! Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Өткен сабақты пысықтау:
Балалар өткен сабақта « Қасқыр , түлкі, әтеш» ертегісін тыңдадыңыздар. Бізге ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
Ертегі не туралы?
Ертегі қалай аяқталды?
Балалардың пікірлерін тыңдаймыз.
Жаңа сабақ
Түйенің дыбысы естіледі. Балалар біз ненің дыбысын есітіп тұрмыз?
Дұрыс, түйенің дыбысы.
-Қараңдаршы, бізге қонаққа кім келіп тұр? Түйе.
-Балалар түйенің әдемі қоржыны бар екен.
-Ал сол қоржында не бар екен,қарайық.
-Балалар, түйе бізге өз жұмбағымен келіпті.
Ондай болса тыңдайық:
-Қорада олар тұрады,
-Адамға пайдасы мол болады . (Шешуі:Үй жануарлары)
Балалар осы жұмбақтың шешуі , біздің бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы.
-Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
Түйе қоржынында « Қай жануардың дыбысы?» деген ойын ала келіпті. Сол ойынды бірге ойнайық.
Ойынның шарты: « Жануарларды дыбысынан ажырату» , үнтаспадан жануарлардың дыбысын тыңдатып , жануардың дыбысын тапқан кейін, суретін көрсетіп, сипаттау.
Балалар өз ойындағысын бір сөзбен емес, толық жеткізе білуін қадағалау.
Жылқы , түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді.
Сол үшін де оларды үй жануарлары деп атайды.Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбамен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады .
Түйеге жүк артады. Сиыр мен қой адамдарды етімен сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Оларды қызметі үшін адам асырайды , бағады, қыс мезгілінде аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды.
Енді балалар кім қандай тақпақ біледі?
Тақпақтар
1.Жылқы деген жануар,
Құшақ жетпес жалы бар.
Бие құлын тайы бар,
Үірімен жайылар.
2.Мен –Қоразбын, Қоразбын!
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятамын жар салып.
3.Күз еді,
Балдыр, жалбыз үзеді.
Сол жүзгеннен сол үйрек,
Мұз қатқанша жүзеді..
Сергіту сәті:
Қимыл қозғалыспен көрсету(үнтаспадан тыңдау)
Жайлау суретіне назар аудару.
(Интерактивті тақтаны қолдана отырып, жайлау суретін көрсету)
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Матматика пәнімен байланыстыру мақсатында дидактикалық ойын:
«Төлдерді сана» ойынын ойнау.
Ойын шарты:Көздерін жұмып, жануарларды ажыратып оны сипаттау.
Ән «Қошақан»
Сонымен балалар бүгін не туралы әңгімелестік?
-Дұрыс үй жануарлары мен таныстық, оларды аттарын атап өттік.
-Олардың бізге берер пайласы қандай екен?
-Оларға қандай қамқорлық көрсетеміз?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар сабақты жақсы көңіл күймен аяқтайды.
Балалар қараңдаршы түйе бізге не әкелген , сіздерге көп сыйлық алып келіпті.Балаларға сыйлық таратылады.