Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы ағаш»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларға қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерімен таныстыру, ауа-райының негізгі белгілерін білуге үйрету. Қыс мезгіліндегі ағашты таныстыру.
Коррекциялық: Балалардың сурет бойынша заттарды атай білу қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап,
Көрнекілік: Қыс мезгілінің, ағаштардың суреті.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тұрғыдан зейіндерін сабаққа дайындау;
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгінгі күн.
II. Өткен сабақты пысықтау:
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы. « Қар жауды»
Мақсаты: Бір қалыпты ерікті дем шығаруды қалыптастыру, ерін бұлшықеттерін белсендіру.
Нұсқау: Балалар қыс мезгілі деп ойлайық. Далада қар жауып тұр. Қане, қаршаларды үрлейік.
III. Жаңа сабақ: жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты таныстыру.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде, ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Қыста.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
- Күн салқын, қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.
- Қыс мезгілінде аспаннан не жауады?
- Қар.
- Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.
- Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.
- Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
- Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы. « Қар жауды»
Мақсаты: Бір қалыпты ерікті дем шығаруды қалыптастыру, ерін бұлшықеттерін белсендіру.
Нұсқау: Балалар қыс мезгілі деп ойлайық. Далада қар жауып тұр. Қане, қаршаларды үрлейік.
Дидактикалық ойын: «Қысқы ағашты табу»
Мақсаты: Шарты: Балаларға төрт жыл мезгілдерінің ағаштары көрсетіледі. Соның арасынан қыс мезгіліндегі ағашты тауып көрсетулері керек.
IV. Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар,
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар.
Дидактикалық ойын: «Тиістісін тап».
Шарты: балалардың алдында жасыл, сары жапырақтар мен ұлпақарлар болады.
Балалар қысқы ағашқа тиістісін тауып, ұлпақарларды ағашқа қояды.
V. Бекіту кезеңі: Тақпақ жаттау.
Қатар, қатар ағаштар
Көкке бойлап өседі
Аппақ болып бұтағы
Сәнге бөлер көшені
VI. Бағалау: Сабаққа қатысқан балаларды жеке-жеке мадақтау.
VII. Қорытынды:
Балалар біз бүгін не жайында әңгімелестік?
Не үйрендік?
Не жайлы түсіндік? деген жетекші сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.