Бағд.мазмұны: 1. Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету.
2. Нысандарды іріктеп және олардың арасындағы іс- әрекетті айтып берулерің, сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын толықтыру, зат есім, сын есім, етістіктерді қолдануды, мағыналы жауап берулерің дамыту.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Бағд.мазмұны: 1. Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету.
2. Нысандарды іріктеп және олардың арасындағы іс- әрекетті айтып берулерің, сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын толықтыру, зат есім, сын есім, етістіктерді қолдануды, мағыналы жауап берулерің дамыту.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Балалар айтыңдаршы мына өнімдер барлығы қандай жануарлардан алынады?
(балалар жауап береді)
(әуеннің дауысы шығады)
Балалар тыңдаңдаршы бір әуен естіледі, естіп тұрсыңдар ма?
Ендеше қолымызға сиқырлы дүрбірді алып, сол әуен жаққа қарайықшы не көріп тұрсыңдар?
(балалар: сурет көрмесің)
Тәрбиеші:
Балалар жерге қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
(бояу тамшыларын)
Мына бояуларды суретшілер тамызып алыпты, ендеше балалар сол тамған бояудың ізімен көрмеге барайық. Бәріміз мына бояудың бойымен тұрайқ.
Бүгін біз сендермен жасайтын іс- әрекеттеріміз- ой операциялары мен сиқыршыларға сүйенеміз.
Сонымен сиқыр басталады.
Бізге сиқыр жасау үшін не керек?
Әрине сиқырлы таяқша керек.
Сендердің алдарыңда картина берілген. Картинаға мұқият қараймыз.
Біз сендермен «үй жануарлар» картинасын қарастыратын боламыз.
Ойын «Дүрбі»
Мен сендерді сиқырлап тастаймын, сендер қазір барлық дүниені тек дүрбі арқылы көретін боласыңдар. Дүрбімен қарап отырып тек бір нысанды бөліп алып, сол туралы айтып беретін боласыңдар. Ол үшін бізге сиқыршылар келеді. Алғашқы келген сиқыршымыздың аты
« Бәрін бөл». Ол картинаны көп бөліктерге бөліп тастайтын болады.
Тәрбиеші:
Кәне енді кім нені бөліп алады?
Бала :
Мен сиқырды бөліп аламын.
Бала:
Мен ағашты бөліп аламын.
Бала:
Мен атты інін бөліп аламын.
Бала:
Бмен ешкіні бөліп аламын. Т.б
Тірбиеші:
Балалар барлық бөлінген нысандарды мен тақтаға қойдым, қараңдаршы қандай керемет болып шықты. Біз дүрбілеріміз арқылы көп нәрсені көрдік.
Енді келесі ойынды ойнатуға бізге басқа қонақ келді, оның аты «Бәрін қос» сиқыршысы.
Ол осы тақтадағы сендер бөліп қойған нысандарды өзара қосуға көмектеседі. Ол үшін біз мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын «Шеңберде не тұрады?»
Балармен тақтаға ілінген нысандарды өзара қосып, ойын арқылы достастырамыз.
Бала:
Сиқырды шөппен қосамын, өткенді ол шөпті жеп тұр.
Бала:
Ешкі мен суды қосамын, өткені ешкі су ішкісі келіп тұр.
Бала:
Бала мен суды қосамын, өткені бала малға су әкеледі.
Ал енді осы жануарлардың төлдері жайлы кім тақпақ немесе мақал-мәтелдер біледі.
Тақпақ, мақал- мәтелдер
Сергіту сәті
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секендемей , деміңді ал,
Селтендетпе құлағың.
Келесі ойнайтын ойынымызды тағы бір келен сиқыршы
«Бәрін естимін» өткізеді.
Қазір әр түрлі дауыстар шығады, сендер сол дауыс қай жануардың дауысы екенін тауып көріңдер.
(үнтаспадан жануарлардың дауысын тап)
Тәрбиеші:
Балалар үй жануарлар немен көректенеді?
Ендеше тірек сызба арқылы шөпті анықтайықшы.
Мына белгілерді атап шығайықшы?
(өсімдікті, өсу, иіс сезу, түс, пішін)
Шөп өсімдікке жата ма?
Шөп өсе ме?
Шөптің иісі бар ма?
Шөптің түсі бар ма?
Ең соңғы тапсырма мына өнімдерден қайсысы алынатынын сызбадан көрсетейік. Ол өнім жатпаса сызып тастаймыз.